1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: себептері, қозғаушы күштері және барысы



бет11/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   126
Байланысты:
тарих ответы
1 trimester Unit 7, 1 trimester Unit 7, ДТ рефератт1
6.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: себептері, қозғаушы күштері және барысы.

Патшалық Рессейдің 1914-1918 жылдары бірінші дүние жүзілік империалисттік соғысқа қатысуына байланысты халықтың басына жаңа ауыртпалықтар түсті. Соғыс экономикалық жағдайды күрт нашарлатып, елдегі елдегі таптық қайшылықты шиеленістіріп жіберді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы құлдырап кетті, егіс көлемі кеміді, Жетісу, Сырдария обылыстарында жергілікті халықтан жерді тартып алу әрекеті толастамады. Азық-түлік екі есе, тіпті оданда көп қымбаттады. Салықтар мен алымдар 3-4 есе көбейді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: себептері отарлық езгінің күшеюі, жердің тартып алынуы, алым-салықтың көбеюі, бұқара жағдайының күрт нашарлауы болса Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына  Түркістан өлкесініңм және ішінара  Сібірдің  19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Оның негізгі қозғаушы күші, жергілікті ұлт шаруаларынан тұратын халық бұқарасы болды.Қозғалыс көпшілік аудандарда ұлт-азаттық сипатта блды. 1916 жылғы көтерілістің басшылары Торғай даласында-большевик Әліби Жангелдин мен Аманкелді Иманов, Орал облысында Сейітқали Мендешев, Ақмола даласында-Әділбек Майкөтов пен Сәкен Сейфуллин, Жетісуда-Тоқаш Бокин мен Бекболат Әшекеевтер болды Қозғалыс стихиялы, әр түрлі аймақтарда әр түрлі мезгілде басталды .Көтеріліс бүкіл Қазақстан территориясын түгел қамтыды, көтеріліс барысында 1916 жылғы көтерілістің екі ошағын ерекше айтамыз


1.Жетісу
2.Торғай
Жетісуда көтеріліс тарихын: 1) шілде – стихиялық наразылық көріністер, 2) тамыз – оның қарулы көтеріліске ұласуы, 3) қыркүйек-қазан көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады. Жетісуда ұлт-азаттық көтерілістер Жаркент уезіне қарасты Қызылбөрік, Шелек, Меркі болыстарында, Қарқара және Асы жайлауларында, Нарынқол-Шарын бөлімшесінде Верный уезіндегі Қорам, Ұзынағаш, Жайылмыс болыс­тарында, Жетісу облысына қараған Лепсі және Қапал уездерінің кейбір болыстарында болды. 1916 жылғы Жетісуда болған ірі көтерілістің бірі Қарқара аймағындағы Ереуілтөбеде блды, ол тарихта Қарқара көтерілісі деп аталады, патша үкіметінің құжаттарында Албан көтерілісі деп атайды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916жылы 9 тамызда көтеріліс біртіндеп Шу өңіріне Меркі ауданына ауысты. Көтеріліс басшысы Ақкөз батыр болды. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды. 
Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Тоқаш Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді.Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді. Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды. Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917 ж. 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді. Патша өкімет орындары қудалаған 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың байырғы тұрғындарының төрттен бірі Қытайға қашуға мәжбүр болды.
Торғай обылысындағы көтерілістің мынадай ерекшеліктері болды. Көтеріліс оқиғаларына бір орталықтан басшылық жасалды,көтерілісшілер саны көп болды, қамтыған аумағы аса үлкен болды,көтерілісшілер қарсылығы ұзаққа созылды, көтеріліске шыққандар әскери өнерге үйретілді. Көтерілісшілерге халық батыры Аманкелді Иманов, Әбдіғапар Жанбосынов пен большевик Әліби Жанкелдин басшылық етті. Торғай обылысының Торғай, Ырғыз,Ақтөбе,Қостанай уездері түгел көтерілісшілерге қосылды.Көтерілісшілер саны 50мыңға дейңн жетті. 1916жылы 21 қарашасында 13 болыс өкілдерінің құрылтайында Әбдіғапар Жанбосынов Торғай уезінің ханы болып сайланды,Амангелді Иманов бас қолбасшы сардарбек болса ,Әліби Жангелдин көтерілісшілердің рухани көсемі болды. Мерген Кейкі Көшкінбаев басқарған мергендер тобын құрды. Әбдіғапар Жанбосынов пен Амангелді Иманов әскери тәртіп орнатып оларды ондықтар,жүздіктер,мыңдықтарға бөліп әрқайсысына басшыларын тағайындады. Көтерілісшілердің әскери кеңесі құрылып арнайы тағайындалған адамдар көтерілісшілерді азық түлікпен,көлікпен, қару жарақпен қамтамасыз етті. Көтерілісшілер бақылауындағы аудандарда көтерілісшілер басқаратын азаматтық билік орнады.
1916 жылы 22 қазанда Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған генерал А.Лаврентьевтің 9 мын адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабы орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. Көтерілісшілер Татырда, Ақшығанақта ,Доғал Үрпекте ,Күйікте патшаның жазалау отрядтарымен ерлікпен шайқасты. Оның ең жойқын болған жері Батпаққара ауданы, өйткені көтерілісшілер штабы осында еді. Торғайдағы көтеріліс Ақпан төңкерісіне дейін созылып жеңіліспен аяқталды. Патша әскерлері көтерілісті қаталдықпен басып-жаншыды, көптеген көтерілісшілер мен бейбіт халық қырғынға ұшырады.



  1. 1916 жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы, көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы.

Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығы мен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ: ауылдың феодалдық- байшыл билеуші тобы мен жергілікті экімшіліктің белгілі бөлігі патша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзеге асырушылар болды; қазақ интеллигенциясының радикалды батыл іс-қимылға бейім өкілдері (мысалы, Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, Т.Рысқұлов, Ә.Жангелдин, С.Меңдешев, Б.Алманов, Ә.Жүнісов т.б.) халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты. Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты либерал-демократиялық зиялылар өкілдерінің жетекшілері халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, оны орындамаған жағдайда қазақтар қантөгіске үшырауы мүмкін деп санады жэне осыған байланы­сты үлкен алаңдаушылық білдірді. «Алаш» қайраткерлері халықты жаңа аласапыраннан қорғаштап, қайткен күнде оны аман сақтауға тырысты. Сондықтан да олар қарулы көтеріліске қарсы болып, қазақтарды патша жарлығын орындауға шақырды. Біріншіден, олар Ресейге төнген сыртқы қатердің бодан болып отырған қазақтарға да толық қатысы бар деп санады. Бүдан сырт қалуға болмайды,— деп есептеді. Екіншіден, ic жүзінде қарусыз қазақтардың түрақты орыс армиясына қарсы бас көтеруін болдырмауға талпынды. Қарусыз халық өкіметтің жа­залау шараларының қүрбаны болады деп қауіптенді. Үшіншіден, соғыс Ресей үшін жеңіспен біткен жағдайда қазақтардың хал-күйі жеңілдеп, ұлттық автономия қүрылатынына үміт артты. Империя- мен ақылға қонымды келісім тактикасын ұстанып, халқының аман болуын бірінші кезекке қойған «Алаш» көсемдері тыл жұмыстарына шақыруды кейінге қалдыра тұрып, тиісті әзірлік жүмыстарын жүргізуді ұсынды. Көтеріліс барысында орын алған қанды қырғын, жүздеген мың адамдардың қаза табуы бүлардың қауіптерінің негізсіз еместігін дәлелдеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет