3. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуы.
Қазақ ұлттық интелегенциясының қалыптасуы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде болды.Қазақстандағы ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы әртүрлі жағдайда жүрді, оның әлеуметтік құрамы мен саяси көзқарастары біркелкі болмады.
ХХ ғасырдың басында Қазақстанның ұлттық интеллигенциясы біртекті болмады, ол өзінің саяси бағыттары мен әлеуметтік негіздері бойынша үш топқа бөлінді: 1-іншісі демократиялық - Алаш қозғалысының белгілі зерттеушісі - профессор Аманжолов бұл топты либералдық-демократиялық деп есептеді.оның өкілдері Санкт-Петербург, Мәскеу және Ресейдің басқа да орталықтарында жоғары білім алған, көпшілігінде отаршылық әкімшілікте қызмет еткен және дәрігер, мұғалім, адвокат және т.б. ретінде жұмыс істеген, сұлтан, би, бай және ауқатты қазақ шаруалары отбасыларынан шыққандар болды. Ресей демократиялық идеалдары және Батыс еуропалық прогрессивті ойларының ықпалымен тәрбиеленген, басқа топтарға қарағанда, саны жағынан көп және жақсы ұйымдасқан бұл топ «Алаш» партиясының негізін құрады. Бұл топты Әлихан . Бөкейхан «Батысшылдар» деп атайды Бұлардың қатарында Байтұрсынов, . Тынышпаев, Шоқай, Ақпаев, Дулатов, тұрды.
Достарыңызбен бөлісу: |