11. Екiншi бүкiлқазақ съезi және Алашорданың құрылуы. Бұл съезд Ресейде қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Екінші жалпықазақ съезі — 1917жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өтті. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов Міржақып Дулатов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты. Сьездің төрағасы —Бақтыгерей Құлманов болды.Сьезд жұмысына Орал,Торғай,Ақмола,Семей,Жетісу,Сырдария облыстарынан және Бөкей ордасынан, Самарқанд облысы мен Алтай губерниясынан 81 делегат қатысты. Екінші жалпықазақ съезі нің күн тәртібінде мынадай мәселелер енгізілді.
Сібір автономиясы ;
Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;
Қазақ-қырғыз автономиясы;
Милиция туралы;
Ұлт кеңесі;
Ұлт қазынасы;
Мүфтилік мәселесі;
Халық соты;
Ауылды басқару және
Азық-түлік мәселесі.
Қазақ автономиясы туралы баяндаманы Әлихан Бөкейханов жасап баяндама және автономия құру мәселесі ерекше комиссия қарауына жіберіледі. Қазақ автономиясы, милиция және Ұлт кеңесі мәселелерін қарауға жеті кісілік комиссия құрылады. Құрылған комиссия атынан Халел Ғаббасов автономия, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама жасайды.