Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993жылы 14 сәуірде “ Жаппай саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтау туралы” Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы шығып, соған сәйкес 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні болып жарияланды. Қазақ АКСР-нің одақтас республикаға айналуы.
1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның екінші Конституциясы қабылданды осы конституцияның 13 бабына сәйкес Қазақ АКСР субект дәрежесіне көтеріліп, Одақтас Республикаға айналды. Ал одақтас Республиканың Конституциясыз болуы мүмкін емес. Осыған байланысты 1936 жылғы маусым айында республика Орталық Атқару Комитетінің президиумы Қазақ КСР Конституциясының жобасын дайындау үшін комиссия құрды. 1937 жылдың 9 ақпанында «Социалды Қазақстан» газетінде Қазақ КСР кеңестерінің Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің төрағасы Құлымбетов, Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің хатшысы Жұмабаевтың қатысуымен өткен Х бүкілқазақтық съезінің қарауына беру үшін Қазақ КСР орталық Атқару Комитеті президиумының Қазақ КСР Конституциясы туралы қаулысы бойынша Қазақтың кеңестік социалистік республикасының конституциясы жобасының мәтіні жарияланды.1937 жылдың 21-26 наурыз аралығында өткен Кеңестердің Х бүкілқазақтық съезінде, заңды түрде Қазақ КСР-нің нағыз бірінші Конституциясы қабылданды.Бүкілқазақ Кеңестерінің Х съезінде 1937 жылғы 26 наурызда Конституциясымыз 11 тараудан және 125 баптан тұрды.Бұл Конституция 1978 жылға дейін қолданыста болды. Себебі сол жылы КСРО-ның үшінші Конституциясы қабылданған болатын.1938 жылдың 24 маусымы күні алғаш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайланды. Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасындағы мемлекеттік биліктің бір палаталы ең жоғары органы болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың қарауына жатқызылған барлық мәселелерді шешуге құқылы болып, әрі оған республика аумағында жоғары заң шығарушы орган ретінде заң шығарудың бүкіл өкілдік билігі жүктелді. Оның құзырына Қазақ КСР Конституциясын, шаруашылық құрылыстағы, экономикалық, әлеуметтік-мәдени өмірдегі алуан түрлі мәселелер бойынша заң қабылдау және өзгерту, үкімет құрамына және Конституцияға өзгерістер енгізетін барлық жарлықтарды ресми түрде бекіту өкілеттігі берілді. Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР-нің экономикалық және әлеуметтік дамуы жөніндегі мемлекеттік жоспарларын, мемлекеттік бюджетін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітті.1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заң қабылданды. Осы заңға сәйкес жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды.
1920-1930-жылдардағы Кеңестік Қазақстандағы сауатсыздықпен күрес, білім беру жүйесінің қалыптасуы.
1920жылдары бейбіт өмірге көшу жағдайында сауатсыздықты жою, кадрлар даярлау, бұқара халықтың мәдени деңгейін арттыру қажеттілігі туындады.