1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді



бет44/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:
1.1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;
2.1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Мәскеу, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.
Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украинадан Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.
Қазақ КСР-не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.
Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркәсіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200-ге жуық шахтер, 2000-дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер-техниктер саны 700-дай болды.
Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85%-ын, көмірден 18%-ын, молибденнің 60%-ын, октанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.
1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий -Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Соғыс жылдыры салынған құрылыстар:Мақат — Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной аралы — Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі т. б.Соғыс кезеңінде ауыл шаруашылығындағы жағдай төмендеді. Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мыңға кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940 жылғы 48%-дың орнына 1942 жылы 75% -ға жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер болды. Бүкілодақтық социалистік жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз-келіншек қатысты.1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. 1943 жылы 775 мың га жаңа жер алқаптары егістікке арналды. Сөйтіп, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару-жарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.

  1. 1941 – 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы партизан қозғалыстарындағы қазақстандықтардың ерлігі.

Қазақстандықтар соғыс жылдарында партизан қозғалысына да белсене қатысты. 1941 жылы KCPO Oрталық Атқару Комитеті мен БКП(б) Орталық Комитетінің -нің 1941 жылдың 29 маусымындағы дерективасында жау басып алған аумақтарда жау армияларының бөлімшелерімен күресу үшін партизан отрядтарын құру көзделді. Осы жылдың 18 шілдесінде БКП(б) OK "Германия әскерінің тылында күрес үйымдастыру" туралы қаулы қабылдап, партизан қозғалысын үйымдастырды. 1941 жылдың жазынан бастап жау тылында жабдықтала бастаған партизан ұйымдарықүрамындағы жауынгерлер саны 1943 жылдың соңында 1 миллионға жетті. Украина аумағындағы пар­тизан бірлестіктерінде 1500 қазақстандық жаумен шайқасты. Атап айтсақ, Шукаевтың партизан отряды қүрамында 79 қазақ, ¥лы Отан соғысының Батыры.Ковпактың партизан отрядында 70 қазақстандық болды. Ленинград облысы аумағындағы партизан бірліктері қүрамында 220, ал Белоруссия аумагында 1,5 мыңға тарта қазақстандықтар жаумен шайқасты. 1941 жылы Киев об­лысы, Македон селосында жасырын партизан орталығы қүрылады. Бүл орталыққа соғысқа дейінгі жылдары Павлодар облысында оқытушы қызметін атқарған Қасым Қайсенов коммунистік жолдамамен жіберіледі. Қасым Қайсеновпен қатар Укра­ина аумағында Қызылордадан — Байдаулетов, Шым­кент облысынан — Ж.Омаров, алматылық — А.С.Егоров жэне т.б. қазақстандықтар эртүрлі партизан қүрылымдары қатарында шайқасты. Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қасым Қайсеновке "Халық Қаһарманы" атағы берілді.



Белоруссия аумағын жаудан азат етуге де қазақстандық парти­зандар үлкен үлес қосты. Тек 1941 жылы Брест облысындағы Старосельск орманында 9 қазақстандық партизан И.А.Ерещенко, К.Темірханов, Е.Балабеков, Т.Жүмабаева және тағы басқалар болды. Смо­ленск облысында қүрылған партизан бірлестіктерінің қүрамы 45 үлт өкілінен түрды. Соның ішінде 2-Кляжнянск партизан бригадасында 19 партизан болса Смоленск облысында қазақстандық партизандар А.Шарипов, Ж.Ағадилов, И.Өтебаев, М.Мүқанов, А.Төлегенов, Қ.Ахметов ерлікпен көзге түсті.

Соғыстың соңында жылдары орталық партизан штабының шешімімен тәжірибелі партизандарды шетел мемлекеттері аумағын аттандырды. Оларға партизан отрядтарын үйымдастыру тапсырылды. Осы мақсатпен Қ.Қайсенов Румыния мен Чехословакияны, ал А.С.Егоров Словакияны, С.О.Төлешов, Польшаны жаудан азат етуге ат салысты. Соңғы мәліметтерге сай, тек Фран­ция, Бельгия, Италия аумақтарындағы партизан құрылымдары қатарында 180 қазақстандық болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет