1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Ұлы Отан соғысынан кейінгі Қазақстанның халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар



бет51/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

33.Ұлы Отан соғысынан кейінгі Қазақстанның халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар.
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Соғыс Қазақстан экономикасына да үлкен зардаптарын тигізген болатын. Өнеркәсіп өнімдерінің , әсіресе бұқара халық көп қолданатын тауарлар өндіру түрлері қатты қысқарды. Еңбек ресурстарының проблемасы едәуір шиеленісті. Ауыл шаруашылығының материалдық –техникалық базасы әбден төмендеді. Сондықтан Кеңес өкіметі , оның жергілікті басшы органдары халық шаруашылығын қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлді, оның қарқынын шапшаңдатуда тиісті шаралар жүзеге асырыла бастады. Елдің шаруашылық құрылысы мен мәдени саласына мемлекеттік бюджет пен күрделі қаржы қайта бөлінді. Әскери шығындар барынша қысқартылды. Республикада соғыс қажеттерін өтеуге жұмыс істеген жүздеген кәсіпорындар азаматтық өнімдер шығару үшін қайта құрылды.1945 жылы КСРО Қарулы Күштерінің едәуір бөлігін запасқа шығару есбінен Қазақстанға 104 мың солдат пен офицер, ал 1947 жылдың 1-ші қаңтарына қарай 188,2 мың адам келді. Өнеркәсіпте 8 сағаттық жұмыс күні қалпына келтірілді. Соғыс кезіндегі мерзімнен тыс жаппай жұмыс істеу және демалыс күндерінде қызмет ету тоқтатылды. 1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінеген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту , сондай-ақ, жеңіл және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендету негізінде республика еңбекшілерінің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін одан әрі көтеру көзделді.Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы көлемі одақ бойынша үшінші орынға шықты.Мұнда күрделі қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гөрі бұрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға бағытталды.Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өсетін болып белгіленсе, Республикада ол 2,2 есеге арту көзделді.Қазақстан халқы соғыстан кейнігі төртінші бесжылдық жоспардың көрсеткіштерін орындауға құлшына кірісті. Бұл кезде, әсіресе ауыр өнеркәсіптің қара металлургия және түсті металлургия саласы ойдағыдай дамыды. Теміртаудағы қазақ металлургиялық қайта өңдеу зауытында үш прокат станы мен екі мартен пеші, Ақтөбе ферросплав зауытының үшінші кезегі іске қосылды. 1950 жылы металлургиялық процестерінің тұйық циклімен жұмыс істейтін Қарағанды металлургия зауытының құрылысыныа арналған дайындық жұмыстары басталды. Өскеменде қорғасын-мырыш комбинатының құрылысы одан әрі жалғасты, 1947 жылы ол алғаш рет мырыш берді. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жөніндегі жұмыстар одан ары жүргізілді. Жезказғанда аса ірі мыс балқыту комбинатының объектілерінің кешенін салу жалғастырылды. Текелі қорғасын-мырыш комбинаты екінші кезегін іске қосуға әзірлік басталды. Шымкент, Риддер қорғасын зауыттары мен жұмыс істеп тұраған басқа да кәсіпорындар қайта құрылып кеңейтілді.Соғыстан кейінгі 1946 жыл елдің ауыл шаруашылығы үшін ауыр жыл болды. Сол жылғы қуаңшылық ауыл шаруашылығының онсыз да күрделі жағдайын ауырлатты. Кеңестер Одағының еуропалық бөлігінде жарты ғасыр болып көрмеген қуаңшылық соғыстан зардап шеккен аудандардың ауыл шаруашылығына қиын тиді. Оған байлнысты Одақты астықпен және етпен қамтамасыз етуде шығыстағы аудандардың, соның ішінде Қазақстанның рөлі бұрынғыдан да арта түсті. Жұмыс қолының азайып, ескі ауыл шаруашылық техникаының істен, шығып қалғанына , ал жаңалаының жетіспеуіне қарамастан, республика ауыл-село еңбеккерлері өздерінің мемлекет алдындағы өнім тапсыру жөніндегі міндеттемелерін ойдағыдай орындап отырды. Соғыстан кейінгі жылдарда совхоз және колхоз өндірісін ұйымдастыруда көптеген кемшіліктердің орын алды.Колхоз өмірінің демократиялық негізгі заңы – ауыл шаруашылық артелінің Жарғысы өрескел бұрмаланды. Колхоздарды әкімшілдікпен басқару күшейіп, колхоз бастықтары оның мүшелерінің жалпы жиналысында сайланбай, жоғарыдағылардың нұсқауымен тағайындалды. Колхоздардың меншігі талан-таражға түсті. Колхозшыларға еңбек күнге өнім бөлінбеді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Еңбек ақы төлеуде теңгермешілік орын алды. Калхоздарда, савхоздарда өндірілген астықтың тұқымдық қордан басқасы мемлекетке дайындық қорына алынды. Соғыстан кейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы артелінің жарғысын бұзушыларға қарсы күрес күшейді. 1946-1947 жылдары колхоздарға қарыздар болып келеген мекемелер мен ұйымдардан 214 млн. Сом ақша , 540 мың гектар заңсыз алынған жер қайтарылды.Колхоздарды басқаратын білікті маман кадрлар жетіспеді. Оларды тек екі жоғары оқу орны – Қазақ ауылшаруашылық және Алматы зоотехникалық –мал дәрігер институттары және 18 ауыл шаруашылық техникумы даярлады. Ауыл шаруашылық өндірісін көтеру үшін және оның материалдық-техникалық базасын нығайтуда республикадағы ұсақ колхоздар қабілетсіз болды. Бұл колхоздарды ірілендіру жөнінде мәселені алға қойды. 1949 жылдан бастап ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада соғысқа дейнгі 6400 колхоздан 1950 жылғы қаңтарда 3670 колхоз қалды. Колхоз өндірісін шоғырландыру колхоздардың бүкіл қызметіне игі әсер етті. Қазақстаншаруашылықтарында 50683 трактор,16мыңнан астам комбайн, машиналар істеді. Бұлардың басым көпшілігі ескі, моральдық жағынан да тозып, ескірген техника болатын. 1947 жылы желтоқсанда ақша реформасы жүргізілді, карточка жүйесі жойылды. Республикада халықты азық-түлік және өнеркәсіп тауарларымен қамтамасыз етуде бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылды. 1946 жылы 1 қаңтардан бастап соғыс салығының жойылуы және халықтан табыс салығын жинаудың жаңа сараланған түрін енгізу жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысын арттыруға жағдай жасады. Олардың айлық орташа еңбек ақысы 1940 жылғы 29,8 сомнан 1950 жылы 62 сомға дейін көтерілді.Ауыл –селоның тұрмыс дәрежесі қалаға қарағанда едәуір төмен болды. Ауыл –селодағы ауыр жағдайды өзгерту мәселесіне 1950-жылдардың орта шеніне дейін көңіл бөлінген жоқ. Сайып келгенде, өнеркәсіпті қалпына келтіру , оны жаңа деңгейге көтеру ауыл-селоны қанау есебінен іске асты.



  1. Ұлы Отан соғысынан кейінгі республикадағы қоғамдық-саяси жағдай.

Қоғамдық-саяси жүйеде 20-жылдардың ортасында орныққан қатаң экімшіл-эміршілдік жүйе 40—50 жылдары шарықтай түсті. Бүл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тап­ты. Адамның табиғи қүқығын шектеу, үлттық мүддені ескермеу орын алды. Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды. Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды. Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бүзып, мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты. Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы "Звезда" жэне "Ленинград" журналдары туралы қаулысы дәлел бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз жүмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді.


Мәскеу мен Ленинградта "Лениградтық ic", "Дәрігерлер ici" жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы "Бекмаха- новтың ici" үйымдастырылды. Е.Бекмаханов соғыс жылдары А.П.Кучкин, A.M. Панкратова, Б.Д. Греков, H.M. Дружинин жэне тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ KCP тари- хын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп үзамай сынға алынып, әсіресе, кітаптағы үлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген "Қазақстан XIX ғасырдың 20—40 жылдарында" деген көлемді еңбегі де сынға үшырады. 1950 жылы "Правда" газетіндегі "Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік түрғыдан жазу үшін" деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі айыптал- ды. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті "Правда" газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, "Бекмахановтың буржуазиялық-үлтшылдық көзқарасын айыптады". Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4 желтоқсанда 25 жылға сотталды.
Е.Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жүбанов, Х.Жүмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлейменов, Е.Смайлов, жазушы Ю.Домбровский осындай жалған айыппен жазаланып, сондай-ақ Ә.Марғүлан, Ә.Әбішев, С.Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси жэне буржуазиялық-үлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды.
1948 жылы "космополитизммен", яғни шетел мемлекеттерінің мәдениетіне коңіл болушілермен күрес науқаны басталды. Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шәңгерей, Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес эдебиетшілері — Б.Кенжебаев, Т.Нүртазин, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов үлтшылдар ретінде қудаланды. Ғылым Академиясының президенті Қаныш Сәтбаев "Едіге батырға" алғысоз жазғаны үшін "ұлтшыл" атанса, Мұхтар Әуезов 1945 жылы жарық көрген "Абай омірінің жэне творчествосының биографиялық очеркі" еңбегінде Абайды "феодалдық ақындар Шортанбай, Мэшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегені үшін" қудаланады. Екі зиялыға да осын­дай орынсыз кінэлар тағылғаннан кейін, Мәскеуге қоныс аударуға мэжбүр болды. "Космополиттер" қатарына белгілі шығыстанушы, академик В.В.Бартольд та енгізілді. Оған "араб, иран, қытай мәдениеттерін жоғары көтерген" деген мағынадағы кінә тағылды. 1952 жылы баспадан С.Мүқановтың "Балуан Шолақ", С.Мүқанов алғысөз жазған Қасым Аманжолов пен Халижан .Бекхожиннің "Батырлық эпосы"еңбектері қайтып алынды.

Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет