Сырдария округінің Бостандық ауданындағы көтеріліс 1929 жылдың 29 қыркүйегінде басталды.
1929 жылы қараша айының басында Батпаққарада көтерілісі басталып, он бес күнге созылды. Көтеріліске ресми құжаттарға қарағанда 530 адам қатысқан. Көтерілісшілер 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің басшыларының бірі Әбдіғаппардың жақтастары ретінде көрсетілген. Көтеріліске қатысушылар біртіндеп тұтқындалып, көтеріліс күшпен жаншылды. Үкімет тарапынан115 кісіге өлім жазасы, өзгелеріне түрлі жазалар берілді.