Алаш партиясының он бөліміне тоқталсам І. Мемлекет қалпы Ресей демократиялық, федеративтік республика болу (Демократия мағынасы- мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы - құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді.) Үкімет басында Учредительное собрание мен Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Дума алдында жауапты болу. Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу. Законды жалғыз ғана Дума шығару һәм Дума үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Думада болу. Мемлекет салығы Думасыз салынбау.