Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы. Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады.
Екінші басым бағыты – ақпараттық революция болуы тиіс, яғни ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші жоғары оқу орындары мен шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып аймақтық университет ашу.
Үшінші басым бағыты - жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. 2010 жылы 7 желтоксанда «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» аясында қазақстандық білім берудің бәсекеге қабылеттілігін арттыру және адами капиталды дамытуда қолжетімді сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдардарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды.
73.Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер. Көші-қон мемлекет халқының санына, ұлттық құрамы мен қоныстануына, табиғи қозғалыстың үдерістеріне әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сонымен қатар көші-қон еліміздегі ауыл мен қала тұрғындарының өзара үлес салмақ өзгерістерінде, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде және ұлттық қауіпсіздік жағынан маңызды рөл атқарады. Кеңестік кезеңнің соңғы жылдарында республиканың ұлттық құрамында қазақтардың үлес салмағы төмен болды.ондықтан Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың ерекшелігіне сәйкес көші-қон саясатын жүргізуге белсенді кірісті. Ең алдымен, шетелде тұратын этникалық қазақтардың ұлттық бірігуі және тарихи отанына оралуы үшін көші-қон саясатының басқару жүйесін жетілдіру қарастырылды. 1992 жылы маусымда отандастарымыздың тәуелсіз елімізге көшуінің құқықтық негіздері реттелген «Көшіп келу туралы» Заң қабылданды. 1997 жылы қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» заңында көші-қон ағынын реттеу жүйесін жетілдіру, этникалық қазақтарды тарихи отанына қабылдау тәртібі мен азаматтық алу мүмкіндіктері нақтыланды. «Халықтың көші-қоны» заңында репатриант деп танылған адамдардың құқықтық мәртебесі анықталған.
Тұжырымдаманың басты қағидалары бойынша адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау; нәсілі, тілі, діні, этникалық және әлеуметтік шығу тегі, көзқарасы, саяси сенімі сияқты белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермеу басымдықтары айқындалған.
2017 жылы «Қазақстан Республикасының 2017–2021 жылдарға арналған миграциялық саясаты» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл шетелдерде тұратын қандастарымыздың тарихи отанына оралуына кеңінен жол ашты. Көші-қон саясатының негізгі бағыттары айқындалды. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әркімнің республикадан тыс жерлерге кетуіне және кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.Көші-қон үрдістерінің . Бірінші кезеңде (1991–2003 жылдар) көші-қон республика аумағынан кейбір тұрғындардың үдере көшіп кетуімен сипатталды. Елімізден еуропалық этнос өкілдері өз тарихи отандарына көше бастады. КСРО ыдыраған соң алғашқы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, өндірістің құлдырауы көптеген ұлт өкілдері, соның ішінде орыстар – Ресейге, поляктар – Польшаға, немістер – Германияға т.б. елдерге көшіп кетуі нәтижесінде республикада аталған этностар өкілдері санының азаюы орын алды. Бұл жағдай республика тұрғындары санының кемуіне, еңбекке жарамды білікті кадрлар қатарының сиреуіне әкелді. Сондай-ақ жұмыссыздық өсіп, отбасыларда ажырасулар көбейді. Халықтың табиғи өсуі, бала туу көрсеткіші төмендеді.
Осы жылдары республика халқының саны 16 793,1 мыңнан 14 886,8 мыңға кеміді. Сыртқы көші-қондағы жоғары шегі 1994 жылға сәйкес келеді. Елден 811,3 мың адам көшіп кетті. 1991–2008 жылдары республикада жалпы 3,5 млн адам көші-қон қозғалысына түсті. Сондай-ақ басым көпшілігі Ресейге – 1 550 мың, Украинаға – 52,6 мың, Белоруссияға – 39,7 мың адам көшіп кетті. Қазақстаннан тұрғындардың көшу үрдістерінің негізгі себебі ретінде 90-жылдардың ортасында орын алған экономикадағы дағдарысты, сонымен қатар азаматтардың атамекенімен қайта қауышу мақсатын айтуға болады. Оның үстіне психологиялық факторлар да басым болды: көптеген адамдар тарихи отанында тұрып жатқан туыстарымен байланыстары үзіліп, ертеңгі күніне деген сенімін жоғалтты, шегарадан өтудің қиындықтары туындауы мүмкін деген үрей мен тарихи отанында азаматтық алу мәселесі де алаңдатты. Сондықтан бұл этнос өкілдері өз елдеріне оралуға, тездетіп көшуге кірісті. Аталған мәселелерді ескере келе, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1998 жылы ТМД Саммитында «Қарапайым адамдарға қарай 10 қарапайым қадам» ұсынған болатын. Бұл бастаманың жүзеге асыруда азаматтық алу барысындағы жеңілдіктер, шегарада азаматтарымыздың, жүктердің, тауарлардың кедергісіз өтуі және ақпараттық байланыс аясын кеңейту т.б. мәселелер қарастырылды.