1930 жылы 7 ақпанда Сырдария округінің Созақ ауданында орын алды. Көтерілісті ұйымдастырушы ретінде байлар, молдалдар, ишандар етіп көрсетілген.
Сарбаздар (ырғыз) көтеріліci- сталиндік-голощекиндік зорлық- зомбылыққа, қуғын-сүргінге қарсы Ақтөбе окрунінің Ырғыз ауданының шаруаларының бас көтеруі. Көтеріліс 1930жылы 25 ақпанда басталды. Наразылыққа қатысушылар ақпан айында белгілі діндар Мұқатпй Саматов мешітінде жиналыс өткізіп, АЛЛАға сыйынып өз орталарынан Қанаев Айжарқында хан сайлайды. Көтерілісті басу үшін Волга бойы әскери округіне Саратов қаласынан подполковник Евсеев басқарған 8 аты әскер дивизияб өлімдері шақыртылды. Орынбор арқылы темір жолмен келіп жеткен, пулеметтермен қаруланған жазалаушылар ен далада көтерілісшілерді қуалай атып, қанға бөктірді. Шешуші шайқас 1930 жылы 9 наурызда Күнқамыс деген жерде болып, онда төңкеріс басшысы хан Айжарқын Қанаев және оның 35 серігі мерт болды. Бірнеше жүздеген көтерілісшілер құрбан болды. 131 көтерілісші қолға түсті. ОГПУ-дің Ерекше үштігі көтерілісшілерді белсенді түрде жазалады. Жазалау 1930жылдың шілдесінен 1932 жылдың наурызына дейін созылды. Нәтижесінде барлығы 42 адам ату жазасына кесіліп, 262 адам әр түрлі мерзімге сотталды және жер аударылды.