1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру



бет26/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

19.Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.

1927 жылы желтоқсанда Москвада Компартияның XY съезі болды, ол тарихта ұжымдастыру съезі деп аталады. Оның шешіміне сәйкес қысқа мерзімде, 1932 жылдың көктеміне дейін елдің ауыл шаруашылығы енді жеке меншік емес ұжымдық шаруашылыққа - колхозға (ұжымдық шаруашылыққа) бірігуі тиіс болды.
Қазақстандағы ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай бітіру жүктелді. Үкімет жергілікті тұрғындардың тұрмыс-салт ерекшеліктерімен есептеспестен ұжымдастыруды күш салу әдістерімен, жедел қарқынмен жүргізді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру бай-кулактарды тәркілеуден басталды. 1924 жылы Қазақстан өлкелік партия басшылығы көшпелі өмір салтын сақтаған қазақ ауылдарын отырықшыландыру және қазақ ауылдарында Кеңес өкіметі билігінің нығаюына кедергі келтіретін бай және орта тап өкілдерінің көзін жою қажет деп есептеді. Себебі, Кеңес өкіметі жұмысшылар мен шаруалардың өкіметі болғандықтан, мұнда бай, байлық, жеке меншік деген болмауы керек. Барлығы да ортақ, мемлекеттің меншігі болуы тиіс еді. Осы мақсатпен 1928 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі мен Орталық Атқару Комитеті «ірі бай шаруашылықтарын және орташа байлардың мал-мүлкін тәркілеп жер аудару» декретін қабылдады.
Осы нәтижесінде байлардың шаруашылығы тәркіленіп, 657 бай жер аударылып, олардан 145 мың мал алынды. Малдар, негізінен, колхоздарға берілді. Көптеген орташа шаруалар байлардың қатарына жатқызылды. Барлық жинап-терген мал-мүлкінен айырылғысы келмей бір түнде шетел асып көшіп кеткен қазақтар да болды. Негізгі күнкөрісі мал болған қазақтар, малдарынан айырылып, аштыққа ұшырай бастады. Ауыл шаруашылығының ұжымдастырылуы өте қатал жағдайда жүргізілді. Шаруашылықты ұжымдастыру үнемі өсіп отырды. 1928 жылы 2%, 1930 жылы 3 сәуірде 56,4%, 1931 жылы қазанда 65% ұжымдастырылды. 1931 жылы көшпенді және жартылай көшпенді шаруаларды жаппай отырықшыландыру жөнінде міндет қойылды. Сонымен қоса, ұжымдастыру жедел және жоспарсыз жүргізілді. Ұжымдастыру кезінде ауыл шаруашылық өнімдерін және малдарды күшпен алды. Мысалы, 1931-1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80% мемлекетке етке өткізілді. Балқаш ауданының халқына 297 мың малға салық салынды (ауданда 173 мың мал болған). Торғай ауданында 1 млн малдың 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді.
Күштеу әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Қордай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты. 1931 жылы көктемде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау аудандарының көтерілісшілері жазалау әрекетінен түгел қырылды.
Ұжымдастыру қарсаңында республикада 40,5 млн мал басы болса, 1933 жылы оның саны 4,5 млн-ға дейін азайған. 1930-1932 жылдары Қазақстан халқының саны 6,2 млн болса, соның 2,1 млн-ы аштықтан қырылды. Республика аумағынан шетке қашу жиіледі. 1 млн 700 мың адам Қазақстаннан тыс аймақтарға көшті. Олар - Түркменстан, Қарақалпақ, Иран, Ауған жеріне, Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын аудандарының халқы. Сондай-ақ, Қытай жеріне - Алматы округінің Балқаш, Шоқпар, Іле, Еңбекшіқазақ, Биен-Ақсу, Сарқант, Жаркент, Бөрібаев аудандарының халқы көшіп кетті. Күшпен жүргізілген ұжымдастыру саясатына қарсы Қазақстанда жалпы саны 372 толқулар мен көтерілістер болды.
Күштеп ұжымдастыру мен отырықшылыққа қазақ зиялыларының өкілдері қарсы шықты. Ғалым әлі агроном ретінде Ә.Бөкейханов қазақтарды отырықшылыққа біртіндеп көшіруді ұсынды. С.Сәдуақасов: «Өркениеттің өзі мал шаруашылығымен айналысуды жоққа шығармайды, қайта оның өркендеуіне мүмкіндік туғызады» деп атап көрсетті. Ұжымдастыру саясаты қазақ тарихындағы қасіретті оқиғалардың бірі ретінде белгілі болып қалды.



  1. Күштеп ұжымдастыруға қарсы жаппай қарулы көтерілістер.

Ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс жүйесінің қиратылуына, орташалар мен кедейлерді кулактар ретінде жоюға қарсылық ретінде 1929-1930жылдары Қазақстанда көтерлістер болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет