1 заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың ТҮсінігі және тәртібі


АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ



бет4/7
Дата25.05.2022
өлшемі104,6 Kb.
#145035
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мұқан Алтын

2 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

2.1. Аппеляциялық өндірістің түсінігі, козғау негіздері, пәні және шектері


Аппеляциялық өндіріс - басты мақсаттары бірінші инстанциялы соттың үкімдері мен қаулыларына келіп шағымдар мен наразылықтарды қарау, сот қателерін және күшіндегі зан нормаларының бұзылуын аныктау, жою, заңдылықты қалпына келтіру, сондай-ақ азаматты, қоғамды және мемлекеттІ қылмыстык іс бойынша өндірістің қатысушыларының құкыққа кайшы әрекеттерінен сақтау болып табылатын қылмыстық іс жүргізудің жеке сатысы


Аппеляциялық өндірістің негізгі белгілері:
1)шағымдану бостандығы - сотталушы, ақталушы, сотталушының және
ақталушының корғаушысы, олардың заңды өкілдері, жәбірленуші және оның өкілдері, сондай-ақ азаматтық талапкер, азаматгық жауапкер немесе олардың
өкілдері азаматтық талапқа қатысты бөлігінде заңды күшіне енбеген сот
үкіміне шектеусіз заңмен белгіленген мерзімде аппеляциялық шағым беруге
құкылы;
2) істің фактілік және заңдық жағы да аппеляциялық өндірістің пәні
болып табылады;
3)аппеляциялық сатыда істі қарау аппеляциялық шағымның немесе
наразылықтың шегімен шектелген;
4) аппеляциялық өндіріс барысында істі жаңадан қарау болмайды,
соттың жаңа дәлелдемелер жинау мүмкіндігі шектелген;
5)аппеляциялық саты алғашқы үкімді жақсы жағына да, ауырлататын
жағына да өзгертуі мүмкін;
6)аппеляциялық сатының шешімдері жоғарғы тұрған инстанцияға
шағымдалуы мүмкін.
Аппеляциялық шағым немесе наразылық білдірудің фактілік негізі ретінде мына жағдайларды санауға болады: бас сот талқылауында сот тергеуінің бір бағытты және толық емес болуы; бірінші инстанциялы соттың үкімдегі қортындылары істің мән-жайларына сәйкес келмеуі; өндіріс барысында қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі бұзылуы орын алса; қылмыстық заң дұрыс қолданылмаса; сотталушыға тағайындалған жаза қылмыстың ауырлығына және сотталушының тұлғасына сәйкес келмеуі.
Аппеляциялық өндірісті қозғаудың құқыктық негізі аппеляциялық шағым немесе наразылық болып табылады. Осыған сәйкес, өндірістің басталу уақыты шағым берген уақыт деп санауға болады.[12]
Аппеляциялық шағымның немесе наразылыктың мазмұны ҚР ҚПК-нің 407-бабында көрсетілген. Бұл кұкьқтық кұжатта міндетті түрде келесІ бөлімдер болуы тиіс.[13]
1.Шағым, наразылық жолданып отырған соттың атауы.
Заңды күшіне енбеген үкімдерге, қаулыларға апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қарайтын соттар
ережелерімен және ҚР ҚПК-нің 416-бабымен анықталады.
Аудандық және оларға теңестірілген соттардың заңды күшіне енбеген
1. Аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысы қарайды.
2. Гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын Әскери сот қарайды.
3. Егер іс бойынша үкім және қаулы шығарылса, онда үкімге апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және қаулыға жекеше шағымдар, прокурордың өтінішхаттары облыстық немесе оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысының бір отырысында қаралады.
4. Басты сот талқылауы барысында шығарылатын, бұлтартпау шарасы және ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы қаулыларға жекеше шағымдар, прокурордың өтінішхаттары іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін апелляциялық сатыда қаралады. Көрсетілген шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын апелляциялық сатыда қарау қылмыстық істі бірінші сатыдағы сотта одан әрі қарауды үзбейді.
2.Іс жүргізілгендегі жағдайы, түрғылыкты жері немесе жүрген жері
көрсетіле отырып, шағым жасаған немесе наразылық келтірген адам туралы деректер.
Деректер анык, нақты және дұрыс көрсетілуі тиіс. Шағымданушының тегі, аты-жөні, құқықтық мәртебесі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы, тіркелген тұрғылықты жерінің мекен-жайы, егер прокурордың наразылығы болса, оның қызметі және шені, сыныбы міндетті түрде көрсетІлуі тиіс.
Сонымен қатар, байланыс (үй немесе қызметтік) телефонын көрсеткен дұрыс болады. Бұл мәліметтерді келтіру шағымның, наразылықтың мазмұнын тексеруге. шағымданушы туралы қосымша мәліметтер алуға. істің материалдарына қажетті толықтырулар енгізуге, сондай-ақ шағымданушыға немес прокурорға шағымның, наразылықтың мәні бойынша іс жүргізушіік әрекеттер туралы хабарлау үшІң кажетті.
3.Шағым жасалып, наразылық келтіріліп отырған үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы.
Шағымдалып отырған үкімді ғана емес, істің кысқаша фабуласын :еткен көрсеткен дұрыс болады. Бұл аппеляциялық сатыдағы соттың бағдарландырылуына, жасалған әрекеттің жағдайлары туралы алғашқы көзқарас тудыруға, қажетті мәліметтерді толық ашуға көмектеседі.
4.Үкімге, қаулыға толық немесе онын бір бөлігіне шағым жасалып,
наразылық келтіріліп отырғанын көрсету.
Бұл бөлім осы іс бойынша аппеляциялық өндірістің пәнін және шегін дәл анықтауға мүмкіндік береді, үкімнің орындалуын токтату мәселесін дұрыс шешуге, бұлтартпау шарасына, қосымша куәларды шақыруда, сараптама тағайындауда және іс бойынша объективтік шындықты орнатуға көмектеседі.
5. Шағым, наразылық келтірген адамның пікірінше сот үкімінің,
қаулысьның дүрыс еместігі неде екендігі жөнінде дәлелдері және оның өтінішінің мәні.
Шағымның бұл бөлімі шағымданушының (наразылық білдірген прокурордың) позициясын келтіруге арналған. Бастамашы шағымданушының қортындылары анық, кезектілікпен, және логиялық тұрғыдан дұрыс келтірілуі тиіс. Автор бірінші инстанциялы соттың үкімінің қай бөлмдерімен және қандай себептермен келіспейтіндігін нақты және аргументті көрсетуі тиіс және ол заң бүзушылыктық немесе фактілік қатені жоюда не ұсынатын өтінішін нақты көрсетуі тиіс. Өтініш құқықты, орындалатын және негізді болуы тиіс.
6. Арыз беруші өз талаптарына негіз ететін, соның ішінде бірінші
сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер. Шағымның (наразылықтың) бұл
бөлімінде шағымданушының қорытындыларын куәландыратын барлық
фактілік мәліметтерді, материалдарды және кұжаттарды келтіру керек.
7.Шағымға, наразылыққа қоса тіркеліп отырған материалдардың тізбесі. Аппеляциялық шағымды, наразылықты тізбелеу тәртібінде барлық құжаттар және материалдар шағын мәтінінде көрсетіледі. Тізбеде шағымның наразылыктың) нұсқаларының саны, анықтамалар, мінездемелер, тексеру немесе ревизия актілері, сараптама қорытындысы. бұрын жауап алынбаған тұлғалардың арыздары немесе түсініктемелері және т.б. шағымданушыда бар құжаттар көрсетіледі. Аппеляциялық шағымға немесе наразылыққа белгілі бір құжаттың көшірмесІн қосуға болады, бірақ істі аппеляциялық өндірісте қарау барысында шағымданушы құжаттың түпнұсқасы көрсетілуі қажет немесе басқа әдіспен көшірменің дұрыстығы фактісін дәлелдеу қажет.
8.Шағымдану, наразылық келтірген күн және шағым, наразылық келтірген адамның қолы болуға тиіс.
Шағымдану уақтысы аппеляциялық өндіріс сатысында іс жүргізушілік мерзіімдерді санау үшін қажет болғандықтан, үлкен маңызға ие болады. Шағым немесе наразылық берген тұлғаның қолы міндетті болып табылады. Өйткені, арыздың бұл түрі нақты персонифицирленген және ол тұлғаға іс жүргізушілік құқықтар мен міндеттердің толық кешені жүктеледі.
Егер шағым немесе наразылық жоғарыда келтірілген талаптарға сай болмаса. істің каралуына кедергі туғызады, шағымдар белгілі бір тәртіппен тіркеуге алынуы тиіс. Шағым, наразылық берілген болып саналады. бірак судья оны шағымданушыға, наразылық берілген болып саналады, бірак судья оны шағымданушыға немесе прокурорға белгілі бір мерзім ішінде қайта рәсімдеуге жібереді. Егер, көрсетілген мерзім ішінде аппеляциялық шағым немесе наразылық түзетілген түрде берілмесе, шағым, наразылық берілмеген болып саналады.[14]
Аппеляциялық өндірістің мәні ҚР ҚПК-нің 424-бабында көрсетілген.
пелляциялық қараудың нысанасы
1. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істе бар және қосымша ұсынылған, апелляциялық сатының отырысында зерттелген материалдар бойынша iстiң нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстық-процестік заң нормаларының сақталуын, бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң немесе қаулысының әділдігін, заңдылығын және негiздiлiгiн осы Кодекстің 426-бабының бірінші бөлігінде белгіленген шектерде тексередi.
2. Алқабилер қатысқан соттың үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қарау тәртібі осы Кодекстің 69-тарауының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
3. Кассациялық саты үкімнің және барлық кейінгі қаулылардың күшін жойып, істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жіберген жағдайда істі апелляциялық сатыда қарау осы Кодекстің 41 – 46-тарауларының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
-қылмыстық іс бойынша өндірісті жүргізу барысында қылмыстық іс жүргізу нормаларының сақталуын. Қылмыстық сот өндірісінің тәртібін анықтайтын заң ҚПК-нің 1-бабында көрсетілген.
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, Қылмыстық-процестік кодексiнде айқындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн өзге де заңдардың ережелерi осы Кодекске енгiзiлуге жатады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің және Жоғарғы Сотының қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк қаулылары қылмыстық-процестік құқықтың құрамдас бөлiгi болып табылады.
3. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында азаматтық немесе әкiмшiлiк құқыққа сәйкес шешiлуге тиiсті мәселенi қарау қажеттiгi туындаса, ол азаматтық немесе әкiмшiлiк iс жүргiзу тәртiбiмен шешiледi.

-бірінші инстанциялы соттың үкімінің немесе қаулысының заңдылығын және негізділігін. ҚПК-нің 388-бабына сәйкес, Үкiмнiң заңдылығы мен негiздiлiгi


1. Сот үкiмi заңды және негiздi болуға тиiс.

2. Егер үкiм заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негiзiнде шығарылса, ол заңды болып танылады.


3. Егер үкiм сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелердi жан-жақты және объективтi зерттеу негiзiнде шығарылса, ол негiздi деп танылады
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, аппеляциялық сатыда істі қараудың пәні істің фактілік жағдайларын бекітудің дұрыстығын және қылмыстық заңның колданылуының, сондай-ақ өндіріс барысында қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының сакталуының дұрыстығын, бірінші инстанциялы соттың үкім немесе каулысының заңдылығын және негізділігін бекіту болып табылады. Яғни, аппеляциялық өндіріс сатысындағы тексеру объектісі шағымдалып немесе наразылық келтіріліп отырған сот шешімінің фактілік жағы ғана емес, занды жағы да тексеру объектісі болып табылады. Сонымен жоғарыда келтірілген негіздерге сүйене отырып, аппеляциялық өндіріс туралы мен өз ұғымымды ұсынамын. Аппеляциялык өндіріс дегеніміз - заңды күшіне енбеген сот шешімдерін шағымдануға (наразылық білдіруге) құқықты субъектілердің, сондай-ақ екінші инстанциялы соттың шағымдалған (наразылық білдірілген) сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарауға қатысты қызметінің іс жүргізушілік әрекеттердің жиынтығы.[15]
Заңда аппеляциялық сатыда істі қараудың шектері нақты түрде көрсетілген. ҚР ҚПК-нің 426-бабына сәйкес, аппеляциялық тәртіпте істі қарайтын сот үкімнің заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек үкімге шағым берілген немесе наразылық білдірілген бөлігінде және шағым немесе наразылық білдірілген сотталушыларға қатысты ғана тексереді. Егер, істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болса, сот осы ҚР ҚПК-де көзделген ережелерді сақтай отырып, үкімді сондай-ак шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылык білдірілмеген адамдарға қатысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы.
Бұл көрстілген ереже мына талаптармен негізделеді: - соттың бастамасымен сотталушының жағдайын нашарлатуға жол бермеу, өйткені, біріншіден, сотталушыға тағылған айыпты дәлелдеу айыптаушыға жүктелген; екіншіден, сот қылмыстық қудалау органы болып табылмайды, айыптау тарабының жағында болмайды.
Басқаша сөзбен айтқанда, аппеляциялық сатыдағы өндірісте сот төменгі тұрған соттың үкімін толық қарауға, қылмыстық істі қайтадан зерттеуге міндетті емес. Заң, бойынша ол шағымдалған бөлігінде ғана материалдарды зерттеумен (фактілік жағын) және наразылық білдірілген бөлігіндегі тұлғаларға ғана қатысты зерттеумен шектелуі мүмкін. Толық тексеруге іс бойынша өндіріс барысында заңдылықтың сақталуы ғана жатады. Алайда, апеляциялық сатыдағы қарау шектерін жеткілікті түрде аныктау, қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтардың құқықтары мен .бостандықтарын қорғауға соттың өкілеттіктерін шектеуді білдірмейді. Егер сотпен сотталушының құқыктары мен бостандыктарының заңсыз шектелгені және заңсыз үкім шығарылғаны анықталса, аппеляциялық сот шағымның немесе наразылықтың шегінен шығып және өзінің өкілеттіктерін үкімді өзгертуге немесе жоюға қатысты жүзеге асыруға құқылы. Сонымен қатар, заңда құқыктары мен заңды мүдделері бұзылған сотталушылардың ғана көрсетілуі және қылмыстық процестің басқа қатысушыларының ескерілмеуі (жәбірленуші, азаматтық талапкер, жауапкер және т.б.) заң мен сот алдындағы барлығының теңдігі қағидасынан ауытқығанды білдіреді. Мүны әділ деп санауға болмайды және біздің ойымызша күшіндегі заңға тиісті өзгертулер енгізілуі тиіс.[16]
Іс аппеляциялық тәртіппен ол келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс. Дәлелді себептер болған жағдайда бұл мерзім іс жүргізіліп жатқан аппеляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бір айға ұзартылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда істі аппеляциялық сатыда қарау мерзімін одан әрі ұзарту қылмыстық істер жөніндегі тиісті сот алқасы төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысымен жүргізілуі мүмкін |(ҚРКІЖК-нің 406-бабы).
Бірінші инстанциялы соттың үкімдерінің және қаулыларының атқарылуының созылуын болдырмау максатында аппеляциялық тәртіпте істі қарау мерзімі бір ай болып орнатылған. Бұл мерзім дәлелді себептермен бір айға ұзартылуы мүмкін. Дәлелді себептер: қаралатын істің күрделілігі; судьяны ауыстыру қажеттілігі; қосымша шағымдарды, наразылықтарды қарау қажеттілігі болуы мүмкін.
Енді істі аппеляциялық сатыда қарау шектерінің даулы құқықтық мәселелеріне токталсақ. ҚПК-нің 426-бабына сәйкес, "аппеляциялық тәртіпте істі қарайтын сот үкімнің заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек үкімге шағым берілген немесе наразылық білдірілген бөлігінде және шағым немесе наразылық білдірілген сотгалушыларға қатысты ғана тексереді". Бұл баптың екінші бөлімі істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болса, сот ҚР ҚПК-де көзделген ережелерді сақтай отырып, үкімді сондай-ақ шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылық білдірілмеген адамдарға қатысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы екендігін көрсетеді. Сонымен катар, ҚПК-нің 405-бабы аппеляциялық сатыдағы сотқа үкімнің заңдылығы мен негізділігін “толық көлемде» тексеруді жүктейді. ҚПК-нің 405-бабы аппеляциялық қараудың пәнін анықтаса да, ол аппеляциялық қараудың шектерін де көрсетеді.
Жоғарыда көрсетілген ҚПК-нін 426-бабы мен істі "толык көлемде" тексеру ережесі және ҚПК-нің аппеляциялық қаулының мазмұнына қатысты 443-бабы тәжірибеде қалай байланысады екен? Бұл сұраққа жауап біздің ойымызша, әрбір норманың мазмұнын түсінумен анықталады.
Толық тексеруге: шағым. берілмегеніне қарамастан барлық сотталушыларға қатысты қылмыстық істің толық тексерілуі; істің фактілік жағдайларын анықтаудың және қылмыстық заңның колданылуының дұрыстығы, қылмыстық іс жүргізу заңы номаларының сакталуы, сондай-ақ үкімнің заңдылығы мен негізділігі жатады. Мұндай тексеру бірінші инстанциялы сотпен бағаланған және аппеляциялық сатыға жіберілген материалдарға жүргізіледі.[17]
Кейбір жағдайларда шағым, наразылықта құқық бұзушылық туралы мәлімет болмайды, бірақ аппеляциялық өндіріс барысында олар анықталады. Істің қателіктері шағым берілмеген немесе наразылық білдірілмеген сотталушыларға да қатысты болуы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, сотталушылар жоғарғы тұрған соттарға жазалау шарасы туралы шағымданады. Шағым, наразылықтың үкімінің әділдігі немесе әділ еместігі туралы қорытындыларына істің фактілік жағдайларына талдау жасамастан бұрын және материалдық құқық нормаларының колданылуының дұрыстығын анықтамастан бұрын жауап беру мүмкін емес. Тараптар әрекеттің саралану мәселелеріне әрқашан дұрыс мән бере бермейді, олардың шағымдарында заңға сілтеме көп бола бермейді, көбінесе істің фактілік жағдайларына көңіл бөлінеді. Сотталушылардың шағымының қорытындылары көбінесе кінәлі немесе кінәсіздігі туралы мәселелерге байланысты болады.
ҚПК-сі нормаларының сотқа дейінгі және сот отырысында сакталуын тексеру аппеляциялық сатының негізгі мақсаттарының бірі. Аппеляциялық сатыдағы сот шағымда, наразылықта олар туралы көрсетілмегеніне қарамастан, істің фактілік жағдайларын тексеруі міндетті. Кассациялық соттардың қателіктерін сынай отырып, А.М.Ларин, мынаны көрсететін: «Шағымда дәлелдемелерге сілтеменің жоқтығы, соттың дәлелдемелерді зерттеу және өзінің қаулысында сотталушының кінәлілігін анықтайтын дәлелдемелерді көрсету міндетінен босатпайды". Қолданыстағы ҚПК-сі заңның бұл бөлімдегі қателігінің орнын толықтырды және шағымдану, наразылық білдіру субъектілерін "олардың ойынша үкімнің, қаулының дұрыс еместігі неде екендігін" және "арызданушының өзінің талаптарын негіздейтін дәлелдерін" келтіруді міндеттеді.Алайда шағымның, наразылыктың бұл міндетті элементерінің жоқ болуы сотты істі толық көлемде тексеру міндетінен босатпайды.[25;294б]
Үкімнің дұрыстығын тексерудің ревизиялық тәртібі барлық сотталушыларға қатысты нысаны және мәні бойынша шағымданбаған сотталушыларға да қатысты тексеруді білдіреді. Мұндай тексеру аппеляциялық негіздер бойынша жүргізіледі, бірақ шағымдалмаған, наразылық білдірілмеген және құқықтары мен мүдделері қозғалмаған шағымдар бойынша шешім заң бұзушылықтың сипатына байланысты болады. Егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің кабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болса, сот үкімді сондай-ақ шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылық білдірілмеген адамдарға қатысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы. Осыған сәйкес, заңшығарушы аппеляциялық сатының үкімнің күшін жою немесе өзгерту мүмкіндігін жоғарыда келтірілген талаптарға сәйкес болу керектігін бекітіп, нақты және біржақты шектеп қойды. Көрсетілген тәртіптен басқа, аппеляциялық сатының өкілетгіктері жок.[18]
Өкінішке орай, аппеляциялық соттың істі толық көлемде және ревизиялық тәртіпте тексеру міндетін тәжірибе өте кең қабылдады. «Өмірге немесе денсаулыққа зиян емес күш қолдану арқылы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен және тұрғын үйге заңсыз кірумен тонау қылмысы үшін сотқа берілген. Аудандық соттың үкімімен олар кінәлі деп табылып, II-ға қатысты адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, елеулі зиян келтіріп, қорқытумен және күш қолданып, озбырлық жасағандығы үшін ҚР ҚК-нің 346-бабының 3 бөлімімен сотталған. Іс Л-дың бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындау туралы шағымымен аппеляциялық тәртіппен қайта қаралды. А-ға қатысты үкім шағымдалмаған және наразылық білдірілмеген. Аппеляциялық саты соттың үкімінің күшін жойып, соттың корытындыларының істің фактілік жағдайларына сәйкес еместігін негізге ала отырып, істі сот отырысының жаңадан қарауына жіберген және өзінің қаулысында төмендегілерді көрсеткен:
"Сот айыптау үкімінің сипаттау бөлімінде Л және А біреудің мүлкін өмірге және денсаулыққа зиян емес күш қолдану арқылы П-ға катысты адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, түрғын үйге заңсыз кіріп тонау жасағандығын көрсетеді. Алайда, айыптау үкімінің қорытынды бөлімінде сот Л жене А-ны ҚР ҚК-нің 346 б. 3 б. көзделген қылмыс үшін кінәлі деп тапқан. Бұл ҚПК-нің 435-бабына мүлдем сәйкес келмейді. Мұндай жағдайларда үкімнің күші жойылуы және іс жаңадан қаралуға жіберілуі тиіс. Істі жаңадан қарауда іске маңызды жағдайларды толық, жан-жақты және объективті зерттеу керек және заңның барлық талаптарын сақтай отырып дұрыс үкім шығару қажет".
Бірақ, шағымданушының берген шағымының бөлігінде ғана бұл іс қайта қаралуы тиіс болатын. Аппеляциялық саты шағымданбаған тұлғаға да қатысты істі толық көлемде карауға кірісіп кеткен. Менің ойымша аппеляциялық инстанциядағы сот өз өкілеттіктерінен асып кеткен. Аппеляциялық сатыға берілген шағымда үкімнің күшін жоятын немесе өзгертетін негіздер болмаған. Істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болған жағдайда ғана заң соттың үкімнің күшін жоюға және үкімді өзгертуге құқылы екендігін көрсетеді. Жоғарыда келтірілген үкімнің қателіктеріне берілген шағымның өзінде аппеляциялық сатыдағы сот үкімнің күшін жоюға немесе өзгертуге құқығы болмаған.
Аппеляциялық сатыдағы қылмыстық істер бойынша соттардың қаулыларының мазмұнының талдаулары көрсетіп отырғандай, тәжірибеде шағымдар мен наразылықтардың қорытындыларына тиіссіз тексеру нәтижелерін аппеляциялық каулы мөтіндерінде "толық көлемде" деп көрсету орын алған. [19]

2.2. Аппеляциялық сатыдағы өндірістің және шешім қабылдаудың тәртібі.


Апелляциялық сатыдағы сот шағымдары, прокурордың өтінішхаты бар қылмыстық іс келіп түскен бойда сот отырысын тағайындайды, істі қараудың уақыты мен орны туралы тараптарға хабарлайды.


(ҚР ҚПК-нің 428-бабының 1 б.).
Істің қаралу орны мен уақытын бірінші саты сот тараптарға хабарлайды. Хабарлау тәсілі қарапайым - барлық іске қатысушыларға шақыру қағаздары жіберіледі. Сот отырысына қамауда ұсталып отырған сотталушыны шақыруды заңда бектілген тәртіппен аппеляциялық сатыдағы сот шешеді.
Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған адам жағдайының нашарлауы туралы мәселе қойылса, оның аппеляциялық сатыға қатысу туралы өтініші қанағаттандырылуға тиіс.
Аппеляциялық отырыстың орны мен уақыты туралы уакытылы хабарланған адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды. Аппеляциялық сатыға прокурордың қатысуы міндетті.
Үкіме шағымдану құкығы берілген сотталушы, ақталушы, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдері, жәбірленуші және оның өкілі, сондай-ақ үкім шығарылғаннан кейін тапсырма алушы сотталған (ақталган) адамның қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі соттың аппеляциялық отырысына барлық жағдайда жіберіледі. Оларға өздерінің өтініштері бойынша келтірілген шағымдарды немесе наразылыктарды не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.
Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау өндірісі соттың қалыпты жұмыс істеуін және процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүргізіледі. Аппеляциялық соттың сырткы нысаны (ритуалдық жағы) бас сот отырысының тәртібін қайталайды. Бірінші сатыдағы соттағы секілді сот приставы немесе сот отырысынң хатшысы "Сот келеді" деп хабарлайды. Залдағылардың барлығы тұрады, одан соң төрағалық етушінің ұсынысымен отырады. Сот отырысына қатысушылар сотқа тұрып жауап береді. Бұл ережелерден ауытқуға тек төрағалық етушінің рүксатымен рұксат етіледі. Сот отырысында отырып жауап беру мүмкіндігі қарт кісілерге, науқастарға, мүгедектерге беріледі.[20]
Сот отырысына қатысушы барлық тұлғалар сот отырысының төрағалық етушісінің сот отырысының тәртібін сақтау туралы нұсқауына мойын сұнуы міндетті.
Он алты жастан кіші тұлғалар, егер олар тарап немесе куә болып табылмаса сот отырысына жіберілмейді. Қажет болған жағдайда сот приставы азаматтан оның жасын куәландыратын құжат талап етуге құқылы. Сот залына сонымен қатар, мас күйіндегі адамдарға кіруге тыйым салынады.
Енді аппеляциялық сатыда істі қарау тәртібіне тоқталайық. Оның тәртібі ҚР ҚПК-нің 427-бабында керсетілген.
Апелляциялық сатыдағы сот отырысын дайындау

1. Егер шағымдардағы, прокурордың өтінішхаттарындағы дәлелдерді тексеру үшін тиісті процестік әрекеттерді орындау қажет болса, судья іс келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде істі апелляциялық сатыда қарауға дайындау туралы қаулы шығарады, онда алқа отырысына тиісті адамдарды (сотталған адамды, ақталған адамды, жәбірленушіні, куәларды, сарапшыларды, мамандарды) шақыру және олардан жауап алу туралы, материалдарды талап етіп алдыру және істі дұрыс шешу үшін қажетті өзге де әрекеттерді жасау туралы нақты көрсетеді. Судья қаулыда дайындық әрекеттерін орындау үшін қажетті уақытты ескере отырып, істі апелляциялық сатыда қарау күнін көрсетеді. Судьяның апелляциялық сатыдағы отырысты дайындау туралы қаулысының көшірмесі шығарылған күнінен бастап үш тәулік ішінде процеске қатысушыларға жіберіледі.[26]


2. Судья тараптардың өтінішхаты немесе өз бастамасы бойынша сотталушыға немесе сотталған адамға қатысты бұлтартпау шарасын сақтау, таңдау, оның күшін жою немесе оны өзгерту туралы мәселені шешеді, ол туралы қаулыда көрсетеді.


Аппеляциялық шағымда немесе наразылықта келтірілген дәлелдерді растау немесе теріске шығару үшін сөз сөйлеушілер істі қарау басталғанға дейін аппеляциялық сатыға қосымша материалдар беруге құқылы. Қосымша материалдарды тергеу іс-әректтерін жүргізу жолымен алуға болмайды. Сотқа қосымша материалдар берген адам олардың кандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету кажеттігіне байланысты туындағанын көрсетуге міндетті. Қосымша метериалдардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы сот қаулы шығарады. Істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар қосымша тапсырылған материалдар, егер олардағы мәліметтер бірінші сатыдағы соттың қосымша тексеруі мен бағалауын керек етпесе, үкімді, қаулыны өзгеруге негіз болуы мүмкін. Өзге жағдайларды қосымша материалдар сот үкімінің, қаулысының күшін жойып, істі бірінші саты бойынша жаңадан қарауға жіберуге негіз бола алады.[21;21б]
Аппеляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы сотқа қарағанда істің фактілік жағын орнату бойынша өкілеттіктері тарлау. ҚР ҚПК-нің 410-бабына сәйкес, аппеляциялық шағыммен немесе наразылықпен келіп түскен істі қарау кезінде сот тараптардың өтініш жасауы бойынша немесе өз бастамасымен:
1) сот психиатриялық сараптама тағайындауға;
2) егер істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша
жүргізу мүмкін болса, өзге де сараптама тағайындауға;
3) сотталғанның, жәбірленушінің және іске қатысушы басқа да
адамдардың денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы
соттылығы туралы деректерге байланысты кұжаттарды талап етіп
алуға құқылы.
Сот отырысының хаттамасында ашылмаған жайлар болған және куәлардың (жәбірленушілердің) әртүрлі түсінуге мүмкіндік беретін айғақтары баяндалған жағдайда, сот өз бастамасымен немесе тараптардың өтініш жасауы бойынша ол адамдардан жауап алуға құқылы. Бұл жағдайда, сотталғанның сот отырысына катысуы міндетті. Жауап алудың алдында куәға, жәбірленушіге жалған айғақтар бергені және айғақтар беруден бас тартқаны үшін ҚР ҚПК-нің 370 -бабының екінші бөлігінде белгіленген жауап алудың алдында төрағалық етуші куәнің жеке басын айқындайды, оның сотталушыға және іске қатысатын басқа тұлғаларға деген қарым-қатынасын анықтайды, іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борышы мен міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауаптылығын түсіндіреді. Куәға, сондай-ақ, – өзіне-өзі, өз жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден, ал діни қызметшілерге – тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға да қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екені түсіндіріледі. Заң бойынша айғақ беру міндетінен босатылған, бірақ айғақ беруге тілек білдірген адамдарға олардың көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауаптылығы түсіндіріледі. Куәға осы Кодекстің 74-бабында Азаматтық жауапкер
1. Қылмыстық iсте өзіне талап қойылған жеке немесе заңды тұлға азаматтық жауапкер болып танылады.
2. Азаматтық жауапкердің өзіне қойылған талапқа байланысты өз мүдделерiн қорғау мақсатында:
1) күдіктің, айыптаудың және азаматтық талап қоюдың мәнiн бiлуге;
2) талап қоюға қарсылық бiлдiруге, қарсы талап қоюды беруге;
3) қойылған талаптың мәнi бойынша түсiнiктемелер мен айғақтар беруге;
4) өкiлiнің болуына;
5) қылмыстық iске қосып тігу үшiн материалдарды ұсынуға;
6) өтiнiшхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
6-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдануға келісім білдіруге;
7) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн азаматтық талап қоюға қатысты материалдармен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәлiметтi және кез келген көлемде жазып алуға;
8) өзiнiң мүдделерiн қозғайтын қабылданған шешiмдер туралы бiлуге және мәлiмделген азаматтық талап қоюға қатысты процестік шешiмдердiң көшiрмелерiн алуға;
9) азаматтық талап қоюдың кез келген сот сатысында қаралуына қатысуға;
10) сот жарыссөздерiнде сөйлеуге, қылмыстық процестi жүргізетін органның әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағым келтіруге;
11) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге;
12) соттың үкiмi мен қаулысына азаматтық талап қоюға қатысты бөлiгiнде шағым жасауға;

13) азаматтық талап қою бөлiгiнде iс бойынша келтiрiлген наразылықтар, прокурордың өтінішхаттары және шағымдар туралы бiлуге және оларға қарсылықтар беруге;


14) мәлiмделген шағымдардың, прокурор өтінішхаттарының және наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға;
15) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы мәлімдеуге құқығы бар.
3. Азаматтық жауапкер осы Кодекстiң 71-бабының сегізінші бөлiгiнде көзделген мiндеттерді көтереді.
4. Азаматтық жауапкер, сондай-ақ заңда көзделген басқа да құқықтарға ие болады және басқа да мiндеттерді көтереді.

ҚПК-нің 431-бабына сәйкес, істі апелляциялық тәртіппен қараудың нәтижесінде сот өз қаулысымен апелляциялық шағымдарды, наразылықты қарау кезінде зерттелген қосымша материалдармен бірге бірінші сатыдағы сот зерттеген дәлелдемелерге негізделген мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1. Сот істі апелляциялық тәртіппен қараудың нәтижесінде мынадай:


1) бірінші сатыдағы соттың үкімін, қаулысын – өзгеріссіз, ал апелляциялық (жекеше) шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыру;


2) үкімді өзгерту;


3) үкімнің күшін жою және істі толық көлемінде немесе бір бөлігінде тоқтату;


4) айыптау үкімінің күшін жою және жаңа айыптау немесе ақтау үкімін шығару;


5) ақтау үкімінің күшін жою және жаңа ақтау немесе айыптау үкімін шығару;


6) алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің күшін жою және істі жаңадан сот қарауына жіберу;


7) жаңа қаулы қабылдау арқылы қаулыны өзгерту, қаулының күшін жою;


8) осы Кодекстің 323-бабына, 340-бабының үшінші бөлігіне сәйкес және сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында қылмыстық-процестік заңды бұза отырып, процестік келісімнің жасалуына байланысты үкімнің күшін жою және істі прокурорға жіберу;


9) осы Кодекстің 436-бабы үшінші бөлігінің 2), 5) және 9) тармақтарында көзделген процестік құқық нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда және сотта қылмыстық-процестік заңды бұза отырып, процестік келісімнің жасалуына байланысты үкімнің күшін жою және істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберу;


10) егер іс мәні бойынша қаралмаса, сот қаулысының күшін жою және істі жаңадан қарауға жіберу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.


2. Апелляциялық сатыдағы сот шағымдарда, прокурордың өтінішхатында көрсетілген шектерде және негіздер бойынша ғана сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға құқылы.


Жоғарыда келтірілген сот шешімдерінің кез-келгені қорытынды кұжат, соттың қаулысымен рәсімделеді. Енді апелляциялық қаулының мазмұнына тоқталайық. Апелляциялық қаулы кіріспе, сипаттамалы-дәлелді және қарар бөлімдерінен тұрады. Қаулының кіріспе бөлімінде:
- қаулы шығарылған уақыт пен орын;
- қаулыны шығарған соттың атауы және апелляциялық алқаның құрамы;
- апелляциялық наразылық немесе апелляциялық шағым жасаған адамдар;
- істі апелляциялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетілуге тиіс.
Қаулының сипаттамалы-дәлелді бөлігінде берілген апеляциялық шағымдардың, наразылықтың, оларға қарсылықтардың дәлелдері, апелляциялық сатыдағы сотқа қатыскан адамдардың пікірлері, сондай-ақ қабылданған шешімнің себептері қысаша баяндалуға тиіс. Егер шағьмдар, наразылық қанағаттандырылмай қалдырылса, қаулының сипаттамалы дәлелді бөлігінде шағымдардың, наразылықтың дәлелдері негізсіз немесе елеулі емес деп танылған негіздеме көрсетілуге тиіс. Үкімнің күші жойылған немесе ол өзгертілген жағдайда, қаулыда қылмыстық немесе қылмыстық іс жүргізу заңының қандай баптарының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылық неден көрінетіні, бірінші сатыдағы соттың үкіміне өзгерістер енгізгендегі негіздер көрсетілуге тиіс.[22]
Егер апелляциялық сатыдағы сот ҚПК-нің 442 -бабының бірінші бөлігінде көзделген шешімдерді қабылдаса, қаулының сипаттамалы-дәлелді бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешімі дұрыс емес деп танылған себептер, сондай-ақ сотталған адам жағдайының нашарлауы негіздері келтірілуге тиіс. Іс соттың жаңадан талқылауына жіберілген жағдайда қаулыда іс жаңадан қаралған кезде қаңдай заң бұзушылық жойылуы керек екені көрсетілуге тиіс. Бұл ретте апелляциялық сатының айыптаудың дәлелденгендігі немесе дәлелденбегендігі туралы, дәлелдемелер, кұқығы туралы немесе бір дәлелдемелердің басқаларынан басымдығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қылмыстық заңды колдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешіп қоюға құқы жоқ.[27]
Yкiмдi өзгерту

1. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді былайша өзгертуге:


1) сот тағайындаған жазаны немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрiн жеңiлдетуге;
2) онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға және өзгертілген саралануға сәйкес жаза тағайындауға;
3) айыптаушы тараптың шағымын, прокурордың өтінішхатын қанағаттандыру үшін негіздер болған кезде неғұрлым қатаң жаза тағайындауға немесе қосымша жаза қолдануға;
4) мән-жайлар дұрыс анықталған, дәлелдемелер толық зерттелген және талданған, сотталған адамның әрекеттері дұрыс құқықтық сараланған және негізгі жаза дұрыс тағайындалған жағдайда, қосымша жаза қолдануға;
5) сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің заңда көзделгенiнен неғұрлым жеңіл түрiн тағайындаудың күшiн жоюға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемесiнiң түрiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес тағайындауға;
6) егер бiрiншi сатыдағы сот оны жасамаса немесе дұрыс жасамаса, қылмыстардың тиiстi қайталануының орын алғандығын тануға;
6-1) шартты түрде соттаудың не жазаны өтеуді кейінге қалдырудың күшін жоюға;
7) алдыңғы үкiм бойынша шартты түрде соттаудың күшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 64-бабының бесiншi бөлiгiне сәйкес жоюға не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабының бесінші бөлігіне сәйкес алдыңғы үкім бойынша жазаны өтеуден босатудың күшін жоюға және осыған байланысты, егер бiрiншi сатыдағы сот мұны жасамаған болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 60-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға;
8) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоюға және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға;
9) үкімге азаматтық талап қою, процестік шығындарды және Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді өндіріп алу бөлігінде өзгерістер енгізуге;
10) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

2. Апелляциялық сатыдағы сот сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешімдерді, егер осы негiздер бойынша прокурор өтінішхат келтірсе немесе жекеше айыптаушы, жәбiрленуші, олардың өкiлдерi шағым берсе ғана қабылдауға құқылы.


Қаулының қарар бөлігінде апелляциялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешімі көрсетіледі (ҚПК-нін 443б.).
Апелляциялық қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылады, оған судьялардың бүкіл кұрамы қол қояды және судьялар кеңесу бөлмесінен қайтып келгеннен кейін отырыс залында оқылады. Сот ҚПК-нің 444-бабының бірінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып, қаулының қарар бөлімін шығара алады.
Апелляциялық үкім, қаулы шығару және олардың заңды күшіне енуі

1. Апелляциялық үкім, қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылады, оған судья (судьялар) қол қояды және судья (судьялар) кеңесу бөлмесінен қайта оралғаннан кейін отырыс залында сот актісінің кіріспе және қарар бөліктері жария етіледі.


2. Үкімнің, қаулының көшірмелері шығарылған күнінен бастап он тәуліктен кешіктірілмей тараптарға жіберіледі.


3. Апелляциялық үкім, қаулы жария етілген кезінен бастап заңды күшіне енеді.


4. Апелляциялық сатының қаулылары кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.


Егер, кейбір сотталғандарға қатысты белгіленген мерзімде берілген апелляциялық шағымдар, наразылық апелляциялық сатыдағы сотқа басқа сотталған адамдарға қатысты істер қаралғаннан кейін келіп түссе, шағымданудың, наразылық келтірудің өтіп кеткен мерзімін басқа сотталған адамдарға қатысты іс қаралғаннан кейін ҚПК-де көзделген тәртіппен сот қалпына келтірсе, апелляциялық қаулының күші жойылмай-ақ істі апелляциялық сатыда қайта қарауға жол беріледі.


Апелляциялық сатыдағы сот сотталғанның, оның қорғаушысының немесе өкілінің шағымдарын осы адамға қатысты іс процеске қатысушы басқа да адамдардың апелляциялық шағымдары, наразылығы бойынша қаралған жағдайда да қарауға міндетті. Егер қайтадан шығарылған қаулы апелляциялық сатыда бұрын шығарылған қаулыға қайшы келген жағдайда, тиісінше Жоғарғы Соттың немесе облыстық сот пен соған теңестірілген соттың төрағасы қадағалау сатысына апелляциялық қаулылардың бірінің күшін жою туралы ұсыным жасайды (ҚПК-нің 444-2 б.).
Бастапқы үкімнің күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға тиіс. Егер айыптаушы тараптың апелляциялық шағымында, наразылығында шдай өтініш жасалса және оны апелляциялық сатыдағы сот бастапқы үкімнің күшін жоюдың негізі ретінде көрсетсе, істі жаңадан қараған кезде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға жол беріледі.
Істі жаңадан қараған кезде бірінші сатыдағы соттың: егер айыптаушы тараптың шағымы, наразылығы бойынша үкімнің осы бөлігінің күші жойылмаған болса, сотталғанды айыптаудың бастапқы үкімде алып тасталған бөлігінде кінәлі деп тануға;
-егер бастапқы үкімнің күші осы негіздер бойынша емес, айыптаушы тараптың шағымы, наразылығы бойынша жойылған болса да, жазаны күшейтуге, бас бостандығынан айыру мерзімінің бір бөлігін түрмеде өткізуді немесе неғұрлым қатаң режимдегі колонияларда өткізуді тағайындауға, қосымша жаза тағайындауға немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ.
Істі жаңадан қараған кезде бірінші сатыдағы сот шығарған үкімге жалпы тәртіппен шағымдануға, наразылық білдіруге болады. Бұл ретте, егер бірінші үкімнің күші сотталғанды қорғаған шағым, наразылық бойынша жойылса, ал екінші үкімнің күші жазаның жеңілдігіне немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне орай жойылса, істі үшінші мәрте қарап жатқан сот екінші үкімге қарағанда неғүрлым қатаң жаза тағайындауы немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануы мүмкін, бірақ оның бірінші үкіммен салыстырғанда жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ (ҚПК-нің 444-3 б.).
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, апелляциялық өндіріс сот және тараптар шағымдануға (наразылық білдіруге) заңда белгіленген әрекеттер жасау істің материалдарын зерттеу, шешімді қайта қарау, негізді және әділ шешім шығару сияқты қылмыстық іс жүргізу қызметінің бірнеше сатысынан тұрады. Бірінші саты, бірінші сатылы соттың шешіміне шағымдану, наразылық білдіруден тұрады. Екінші саты, апелляциялық өндірістің құрылымынан тұрады. Яғни, соттың шағымды, наразылықты қабылдауынан, заңда көрсетілген әрекеттер жасауынан тұрады. Үшінші саты шағымның, наразылықтың мәні бойынша істі қарау және ол бойынша шешім шығару. Апелляциялық өндірістің бұл сатыдағы басты бағыты берілген шағымды, наразылықты толық, жан-жақты қарау, келтірілген дәлелдемелерді зерттеу, тараптардың пікірлерін тыңдау және солардың негізінде негізді, әділ, объективті шешім шығару болып табылады.[23;19б]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет