26.Қазақстандықтардың 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы ірі шайқастарға қатысуы және жанқиярлық ерліктері. 1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде енді. Шабуыл жасаспау туралы 1939 жылғы . 23 тамыздағы Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді.1940 жылдың 18 желтоқсанында Гитлер КСРО-ға басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германияның әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзім 3-4 ай ішінде КСРОны басып алып «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді. 1941 жылдың 22 маусымында таңғы сағат 4 те фашистік Германия КСРО-ға тиесілі Брест қамалына (Беларусь) шабуыл жасаған соң, Ұлы Отан соғысы басталды.
Ресми дерек бойынша 1941 жылы Брест қамалын 7 000 сарбаз қорғаған. Оның 1 мыңға жуығы Қазақстаннан барған жауынгерлер болған. Олардың арасында Тұрдиев,Фурсов,Әбдрахманов пен Жұматов және тағы басқалар болды.1965жылы Брест қамалына қаһарман қамал деген ат берілді.