1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жұмабай Шаяхметов тағайындалады



бет49/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жұмабай Шаяхметов тағайындалады. Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. 1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет