1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Ә.Бөкейханов 20 наурыз күні Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалды



бет13/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   126
Байланысты:
тарих ответы
1 trimester Unit 7, 1 trimester Unit 7, ДТ рефератт1
Ә.Бөкейханов 20 наурыз күні Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалды. Әлихан. Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында облыстық басшылыққа келген бірінші қазақ болатын.
1917 жылы наурыз айы ішінде Орал облыстық комиссары болып Бизянов бекітілді. Ақмола мен Семей облыстары қарайтын Дала өлкелік комиссарлығына мемлекеттік кеңес мүшесі И.Лаптев жіберілді.1917 жылы сәуірде Уақытша үкіметтің қаулысы бойынша Түркістан өлкесінде нақты тәртіп орнатып, күнделікті туындап отыратын мәселелерді сол жерде шешіп, өлкені басқару үшін Түркістан уақытша комитеті құрылды. Оның құрамына Мемлекеттік Дума мүшесі Н.Н.Щепкин, бірінші Дума мүшесі Ә.Бөкейханов, екінші Дума мүшесі М.Тынышпаев, үшінші Дума мүшесі С.Мақсудов, тағы басқалар енді. Комитеттің төрағасы болып Н.Н.Щепкин тағайындалды. Самарқан, Ферғана, Сырдария, Жетісу, Закаспий облыстарында және Хиуа мен Бұқара хандықтарындағы орыс поселкелеріне Түркістан комитеті Уақытша үкімет атынан билік жүргізуге өкілетті болды.
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында - Оралда 11-наурызында - Семейде Омбыда наурыздың аяғында - Верныйда құрылған және т.б. облыстың қазақ комитеттері "Қазақ" газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық және басқа комитеттермен де, Уақытша үкіметтің органдарымен де ынтымақтастық жасады. Мысалы, Ә.Бөкейханов - Торғай облысы бойынша, М.Тынышбаев Жетісу облысы бойынша (эсер А.Шкапскиймен бірге) Уақытша үкіметтің комиссарлары болды. Ал, А.Байтұрсынов, М.Шоқаев, М.Дулатов, Ж.Досмұхамедов, басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жұмыс істеді.
Ақпан революциясының зор тарихи маңызы болды. Себебі Ресейде самодержавиені түпкілікті жойды, əр партиялардың өкілдері кірген Демократиялық үкімет билікке келді, барлық саяси партиялар ресми түрде өздерінің қызметтерін атқара бастады. өзінің сипаты бойынша Ақпан оқиғалары халықтық революция болды. Өйткені оған көптеген топтар мен саяси партия өкілдері қатысып, бүкіл халық патша үкіметіне қарсы күрес жүргізді.1917 жылы 25 қазанда Уақытша үкімет Қазан төңкерісі нәтижесінде құлады.



  1. 1917 жылғы шілдедегі Жалпықазақ съезі және оның Алаш партиясын құру туралы шешімі.

1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола,Семей,Торғай, Орал, Жетісу,Сырдария,Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында 1-інші Жалпықазақ съезі өтті Сьезд Хәлел Досмұхамедұлының төрағалығымен, Байтұрсыновтың, Дулатовтың Сейітовтың хатшылығымен өтті.
Бірінші жалпықазақ сьезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:
1. Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мәселесі. 7. Сот мәселесі. 8. Дін мәселесі. 9. Әйел мәселесі. 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. 11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі. 12. Қазақ саяси партиясы. 13. Жетісу оқиғасы. 14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.
Сьезд қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өз алдына заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақ депутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті. Олардың ішінде  Бөкейханов, Байтұрсынов, Ермеков , Ақпаев Дулатов , Бірімжанов, Шоқай секілді белгілі қазақ зиялылары болды.
Сьезд Оқу-ағарту ісіне байланысты «бастауыш білім жалпыға міндетті болсын, бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде жүрсін, мектеп оқулықтары және мерзімді басылым «Қазақ» газеті емлесімен жазылсын» деп көрсетсе, әйел теңдігі жөнінде «әйелдер саяси құқықта ерлермен тең, ерге шығу еркі әйелдің өзінде болсын, қалыңмал жойылсын, 16-ға толмаған қызға құда түсу болмасын, неке қиярда әйел мен еркекті беттестіріп, ризалықтары ескеріліп отырсын» деп қаулы етті.
1917 жылғы шілдедегі Жалпықазақ съезінде қазақтың тұңғыш ұлттық саяси Алаш партиясын құру туралы қаулы шығарылды.
Алаш партиясының бағдарламасының жобасы он бөлімнен тұрды. Алаш партиясы бағдарламасын жасаушылар: Әлихан Бөкейханов; Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов басқалар болды. Алаш партиясының баспа органы 1918жылы қаңтарына дейін Орынборда шығып тұрған Қазақ газеті болды. Қазақ газетін большевиктер тарапынан жабылғаннан кейін, оны Семейде жарық көрген көріп тұрған Сарыарқа газеті ауыстырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет