1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы



бет2/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

2.XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорына» қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды.Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп , ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. «Қоныс аудару қоры» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион 11000
мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Столыпин реформасы бойынша шаруаларға өзіне тиесілі жер ұлесімен қауым құрамынан шығып ,жеке хутор құруға рұқсат етілді. Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Егер 1895-жылдары қазақ өлкесінің даалық облыстарына 294296 адам қоныстанса 1906-1910 жылдары олар саны 770 мың адамға жетт. 1897жылы дала өлкесінде орыстардың үлесі 20 пайыз болса 1917 жылы 42 пайызға жетті. ХХ ғасырдың басында қазақ өлкесінде тау кен өнеркәсібі дамыды, 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген. Тау-кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жүйесі де қалыптаса бастады. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. XX ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды кемір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Ісжүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды. Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді. XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жүмысшыларының әлеуметпк жағдайы ешбір сын көтермейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін бөліктерінде істеді. Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсілорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал­ жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет