1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Қазақстандықтар шетел мемлекеттеріндегі



бет42/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

Қазақстандықтар шетел мемлекеттеріндегі қарсыласу қозғалысына да қатысты. Олардың қатарында кеңес одағы батыры атағын алған Құсайынов,Егоров және тағы басқалар болды.
1945жыл 16 сәуір мен 2 мамыр аралығында Берлин операциясына да Қазақстандықтар қатысты. Григорий Булатов Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Қазақстандық Рақымжан Қошқарбаев болды .Қошқарбаев "Жауынгерлік Қызыл ту" орденінің иегері болды. 2001 жылы "Халық қаһарманы" атанды. Берлин операциясы кезінде Сағадат Нұрмағамбетов қатысқан ұрысты Кеңес одағының маршалы Жуков бақылапты. Ол Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес одағының батыры атағын беруге ұсынады.
1945 жылдың 27 ақпанында 21 жасында Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес одағының батыр атағы беріледі. 1992 жылғы 7 мамырда Сағадат Нұрмағамбетов Қазақстанның қорғаныс министрi болып тағайындалды.

Қазақ қыздарыда ұлы отан соғысында ерлік көрсетті.Мерген Әлия Молдағұлова Нева өзені бойындағы ұрыста ерлікпен қаза тапса пулеметші Мәншүк Мәметова Невель қаласы үшін болған шайқаста қаза тапты. Екеуіне де кеңес одағы батыры атағын берді.Атыраулық Хиуаз Доспанова қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқыш 300 рет жауынгерлік тапсырма орындап 4 рет жараланып Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен наградталды. Хиуаз Доспанова Солтүстік Кавказ, Кубан, Қырым, Украина, Германияны жаудан азат еткен .2004 жылы Ұлы Отан соғысына қатысқан жалғыз ұшқыш қазақ қызы Хиуаз Доспанованың ерлігі бағаланып халық қаһарманы атағы берілді. Хиуаз Доспанова 2008 жылы өмірден өтті.


Соғыс жылдары кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды. Әрбір бесінші қазақстандық соғыс майданына аттанды Оның 601 мыңы туған жерге оралған жоқ. 100 000-нан астам отандасымыз жауынгерлік ерліктері үшін медаль-ордендермен марапатталды.
500 ден астам қазақстандық Кеңес одағының батыры, 100-ден астам адам "Даңқ" орденінің иегері атанды. Қазақстандықтар арасында алғаш болып бұл атақты танк әскерінің генерал-майоры, павлодарлық Кузьма Семенченко (1941 жылдың 22-маусымында) алды.

Ал қазақстандық 4 ұшқыш: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский "Кеңес Одағының батыры" деген құрметті атаққа 2 мәрте иеленді. Үш мәрте кеңес одағы батыры атағын алған Иван Кожедуб Шымкенттегі авиация училищесінің түлегі болды.


Правда газетінде 1943 жылғы 18 қарашадағы нөмірінде Эльтигендегі (Керчь қаласы маңы)десанттар құрамын марапаттау туралы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы жарияланып, 34 солдат пен офицерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе олардың ішінде Атыраулық Қайырғали Смағұловта болды.
Солақай саясаты салдарынан ұзақ жылдар бойы Ұлы Отан соғысы тарихында капитан Н.Гастелло экипажының жасаған ерлігі 1941 жылы 26 маусымда соғыстың бесінші күнінде-ақ аңызға бергісіз батырлық болып жазылып келді. Ал шын мәнісінде араға 56 жыл салып барып Белоруссия және Ресей тарихшылары мен заңгерлерінің еңбегінің арқасында бұл тарихи ерлікті Гастелло басқарған экипаж емес, құрамында қазақ жауынгері Бақтораз Бейсекбаев бар капитан А.Масловтың экипажы жасағандығы анықталып, оларға Ресейдің батыры атағы берілді.1998жылы Бақтораз Бейсекбаевқа халық қаһарманы атағы берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет