|
Уақыты:21.09.2017ж
|
Сыныбы :4 «В»
|
Мұғалім: Қаналы Г
|
Тақырыбы:
|
Батырлар жыры.Жекпе-жек «Ер Тарғын жырынан үзінді»
|
Мақсаты:
|
1.Оқушыларға батырлар жыры туралы жан-жақты түсінік беру.
2.Елін қорғау,Отанын, халқын сүйген батырлар жырының басты қасиеттері екендігін оқушыларға ұғындыру.
3.Ер Тарғынның ел намысын ту етіп,елін қорғау үшінқиындыққа төзе біліп,жауын жеңетіндігін түсіндіру.
4.Ой дамыту; әр түрлі стратегиялар арқылы ойлау қабілетін,ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып қоршаған ортаның жануарлар тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгереді, бір біріне сұрақ қойып, жауап беруге дағдыланады, топтық, жұптық жұмыстарда белсенділіктері артады,алған білімдерін тиянақтап, пысықтап, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады. Тақырыпты меңгере отырып, ізденімпаз болады және сөздік қоры молаяды.
|
Әдіс-тәсілдер:
|
СТО модулін пайдаланып миға шабуыл стратегиясын пайдалану.Қаламсап стратегиясы. Жаңа әдістер, сұрақ жауап, оқу үшін бағалау және оқуды бағалау,жеке жұмыс.
|
Ресурстар:
|
Сабақта пайдаланған көрнекіліктер: ватман,қағаз, маркер,батырлардың,Ер Тарғынның суреттері,батырлар жыры туралы көрме,үнтаспа,карточкалар т.б интерактивті тақта.
|
Қолданылатын материалдар:
|
А/4 парағы, батырлардың суреттері,маркер,смайликтер,стикерлер
|
Психологиялық ахуал
|
|
|
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Психологиялық дайындық
3.Топқа бөлу
1 топ: Бөгенбай батыр
2 топ: Қабанбай батыр
3 топ: Алпамыс батыр
4 топ: Ер Тарғын батыр
|
Оқушылар шеңберге жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
4. Үй тапсырмасы
Сапарғали мен Нұржанның жұмбақ айтысы
Сұрақтар қою:
Айтыс дегеніміз не?
Халық ауыз әдебиетінің қай түрін көрсеттіңдер?
Сапарғали нені жұмбақтады? (қаламды)
Қаламды неге теңеп жұмбақтады? (құсқа теңеді)
5.Ой қозғау
-Балалар, біз халық ауыз әдебиетінің тағы қандай түрлерімен таныстық? (Шешендік сөздер)
Кімдердің шешендік сөздерін білесіңдер? (Қазыбек би, Төле би,Малайсары мен Сырым батыр)
6.Жаңа сабақ. Мақал-мәтелмен жұмыс
Болат қайнауда шынығады
******
(Батыр) майданда шынығады.
Балалар тілдер мерекесі қашан? 22 қыркүйек
Олай болса, барша халықты тілдер мерекесімен құттықтай отырып,
« батыр» сөзін үш тілде айтайықшы ( Батыр-Герой- Hero)
Батыр сөзін қалай түсінеміз? Балалардың өз ойларын тыңдау
Ал,батырлар жыры дегеніміз не?
Ендеше осы айтылған ойларымыздан анықтама шығарып көрейікші
Батырлар жыры – еліміз бен жерімізді жаудан қорғап қалған, ержүрек батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгісі.Оларды жыршылар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған.
-Балалар біз топқп бөлінгенде қалай,кімдер арқылы бөліндік?
-Батырлардың суреті
- Неге, қалай ойлайсыңдар? Батырлардың суреттерімен бөлінуімізге не себеп?
-я,себебі халық ауыз әдебиетінің бір түрі «Батырлар жырымен» танысамыз, соның ішінде Ер Тарғын жырынан үзінді «Жекпе-жек»
Ізденіс тапсырмалары: Батырлар туралы (өздерінен сұрау,салыстыру)
Слайд арқылы көрсету батырлар туралы түсінік беру
7.1.Бейнетаспамен жұмыс
2.Оқулықпен жұмыс
Ер тарғынның жекпе-жек жырынан үзінді
Іштей оқу
Тізбектей дауыстап оқу
8. Дәптермен жұмыс
Сөздікпен жұмыс
Топтық жұмыс
І топ:
Ер Тарғын жырынан алынған үзінді қалай басталады?
Мақал-мәтелді тап
ІІ топ:
1.Домбауыл қай елдің батыры? Оны Ер Тарғынның теңеуі
2. Керек сөздерді пайдаланып, мақалды аяқта
ІІІ топ:
1.Ол Ноғай елінің батырын неге теңейді?
2.Буынды мақал-мәтел
ІV топ:
1.Тарғын қалай аман қалды?
2.Шашыраңқы мақал-мәтелді тап
|
Сергіту сәті
|
«Мен қазақпын»
|
Оқушының іс-әрекеті
|
|
|
Оқушылар бой сергітіп, дене жаттығуларын жасайды.
|
Жұптық жұмыс
Шығармашылық тапсырма
|
Жыр ырғағына ұқсатып, өз ойыңнан толықтырып жаз
-------------------- ------------------- қалмақты
-------------------- ------------------- салады
-------------------- ------------------- құлады
Жеке жұмыс «Иә» ,«Жоқ» кестесі
|
|
|
|
р/с
|
Сұрақтары
|
1.
|
Домбауыл Ер Тарғынды қара қарғаға теңеді ме?
|
2.
|
Алайын десем оңайсың,
Алмайын десем торғайсың
Айтшы маған жөніңді
Неғылып жүрген ноғайсың? Домбауылдың сөзі ме?
|
3.
|
Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда мол салды.
Кезегендей қалады,
Созағандай алады. Домбауылдың сөзі ме?
|
4.
|
Жекпе-жекті Ер Тарғын бастады ма?
|
5.
|
Ер Тарғын Бітуәже бабасының арқасында аман қалды ма?
|
Үйге тапсырма
|
Мәнерлеп оқу,эссе жазу
|
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Дулығаның суретін тарату.Тілек: Сіздерді батыр бабаларымыздың рухы қолдап, қорғап жүрсін
|
Бағалау парақшасын толтыру
|
Кері байланыс
|
Мұғалім оқушыларға кері байланыс жасауға cтикерлер береді. Әр топтағылар стикерлерді алады.Оқушылар сабақтан алған әсерлерін немесе ұсыныстарын білдіру үшін, берілген стикерлерге жазып ілдіреді.Tүсінбегенсұрақтары болса жазады.
|
Оқушылар кері байланыс жасайды және алған әсерлерін ұсыныстарын стикерлерге жазып «Бiлім ағашына» ілдіреді.
|