Мәскеу шайқасы-1941жылдын 30 қыркуйегі мен 1941жылдың 6 желтоқсанда аралығында болды.Мәскеуді қорғауда Алматы қаласында жасақталған 316 атқыштар дивизиясы ерекше көзге түсті. Оны генерал-майор И. В. Панфилов басқарды. Панфилов қаза тапқаннан кейін оның жауынгерлерін «панфиловшылар» деп атады. Осы шайқаста 16 желтоқсанда болған 28 панфиловшылардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Жаудың алғаш 20, одан кейін 30 танкісін қалаға жібермей 4 сағат бойы ұстап, 28 панфиловшылар ерлікпен қаза тапты. Осы ротаның жетекшісі В.Г. Клочковтың: «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда Мәскеу» деген жалынды сөзі бүкіл майдан даласына, кейін бүкіл елге рух берді. Осы 28 панфиловшылардың барлығына 1942 жылы 21 шілдедегі Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді Нарсұтбай Есболатов,,Қожабергенов Әлиасқар , Әлікбай Қосевтар болды
Мәскеу үшін шайқаста біздің еліміздің батыры, аға лейтенант Б. Момышұлы басқарған батальион жауынгерлері үлкен ерлік көрсетті. Бауыржан Момышұлы 200-ден астам ұрысқа әскерді өзі бастап кірген. Бес рет қоршауда қалып, оны бұзып шыққан. Жеті рет жарақаттанған, үш рет контузия алған. 45 жыл бойы батыр атағына екі рет ұсынылса да берілмеді. Оған қоса соғыстан кейін Мәскеудегі Жоғары әскери академияда 5 жыл қызмет етіп, 13 жыл генералдық қызмет атқарды. Осыған қарамастан, Жоғары әскери билікке араластырылмайтын ұлттың өкілі екендігі есепке алынып, оған генерал шені берілмеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың араласуымен 1990жылы Бауыржан Момышұлына Кеңестер Одағының Батыры атағы
Мәскеу үшін шайқаста автоматшылар ротасын басқарған Мәлік Ғабдуллин тобы Бородино селосын 7 сағат ерлікпен қорғады. Мәскеу түбіндегі шайқаста Төлеген Тоқтаров кеңес одағы батыры атағын алды. Қатардағы автоматшы Рамазан Иманов Амангелді батыр ұлы 1941 жылдың күзінде Мәскеу түбінде он үш фашистің көзін жойып, ерлікпен қаза табады.