39.Н.Хрущев «жылымығының» әлеуметтік-экономикалық сипаты, Теміртау оқиғасы.
1953—1964 жылдары КОКП ОК-нің бірінші хатшысы жэне Министрлер Кеңесінің төрағасы Никита Сергеевич Хрущев түсында ауыл шаруашылығының қатаң басшылығынан, орталық жоспарлауды колхоздар мен совхоздардың тәуелсіздігімен ұштастыруға бағытталған талпынушылық байқалды. Хрущев ел өміріне өзгеріс енгізуді аграрлық сектордан бастады. Оның негізі 1953 жылы КОКП Орталық Комитетінің -нің қыркүйек Пленумының шешімдері болып табылады. ¥лттық табыс ауылдық жерлердің пайдасына бөліне бастады, салық саясаты өзгерді, ауылшаруашылық өндірісін сатып алу жэне дайындау бағалары көтерілді. Сталиндік қатаң бақылаудан бас тарту көп үзамай-ақ өз нәтижесін бере бастады.Бірақ аграрлық саясат тұрақсыз болды.
1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың жэне тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Қазақстан басшылығы бүл бастаманы қолдай қоймады. Осыған байланысты, 1954 жылы 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов, 2- хатшы Л.И.Афонов босатылып, олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К.Понаморенко жэне Л.И.Брежнев сайланды. Жергілікті жердің қазақ басшылары сынға үшырап, үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1- хатшылары ауыстырылды.1954жылғы қаңтар наурыз КОКП орталық комитетінің пленумы Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы қаулы қабылдады, 1954жылы Казакстанда тың және тыңайған жерлерді игеру басталды.Тың жерлер Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары. 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП - ның XX съезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет — астық өндіруді 5 ece арттыру міндетін қойды. Осыған сай 60- жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жыртылған тың жэне тыңайған жер көлемі 25 млн. гектарға жеттітың игеру жылдарындағы қоныс аудару саясаты елдегі демографиялық жағдайды одан әрі күрделендіріп, бұрынғы Кеңестер Одағының Еуропалық бөлігі үшін де, Қазақстан үшін де тиімсіз сипатта болды. Өйткені, сол кездің өзінде-ақ Одақтың еуропалық бөлігінде жылдан-жылға селолық жерлерде түрғындар саны азайып, ал біздің республикамызда керісінше, өсіп отырған болатын. Осы ерекшеліктер ескерілмей, онсыз да саны кеміп отырған еуропалық аудандардан тек 1954—1962 жылдары ғана Қазақстанға 2 млн. астам адам көшіріліп әкелінді. Осының нәтижесінде бір жағынан Ресейдің, Украинаның жэне т.б. республикалардың бірқатар аудандарында мыңдаған селолар бос қалды. Екінші жағынан 20-30- жылдары жергілікті түрғындарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін салдарынан күрт кеміген қазақ халқы , енді тыңгерлердің көптеп келуіне байланысты, 1959 жылы санақ бойынша алатын үлесі 30%- ке дейін төмендеп кетті.Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани, ізеттілік саласына да үлкен зиян алып келді. Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп, қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттердің, баспасөздің саны күрт төмендеп кетті. 3 мыңнан астам елдімекеннің аты өзгертіліп, тарихи үлттық санаға шек қойылды.Тарихта бүрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны тол- мас экологиялық апаттарға, мал жайылымының күрт қысқаруына алып келді. Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің қүнарлы бет қыртысы (гомусы) шаң-боранға үшырап үшып кетуі салдарынан 18 млн. га астам жер эррозияғаүшырады. Қалыңдығы 1 см. қара топырақтың (гомус) қалыптасуы үшін, кем дегенде 2—3 ғасыр уақыт керек еді. Жайылым азаюы салдарынан үсақ мал өсіру қарқыны 3 ece азайды, жылқы 1916 жылы 4 340 мың болса, 1961 жылы — 1158 мыңға дейін, ал түйе 1928 жылғы санынан 8 ece кеміді.Бесжылдықты мерзімінен бүрын орындау жолында социалистік жарыс кеңінен қанат жайып, әсіресе, қара металлургия саласы үлкен табыстарга жетті. Теміртаудагы қазақ металлургиялық зауытын- да 2 мартен пеші, 3 прокат жүйесі, Ақтөбе ферросплав өндірістің З-ші кезегі іске қосылды. Түсті металлургия саласында Өскемен қоргасын-мырыш комбинаты салынып, ол алгашқы мы- рышты бере бастады. Алты жаңа көмір шахтасы, Қаратон жэне Мүнайлы кәсіпшіліктері қатарға қосылып, мүнай өндіру соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырганда 52% артты. Электр қуатын өндіру 1945 жылмен салыстырганда 2,3 ece өсті.
Жеңіл өнеркәсіп саласында Петропавлдагы тігін фабрикасы, Жамбылдагы, Қызылордадагы, Павлодардагы тері зауыттары өз өнімдерін бере бастады. Осыған қарамастан түтыну тауарла- ры халықтың сүранысын қанағаттандыра алмады. 50- жылдардың екінші жартысынан кейінгі жылдардағы Қазақ- станның индустриялық дамуының негізгі бағыттары 1956 жылы өткен КОКП-ның XX съезінде қабылданған халық шаруашылы- ғын дамытудың 6- бесжылдық, 1959 жылы XXI съезде қабылдан- ған 1959—1965 жылдарға арналған жетіжылдық жэне 1966 ж. XXIII съезде қабылданған 8- бесжылдық жоспарлармен белгіленді. 60- жылдардың өзінде ғана 700-дей кэсіпорын қатарға қосылды. Оның ішінде Жезқазған байыту комбинаты, Өскемен су-электр станция- сы, Бүқтырма су-электр станциясының бірінші кезегі, Қарағанды 2-жылу электр станциясы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты, Павлодар трактор зауыты, Алматы мақта-мата комбинаты, Жам- был былғары аяқ-киім комбинаты жэне т.б. болды. "Қазақсельмаш" зауыты ауылшаруашылық машиналары бөлшектерін шығаруға ма- мандандырылып, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы жүмыстардың механизацияландырылуын қамтамасыз ететін жаңа машиналар мен жабдықтар шығара бастады.Кеңестік өнеркәсіп ауыр индустрия мен қорғаныс кешенінің басым дамуына негізделгендіктен, Қазақстанда да эскери өнеркэсіп кешендері көптеп қүрылды. Соның ішінде қазақ жерінде орналасқан ядролық сынақ полигондары халықтың қасіретіне айналды. 1948 жылы KCPO Министрлер Кеңесінің қаулысымен Семей полигоны салынды. Осы полигонда 1949—1963- жылдар аралығында әуеде 113 ядролық заряд сыналды. 1966 жылдан бастап Каспий маңындағы Азғыр полигонында ядролық қару сынала бастады. Сынақтар нәтижесінде Қазақстанның кең аумағына радиоактивті газдар тарады. Радиация зардаптары қазіргі таңға дейін халықтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Ядролық сынақтар жүргізілген жылдары үкімет тарапынан халықты радиациядан қорғау шарала-ры жүргізілмеді, керісінше, радиация тараған аумақта медициналық тексеруге тыйым салынып, радиация зардаптары айтылмады.1950 жылдыц басында Байқоцыр ғарыш айлағы салынды. Бүл қүрылыс ауданы 6717 шаршы шақырым жерде орналасты. Ракета үшқандағы жарылыстан 4,6 млн. га жерге жанармай шашырап, зиянды жанармай aya қабаттарын, жердегі cy, жайылым шөптерді уландырды. Космодром көп мөлшерде cy жүмсайтындықтан, Сырдария өзенініц децгейі жылдан-жылға азая түсті.Хрущев түсында жеңіл тамақ өндіріс салаларына тежеу жасалынып, шикізат пен отын өндірілетін салалар жедел қарқынмен дамығандықтан, халықтыц материалдық жағдайы төмен қалпында қала берді. Республикада 200-дей жаца өндіріс орындары салынды. Қазақстаннан орталыққа шикізат жіберу үшін темір жол қүрылысы жедел қарқынмен дамып, 1953 жылы Мойынты — Шу темір жол торабы пайдалануға берілді. Сібір, Оцтүстік Қазақстан мен Орта Азияны байланыстырған Павлодар темір жолы ашылды. Ал Қазақстанныц мүнайлы аудандарын игеруге байланысты Батыс Қазақстанда Мақат-Ақтау, Ақтау-Жетібай-Өзен, Атырау-Астрахань, Бейнеу-Қоңырат секілді темір жол жүйелері салынды. Халық шаруашылығын дамытуда темір жол транспортымен бірге республикада автомобиль, қүбыр, әуе, cy жолдары да негізгі рөл атқарды. Алматыда, Қостанайда, Павлодарда , Ақтөбеде жаца ipi автомобиль жөндеу зауыттары қайта құрылды. Республикада 60- жылдары қүбыр транспорты Мацгыстау түбегініц мүнай байлыгын игеруге байланысты Өзен-Жетібай-Шевченко, Өзен-Атырау-Куйбышев мұнай қүбырлары іске қосылды. Транспорттагы бүл нәтижелерге қарамастан Қазақстанда сол уақытта жол қатынасымен қамтылудыц жеткіліксіздігі байқалды.60- жылдары халық шаруашылығын әміршіл-әкімшілдік, бюрократтық жолмен басшылық жасаудың тиімсіз екендігі сезіліп, елдің сол кездегі басшылығы оны қайта қарауға талпыныс жасады.