1917 жылы қазанда кеңес үкіметінің орнауы биліктен кеткен таптардың қарсылығын тудырды. Азамат соғысы —мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізген қарулы күресі. Азамат соғысы 1918жылы жазында басталып 1920 жылы аяқталды. Бұл соғыста екі тап өкілдері бір біріне қарсы соғысты. Олар қызыл армия большевиктер яғни кеңес үкіметін құрушылар және меншивиктер ақ гвардияшылдар немесе меншевиктер уақытша үкімет пен патша үкіметін жақтаушылар,оларды сондайақ алашорда мен казактар қолдады. Кеңеске қарсы топтар Орынбордан басқа Жетісу мен Оралда топтасты.Азамат соғысы ұзаққа созылып, шиеленісіп кету себебі Кеңес үкіметіне қарсы күреске шет елдер көмектесіп елдің ішіндегі төңкеріске қарсы күштерге дем берді.1918 жылы 25мамырда Антанта елдерінің көмегімен Сібірдегі чехословак корпусының (30 мыңдай соғыс тұтқындарынан құралған корпус) офицерлері бүлік шығарды. Олар іштегі төңкеріске қарсы күштермен бірігіп, Новосибирск, Челябинск, Томск, және Омбы, Атбасар, Павлодар, Қостанай, Семей қалаларын басып алды.Атаман Дутов 1918 жылы маусымда Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Алашорда үкіметі Орынбордағы Дутовпен, Омбыдағы Колчак басқарған Сібір уақытша үкіметімен, Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен одақтасып, Кеңес үкіметіне қарсы шықты.1918 жылы тамызда Семей қаласында бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. Дутовқа қарсы барлық әскери қимылдарға жетекшілік еткен төтенше комиссар П. Кобозов болды. 1918 жылы қарашада генерал Колчак армиясы Жетісу бағытында операция бастап, атаман Анненков дивизиясы Жетісуды шабуылдады.1918 жылдың жазында Кеңес елі үшін ең басты Майдан – Шығыс майданы болды. Шығыс майданының жағдайы қиындауына байланысты 1918 жылы 2 маусымда Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлімдері кейін шегінуге мәжбүр болды. Осыған байланысты 1918 жылы шілдеде Ақтөбе майданы құрылды. 1918 жылы шілде айында Жетісу майданы құрылды.Сөйтіп, 1918 жылдың жазында ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында, Батыс Қазақстанда құрылды. Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде Чурин, Ж. Сәрсеков, В. Жәнекешевтер болды. 1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ә. Жангелдин мен А. Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын кіші командирлер даярлайтын оқу тобын, пулеметшілер тобын, Ырғыз қаласында тағы бір атты әскер эскадронын құрды. 1920 жылы Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау жарияланып мамырда 19 – 35 жастағы орыс емес ұлттардың 25 мың өкілі армияға шақырылды. Ә. Жангелдиннің экспедициясы Ақтөбе майданына қару – жарақ пен оқ – дәрі жеткізуде маңызды роль атқарды. 1919 жылы 22 қаңтарда Орынбор азат етілді, ал 1919 жылы 26 қаңтарда Орал қаласы жау шебінен босатылды. 1919 жылы көктемде Антантаның Кеңес еліне қарсы біріккен жорығы басталды. 1918 жылдың аяғында Дутов, Анненков, Колчак топтарына қарсы партизан соғысы өрістеді. Партизандық астыртын жұмысты ұйымдастырушылар: Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, Ә. Майкөтовтер болды. Солтүстік Жетісуда партизан соғысы кең өріс алды. Мұндағы қорғаныс орталығы Черкасское селосы болды. Черкасск қорғанысы 1918 жылдың маусымынан 1919 жылдың қазаң айына дейін созылды, яғни партизандар атаман Анненков тобына 13 ай бойы тойтарыс берді. Черкаск қорғасының тарихи маңызы: - Колчакшылардың Жетісуға шабуылы тоқтатылды; - Сібір контрреволюциясының Орта Азия контрреволюциясымен бірігуіне жол берілмеді. Партизан қозғалысының ең ірі орталығы Атбасар уезінің Мариновка қонысы болды, командирі Н.М. Ирченко. 1919 жылы көктемде партизандар колчакшыларға қарсы шабуылдады. Мариновкаға қосымша жазалау бөлімдері жіберіліп, партизандар шабуылы тоқтатылды. Семей облысын ақ гвардияшылардан азат етуге құрамында 200 қазақ бар «Алтайдың қызыл тау қырандары» атты партизан полкі көмектесті. Қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді. 1919 жылы қолбасшы М.В. Фрунзе бастаған Қызыл әскер топтары Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал Чапаев бастаған топтар оңтүстік – батыс аудандарда соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді. Нәтижесінде Оңтүстік топ әскерлері (қолбасшы М.В. Фрунзе) Уфаны азат етті, ал Чапаев дивизиясы 1919 жылғы 25 шілдеде Оралды жау қоршауынан босатты, 1919 жылы жазда Қызыл Армия Челябіні азат етті. Осыдан кейінгі міндет – Орал мен Орынбор облыстарын азат ету Түркістан майданының 1 және 4 армияларына жүктелді. Бірінші армия колчакшыларға қарсы Ақтөбе бағытында шабуылдады. 1919 жылы қыркүйекте бірінші армия Ақтөбе майданымен Мұғалжар станциясында түйісті. Нәтижесінде Түркістан Орталық Ресеймен қайта қосылып, Ақтөбе майданы жойылды. Орал облысын азат етуге төртінші армия мен 25-ші В.И. Чапаев дивизиясы жіберілді Үлбішін түбіндегі шайқаста В.И. Чапаев және бригада басшысы Садық Уәлиев қаза тапты.Ал 1919 жылы қарашада Қызыл Армия Үлбішін мен Жымпитыны азат етсе, осы жылдың соңында Орал облысы ақ гвардияшылардан толық азат етілді. Сөйтіп, 1920 жылы қаңтарда Орал майданы жойылды. 1919 жылы күзде Шығыс майданының бесінші армиясы қолбасшысы М.Н. Тухачевский Солтүстік және Шығыс Қазақстанды азат етіп, Петропавл, Ақмоланы жаудан босатты. 1919 жылы қарашада Семейде Колчак үкіметі құлатылып, Кеңес үкіметі қайта орнады, ал 1920 жылы наурызда Семей облысы түгел азат етіліп, Жетісу майданы жойылды. 1920 жылғы маусымда Верныйда контрреволюциялық бүлік ұйымдастырылып, Верный бекінісін жаулап алды. Қызыл армияның күшімен бүлік тоқтатылды. 1920 жылы наурызда азамат соғысының қазақ жеріндегі ең соңғы майданы – Солтүстік Жетісу майданы жойылды. 1920 жылы Қызыл Армия Колчак әскерін талқандап, Колчак Иркутск ревкомының үкімі бойынша атылды. Азамат соғысының салдарлары: 1. Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты. 2. Мал саны күрт азайды. 3. Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады.