Аманкелді Үдербайұлы Иманов (03.04.1873 -18.5.1919) — қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы орын алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған. 1918 жылдан Компартия мүшесі.
Аманкелді Үдербайұлы Иманов
|
Дүниеге келгені:
|
1873 сәуір
Қайдауыл болысының №3 ауылы, Қостанай облысы
|
Қайтыс болғаны:
|
1919 сәуір
Торғай
|
Мансабы:
|
батыр
|
7 жасында әкесі, одан 5 жыл кейін шешесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалады. Ауқатты адамдарға жалға тұрып жүріп, еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көреді. Оның бойында самодержавиеге, қоғамда тереңдеп кеткен әлеуметтік теңсіздік пен езгіге деген өшпенділік осы кезден-ақ қалыптаса бастады. Байқоңыр көмір кенінде темір ұстасы болған жылдары орыс жұмысшыларымен араласып, таптық сана-сезімі оянады. 1905-1907 жылдары орыстың 1-революциясының азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы қарулы күресіне қатысады. Социал-демократтардың жергілікті жердегі большевиктер тобымен тығыз байланыс жасап, шаруалар бұқарасының ұлт-азаттық күресін басқарушы ретінде бүкіл Торғай даласына атағы жайылды. 1896-1908 жылдары патша өкіметі оны "сенімсіз" адам деп тауып, бірнеше рет түрмеге отырғызfды
Достарыңызбен бөлісу: |