1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Көлік жүйесі кеңейе түсті



бет50/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.
Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу .
1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды.Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.
1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.
Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71% -ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды.
Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың әлеуметтік жағдайы ауыр күйінде қала берді.


  1. Ұлы Отан соғысынан кейінгі бейбіт құрылысқа бейімделу.

Соғыс аяқталғаннан кейін соғыс қажеттерін өтеп келген Қазақстанның көптеген зауыттарды енді бейбіт тұрмыс өнімдерін шығаруға көшті. Соғыс зардаптары Қазақстан үшін де жеңіл болған жоқ. Заводтар мен фабрикаларда, сол сияқты ауыл шаруашылығында жұмыс қолдады жетіспеді. Қазақстан шикізат көзі ретінде қаралып, соғыстан зардап шеккен аудандарды қалпына келтіру базаларының біріне айналды. Оның соғыстан кейінгі даму жоспары 1946 жылы 18 наурызда Жоғарғы Кеңестің бірінші cec- сиясында бекітілген "1946—1950 жылдары халық шаруашылығын қалпына келтіру жэне одан әрі дамыту заңымен" белгіленді. Бесжылдықта республика халық шаруашылығын дамытуға 8,8 млрд. сом қаржы бөлініп, өнеркәсіп өнімін соғысқа дейінгі 1940 жылғы көрсеткіштен 2,2 ece асыру жоспарланды. Қазақ метал­лургия зауытының қүрылысын аяқтау, Қараганды металлургия құрылысын бастау көзделді.Бесжылдықты мерзімінен бұрын орындау жолында социалистік жарыс кеңінен қанат жайып, әсіресе, қара металлургия саласы үлкен табыстарга жетті. Теміртаудагы қазақ металлургиялық зауытын- да 2 мартен пеші, 3 прокат жүйесі,  Ақтөбе ферроспав зауытында өндірістің З-інші кезегі іске қосылды. Түсті металлургия саласында Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты салынып, ол алғашқы мы рышты бере бастады. Алты жаңа көмір шахтасы, Қаратон жэне Мұнайлы кәсіпшіліктері қатарға қосылып, мұнай өндіру соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда 52% артты. Электр қуатын өндіру 1945 жылмен салыстырғанда 2,3 ece өсті.Жеңіл өнеркәсіп саласында Петропавлдагы тігін фабрика­сы, Жамбылдагы, Қызылордадагы, Павлодардагы тері зауыттары өз өнімдерін бере бастады. Осыған қарамастан тұтыну тауарлары халықтың сүранысын қанағаттандыра алмады. 1950 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда түтыну заттарын өндіретін 65 қана өнеркэсіп орны болды. Республикада мақта, түбіт, тері көп мөлшерде орталыққа жіберілді одан дайындалған дайын мақта өнімінің 0,1%, түбіт өнімінің 1,4%, тері аяқ-киімнің 1,7% ғана пайдаланды. Өйткені, қаржының басым бөлігі бұрынғысынша әскери-өнеркәсіп салалары на жұмсалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет