Айналым: i-айналым. Бәйге. Ii-айналым. Мақал – мәтелді жалғастыру



Дата15.11.2019
өлшемі20,98 Kb.
#51846
Байланысты:
21 гасыр

Ойынның мақсаты: ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интелектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру.

БАРЫСЫ

ЖОСПАР:

Айналым:

I-айналым.Бәйге.

II-айналым. Мақал – мәтелді жалғастыру.

III-айналым. Жеті жұрттың тілін біл.

IV-айналым. Жұмбақ сандық

V-айналым. Жорға.

ҚАТЫСУШЫЛАР:

Армысыңдар, құрметті қонақтар

Ағайын мен халайық

Көпшіл болған ер дана

Достары көп ер бала

Өнерліден үлгі алып,

Салдырар сәнді мол қамал

Өнерлімен дос болсаң,

Қиялыңды қорғайды - демекші, бүгінгі ХХІ ғасыр көшбасшысы атты интелектуалдық ойынымызды бастаймыз!

ӘДІЛҚАЗЫЛАРДЫ САЙЛАУ, ТАНЫСТЫРУ

І бөлім – Бәйге

Бөлімімізді бастайық. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда – демекші, қане, көреліік, алғашқы бөлімімізде ойыншыларымыз өздерін қалай ұстар екен...

Ойын шарты:

Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып, қолдарыңызды көтересіздер. Бірінші болып көтергеніңіз жауап бересіздер. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі ойыншы жауабын айтуына болады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады,

  1. Лексика дегеніміз не?

Лексика – белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы

  1. Омонимдер дегеніміз не?

Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобын білдіреді.

  1. Синонимдер дегеніміз не?

Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.

  1. Антонимдер дегеніміз не?

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.

  1. Табу дегеніміз не?

Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталынады.

  1. Төрт түліктің пірлерін ата.

Қой – Шопан ата

Жылқы – Қамбар ата

Түйе – Ойсылқара

Сиыр – Зеңгі баба



  1. Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Үзінді қандай өлеңнен алынған?

Наурыз өлеңі



  1. “Тойбастар” тұрмыс-салт жырларының қай түріне жатады?

Салт өлеңдер

  1. Қаз-қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Үзінді қандай өлеңнен алынған?

Тұсаукесер


  1. Отан туралы мақал-мәтел айт.

Отан үшін отқа түс – күймейсің,

Арың үшін алыссаң – өлмейсің.



  1. Жұмбақтың жауабын тап.

Аяғы жоқ жүреді,

Сылқ-сылқ күледі.

Бұлақ


  1. Ертегінің қандай түрлері бар?

Қиял-ғажайып

Шыншыл


Хайуанаттар туралы

  1. “Ер Төстік” ертегінің қай түріне жатады?

Қиял-ғажайып

  1. “Аяз би” ертегісіндегі Жаманның ойынша құстың жаманы не? Шөптің жаманы не?

Құстың жаманы - сауысқан

Шөптің жаманы- қара қоға



  1. “Керқұла атты Кендебай” ертегісіндегі Кендебайдың әкесінің аты кім?

Қазанғап

ІІІ тур: Жеті жұрттың тілін біл (5 ұпайдан)

Кезеңіміздің атауын, Жеті жұрттың тілін біл атадық. Мұнда сіздер қазақша, орысша, ағылшынша тілде дұрыс айтуларың керек. Ендеше бастайық

Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі – демекші сайысымыздың IV бөлімі – Жұмбақ сандық деп аталады. Ойыннын шарты мынадай: өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Сандықшаға назар аударыңыздар. Жеңіл сұрақ таңдағыңыз келсе, 20 балдық сұраққа жауап беру арқылы ала аласыз, 30 балл орташа деңгейдегі сұрақтар. Ал, ең күрделі сұраққа дұрыс жауап беру арқылы 40 балдан жинақтауға болады. Ұпайы аз ойыншы бастасын.

40 40 40
30 30 30
20 20 20

Қазақ тілі

20 «Жомарт» сөзінің антонимі

сараң


30 «Білім» сөзін септе

40 Тіл салаларын ата

Ертегі әлемінде

20Ер Төстік қанша ағайынды?

30«Сырттандар» ертегісіндегі қара ауыз иттің өлуі нені байқатады?

40«Аяз би» ертегісінде уәзірлер алғашында қандай құсты жаман деп ойлайды?

Қазақ әдебиеті

20 Жиренше шешеннің ақылды әйелінің аты кім?

Қарашаш

30 Абай Құнанбаевтың әжесі /Зере/



40 Жүз жасаған бәйтерек Жамбыл

«Жорғада» ұпай жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.Екі оқушы 1 минуттың ішінде сұрақтарға жауап береді. Әр жауапқа 1ұпайдан беріледі.

  1. Үш би?

  2. . Қ. Р. Президенті

  3. . Қазақ тілінде неше әріп бар

  4. . Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

  5. . Сөйлем неден құралады?

  6. «Қасқыр мен түлкі» ертегінің қай түріне жатады?

  7. Төрт түлік малды ата?

  8. «Көксерек» кітабының авторы кім?

  9. Жуан дауыстыларды ата?

  10. Әкеңнің әкесі саған кім болады?

  11. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының авторы кім?

  12. Астанамыз қай қала??

  13. Абайдың әжесі?

  14. Заттың санын білдіретін сөздер қалай аталады?



  1. Орман дәрігері?

  2. «Қартқожа», «Ақбілек» кімнің романдары?

  3. Бастауыштың сұрағы

  4. Дауыссыз дыбыстар нешеу?

  5. Балықшы сөзінің түбірін тап?

  6. Түйенің төлі қалай аталады?

  7. Қосымша нешеге бөлінеді?

  8. Абайдың анасы?

  9. Түбір сөз дегеніміз не?

  10. Буын дегеніміз не?

  11. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?

  12. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?

  13. «Байлық пен ақыл» ертегінің қай түріне жатады?

Құрметті оқушылар біздің бүгінгі ақыл-ой зерделі ойымыз аяқталды. «Бүгінгі білім-ертеңгі байлығымыз» 21-ғасыр –білім ғасыры өткенімізді білетін,бүтінімізді түсінетін,ертеңімізге сенетін қарапайым азамат болыңдар! Қош болыңдар! Кездескенше сау болыңдар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет