1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМ, Әдебиет , ӨНЕРДІҢ ДАМУЫ



бет46/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

30. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМ, Әдебиет , ӨНЕРДІҢ ДАМУЫ.
Қазақстанның ғылыми потенциалы Ұлы Отан соғысы жылдарында едәуір өсті. Бұл ең алдымен көшіріп әкелген аса ірі ғалымдар мен ғылыми мекемелердің республикада уақытша тұруымен байланысты еді. Соғыс жылдары республика жоғары оқу орындарының 130-дай оқытушысы ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми дәрежелерін алды, КСРО Ғылым академиясы Қазфилиалының жеті жаңа институты құрылды. 1945 ж. Қазфилиалдың құрамында 15 институт, 7 сектор, КСРО Ғылым академиясының 6 академигі, мүше-корреспонденті, 60 ғылым докторы мен профессор, 140-тан астам ғылым кандидаты болды. Қазфилиал 350-ден астам экспедициялық топтар ұйымдастырды, олар Қазақстанның табиғи байлықтарын майдан мұқтажына жұмылдыруға лайықты үлес қосты.Майдан қажетіне байланысты сирек металды зерттеу ісінде Қ.И. Сәтбаев көп еңбек сіңірді. 1942 жылы Қ.И. Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарын зерттеу еңбегіне байланысты Мемлекеттік сыйлық берілді. Соғыс жылдарында экономиканы соғысқа бейімдеу мақсаты мен ҚСРО Ғылым академиясы жанынан «Орал, Батыс Сібір, Қазақстан ресурстарын қорғаныс қажетіне жұмылдыру жөніндегі комиссия» құрылды.Комиссия құрамында А.А. Байков, В.Л. Комаров,В.К. Обручев сияқты ғалымдар болды. Сонымен қатар Қазақстан жерінде Л.С. Берг, С.Н. Бернштейн, Н.Д.Зелинский, Л.И. Мендельштан, А.Н. Бах т.б. академиктер жұмыс істеді. Академик А.С. Орлов соғыс жылдарында орысша-қазақша сөздік құрастырып, «Батырлар жыры» атты еңбек жазды. Алматыға майдан өңірінен 20-ға жуық ғылыми-зерттеу мекемесі көшіріліп жұмыс істеді.
Қазақстанда орналасқан Москва авиация,алтын және түсті металдар институттары , Киев университеті ерекше екпінді еңбек етті. Соғыс жылдарында Қазақстанда жоғары оқу орындары: Алматы шет тілдер институты,Шымкент, технология институты, дене шынықтыру институты ашылды.
1941 жылы Қазақстанға « Мосфильм», Ленфильм» киностудиялары көшіріліп әкелінді. Бұл киностудиялар Алматы киностудиясымен бірігіп, екі жыл ішінде 23 кинокартина түсірді. Олардың ішінде «Партизандар», «Екі жауынгер», «Георгий Сакадзе» сияқты танымал кинокартиналар бар. Соғыс жылдарында Алматыда актерлерді даярлайтын бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институты жұмыс істеді. Киностудиялар М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. жазушылардың көмегімен «Абай әндері», «Жауынгер ұлы», « Саған майдан», «8-гвардиялық», сияқты картиналарды түсірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет