Қазақ баспасөзінің қалыптасуы «Айқап» журналы 1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш “Айқап” ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған Мұхамеджан Сералин болды. Мұхамеджан Сералин “Қазақстанда демократиялық бағыттағы ұлттық журнал шығаруды бірінші болып жолға қойды. Сералинмен қатар, Қаратаев, Сейдалин, Торайғыров журналдың рухани жетекшілеріне айналды. “Айқап” журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін әуелгіде айына бір рет, ал сонан соң екі рет шығып тұрды. Барлығы 88 нөмірі шықты, таралымы 1000 данаға дейін жетті. Айқап” та жарияланған “Бізге не істеу керек?” деп аталған мақалада “Айқап” журналының бағдарламасы толық айқындалып жазылды яғни :
“ Отырықшылыққа көшу, қалалар тұрғызу, жерден қол үзбеу.
Мектептер мен медреселер ашу, білімді әрі мәдениетті болу.
Дін істерін өз қолына алу, өз мүфтиін сайлау. және тағы басқа