Ишан Ақмырза Тасов ұйымдастырған көтеріліс 1930 жылың наурыз айында Қазалы ауданында Қареке жерінде болған. Көтеріліс 14 наурызда Қараке жанындағы Ақмырзаның мешітінде басталды. Қақтығыс нәтижесінде көтерілісшілерден 170 адам, жазалаушылардан 4 адам өліп, одан әрі жалғасын тапқан. Сырдарияның сол жағалауындағы құм ішінде Ақмырза 107 адамымен қызылдармен шайқасып қаза тапты. Үкімет тарапынан 10 адам өлім жазасына кесіліп, 41 адам 10 жылға түрмеге жабылып, өзгелері әртүрлі жазаларға тартылды
Гурьев (Атырау) округінің Маңғыстау өңірінде 1931 жылы Кеңес үкіметіне қарсы бірнеше бас көтерулер орын алды .
Көтерілісті ұйымдастырушылардың басында Қошанов Құрмаш, Оразбаев Естұрған, Өмірбаев Айзақ секілді адамдар болды. 1931 жылдың 16 сәуірінде, 7 шілдесінде, 15 сәуірінде, 20 сәуірінде, 26 сәуірінде, 23 маусымында, 24-25 маусымында, 9 шілдеде Маңғыстау өңірінде болған көтеріліс кезінде көптеген адамдар жазаланып, өлім жазасына кесілді. Тұтқынға түскендер де әртүрлі жазаға тартылды
Достарыңызбен бөлісу: |