1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған мәселелерінің бірі — елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау



бет115/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған мәселелерінің бірі — елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау. Шекара — мемлекеттік егемендіктің басты белгілерінің бірі. Сондықтан бүл маңызды саяси проблема Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасындағы кездесулерде элденеше рет эңгіме арқауы болды. Осының нәтижесінде екі ел арасында 1992 ж. 15 мамырда Ұжымдык қауіпсіздік туралы шартқа жэне 1999 ж. 28 наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Бүл шарттар бойынша Қазақстан мен Ресей эрі қарай да аймақтық қауіпсіздікті бірлесіп нығайту жэне қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сөйтіп сыртқы саясат саласында өзара бірлесіп әрекет етуі көзделген. Ресей мен Қазақстан арасындағы қауіпсіздік жэне сыртқы саясат мәселесі екі ел арасындағы 1998 жылы шілдеде қабылданған "Мәңгі достық жэне одақтастық туралы декларацияда", сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық туралы алдағы 10 жылға (1998—2007 жж.) арналған экономикалық бағдарламада өзінің даму көрінісін тапты. Осы келісімдер негізінде Қазақстан-Ресей шекара белдеулерінде дели- митациялау шаралары жүргізіле бастады. Ал 2000 жылы қаңтарда Мәскеуде өткен екі мемлекет басшыларының кездесуінде басты үш бағыт туралы келісім жасалды. Біріншісі — екі ел саясатындағы қарым-қатынастың сабақтастығы. Екіншісі — қауіпсіздік мәсе лесіндегі ынтымақтастық. Үшіншісі — шекараны нақтылау мәселесі.
Ресеймен шекараны делимитациялау мэселесі 1998 жылғы 6 шілдеде екі ел басшыларының бірлескен мәлімдемесінен жэне сол жылғы 12 желтоқсандағы мемлекеттік шекараны делими­тациялау жөніндегі хаттамадан басталды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей президеиті В.Путии 2005 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан-Ресей мемлекеттік шека­расы туралы шартқа қол қойды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қытаймен арадағы шека­раны заңдастыруға кірісті. 1994 жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Премьер-министрі ЛиПэн екі ел арасындағы шекара сызығын заңдастырып, белгілеу (де­лимитация) жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Жалпы үзындығы 1718 шақырымға созылып жатқан желінің екі шағыи учаскесінен (бүрынғы Талдықорған және Семей облыстарыидағы) басқасы түгел заң жолымен бекітілді. Сонымеи қатар, Қазақстан бүл жылдары өзінің жақын көршілері — Қырғызстанмен, Өзбекстаимеи және Түркменстанмен арадағы шекара мэселелеріи ic жүзінде түпкілікті реттеуге қол жеткізді.
Шекара мәселесін Азия елдеріиде түрақты шешуде Шанхай ынтымақтастықүйымы (ШЫ¥) маңызды рөл атқарады. 1996 жылғы сәуірде Шанхайдағы кездесу кезіиде Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстаи басшылары шекараларды бүзбау, олардың арасындағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу келісіміне қол қойылды. Кейін бүл келісімге Өзбекстан қосылды.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат — бейбіт шілік, соғысты болғызбау. 1992 ж. Б¥¥ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Президент Н.Назарбаев Азияда өзара ынтымақ пен сенім шараларын орнықтыру туралы мәселе көтерді. Оған сәйкес 1993 ж. көктемде Алматыда осы мәселеге байланысты шақырылған бірінші бас қосуға оннан aca мемлекеттен өкілдер келген болса, сол жылғы тамыз айындағы кездесуге 17 елден сарапшылар тобы келді. Қазақстан Хельсинки процесіне қосылып, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі үйымның жүмысына қатысты (1992 ж.). Ал 1996 ж. 31 қыркүйекте Қазақстан Б¥¥-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.
Қазақстан саяси-әскери одақ — НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бүл ынтымақтастық "Бейбітшілік үшін әріптестік" бағдарламасы аясында дамып, еліміздің қарулы күштері үшін кадрлар даярлауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен шекарасының түтастығын қорғау үшін өзінің жеке Қарулы Күштерін қүрудың зор маңызы болды. Оны іске асыру Елбасының 1992 ж. мамырдағы "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қүру туралы" жарлығымен басталды. 2000 ж. 10 ақпанда 1999—2005 жылдарға арналған жаңа әскери доктрина жэне үлттық қауіпсіздік стратеги ясы қабылданды. Осы құжаттарға сәйкес армия елдің ішкі жалпы өнімінің бір пайызынан кем емес көлемде қаржыландырылатыны көзделді. 1992 ж. наурызда Қазақстанның Біріккен ¥лттар ¥йымына мүше болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейін елімізге басқа да халықаралық үйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негізгі валюта-қаржы үйымдарына — Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік қайта қүру жэне даму банкіне, Еуропа жэне Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық үйымдарға мүше болып қабылданды. Тәуелсіздік алғалы бері 800-ге жуық мемлекетаралық жэне үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.
2007 жылы 30 қарашада Мадридте Европалық қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан ¥йымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік жэне ынтымақтастық жөніндегі үйымға төрағалық етті.
86. Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы. Қазақстанның әлемдік интеграциялық процестерге қатысуы.
Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі – әскери және азаматтық персоналды пайдалана отырып, Біріккен ұлттар ұйымының Жарғысының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін, үшінші тараптың араласуы арқылы мемлекеттер арасындағы немесе мемлекет шегіндегі қарулы қақтығыстарды болғызбауға, тежеуге және тоқтатуға бағытталған және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға ықпал ететін құралдар мен әдістерді қамтитын шаралар жиынтығы, Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес гуманитарлық көмек көрсету;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет