1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


– 1966 ж.ж. экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы, аграрлық реформалар қайшылықтары



бет58/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

40.1965 – 1966 ж.ж. экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы, аграрлық реформалар қайшылықтары.


1964 ж. өткен қазан пленумында Хрущев орнынан алынып, 1-хатшылыққа Брежнев, Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Косыгин сайланды.
1965 жылы кеңес экономикасын барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа шаруашылық реформалары жүргізе бастады. Бұл бір уақытта бірнеше саланы - өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығын қамтыған, соғыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта ұйымдастырудағы ең, ірі шаралар болды. Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы Косыгин бастаған реформашыл күштер экономиканы басқарудағы әкімшілдікті сынай отырып, өнеркәсіпті басқаруды салалық қағидамен, жузеге асыруды, өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құруды ұсынды. Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен ене бастап, қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. 1965 жылы алтыншы шақырылған КСРО жоғарғы кеңесінің сессиясы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу мен бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылдады. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР халық шаруашылығы Кеңесі мен экономикалық аудандардың совнархоздары таратылды. Республикада бірқатар одақтық-республикалық салалық министрліктер құрылып, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза-кағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары біріктірілді.1965 жылғы шаруашылық реформасы бойынша жасалған қадамдар техникалық жағынан қайта жарақтандыру, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі мәселелерді шешуге ынталандырды. Кәсіпорын қызметін шамадан тыс бақылау жойылып, шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тетіктер жұмыс істей бастады. Әрбір қызметкер мен бүтіндей кәсіпорынды материалдық жағынан ынталандыруға баса назар аударылды.
1966 жылы Қазақстанда жоспарлаудың жаңа тәртібіне 11 өнеркәсіп орны, оның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты, Алматыдағы «Жетісу» аяқ киім фабрикасы т. б. көшті. Басқарудың жаңа формаларына өткен көсіпорындар жоспарларын асыра орындай бастады, олардың қайтарымдылығы да артты. Сол кезде шаруашылық жүргізудің мұндай формасына басқа кәсіпорындарды да көшіру жөнінде шешім қабылданды. Қолға алынған шаруашылық реформасы кәсіпорындар, құрылыс пен көлік жұмысын жандандыра түсті.
КОКП ОК 1965жылы кыркуйек Пленумы талдап жасаған аграрлық реформа ауыл шаруашылығын интенсивті жолға түсірудің талпынысы болды. Ұлттық табысты аграрлық саланың пайдасына қарай қайта бөлу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылығын өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді.Р
Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономикалық ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Л.И. Брежнев пен оның төңірегінділер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды. 70жылдардың басында реформаны жүргізу тоқтатылды.
Шаруашылық реформасы республиканың экономикалық дамуына белгілі дәрежеде қозғау салды. Бірақ реформаны жүзеге асырудың алғашқы қадамынан бастап-ақ жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа принциптерінің артықшылықтары, мүмкіндіктері толық пайдаланылмады. Басқарудың жаңа құрылған экономикалық жүйесі бірте-бірте өз позициясынан айрыла берді жоспарларға түзету енгізу жиіледі, кәсіпорындардың құқы шектелді, орталықтың өктемдігі күшейді, Реформа бір жағынан нақты жұмысшы орнына жетпей , екінші жағынан басқарудың сатылы буындарына соқпай кәсіпорындардың дәрежесінде тоқтап қалды. Реформаны тереңдетуге жасалған талпыныстар экономикалық экспериментке айналды. Саяси қолайлы жағдайлар болмағандықтан басқару жүйесінде түбірлі қайта өзгерістер жасалмады. Ел басшылары саяси жүйені өзгеріссіз қалдырып, үйлеспейтін нәрсені: басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерін үйлестіруге тырысты. Мұның өзі бюрократизмнің өрістеуіне және кәсіпорындардың дербестігін шектеуге алып келді, бұл экономикалық өсу қарқынының құлдырауына және техниканың бірсыпыра салаларында дүние жүзілік дәрежеден көп артта қалуға соқтырды. Реформа өндірістік сапа көрсеткіштерінің өсуін көтермелей алмады. Экономиканы өсудің экстенсивті факторларына бағыттай отырып, реформа көп жағдайда шығын көздерінің дамуына көмектесті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет