1 заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың ТҮсінігі және тәртібі



бет3/7
Дата25.05.2022
өлшемі104,6 Kb.
#145035
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мұқан Алтын

Дипломдық жұмыстың құрылымы:зерттеу мақсатына сай кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.


ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІ МЕН ҮКІМДЕРІНЕ НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРУ, ШАҒЫМДАНУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ.


1.1. Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-құқықтық талдаулары.

Апелляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-қүқықтық талдауларын мен үш бөліммен қарастырдым: 1) қазақтардың дәстүрлі қүқығы бойынша шешімдерін қайта қарау институты; 2) кеңестік дәуірде Қазақстан соттарының шешімдерін қайта карау институттары және 3) кассациялық өндірістен апелляциялық өндіріске өту.


1. Қазақтардың дәстүрлі құқығы бойынша шешімдерді қайта қарау институты
Қазақстанның сот өндірісі кез келген ұлттық құрылым сияқты дәстүрлі құқық негізінде дүниеге келген еді. Қоғамның және оның институттарының дамуына байланысты қазақтардың дәстүрлі кұкығы да дамып, жетілдіріліп отырды. Қазақстан Ресейге косылғаннан кейін оның аумағында қылмыстык іс жүргізудің екі түрі колданылды: біріншісі, қазақтардың дауларды, қүқық бұзушылықтарды және қабылданған шешімдерге шағымдануды шешуде ұлттық салт-дәстүрге негізделген дәстүрлі құқық бойынша сот өндірісін жүргізу, екіншісі, Қазақстанда тұратын орыстардың мүддесіне қатысты істер бойынша сот өндірісін жүргізу. Сот өндірісінің екінші түрі бойынша іс орыс тілінде және Ресей заңдары негізінде жүргізілді. 1917 жылғы Қазан төңкерісі елдегі биліктің еңбекші тап кеңестерінің қолына көшкендігін әйгілеп берді. Революция жасақтаған кеңестік өкімет органдары Қазақстандағы бұрынғы сотгарды жойып, олардың орнына жаңасын құра бастады. Қазакстандағы сот жүйесінің кұрылуы және оның дамуы Қазақстан заңнамасының өркендеуіне және мемлекеттік мәртебесінің өзгеруіне байланысты бірнеше кезеңдерді қамтыды.[2]
Қазақтардың ежелгі дәстүрлі қүқық нормаларын жан-жақты зерттеп алмайынша, Қазақстан Республикасындағы апелляциялық өндіріс жайлы толықкқанды әңгіме айту тіпті де мүмкін емес. Өкінішке орай, отандық қылмыстық процесс жүйесінде соттың үкімдері мен шешімдерін апелляииялық кайта карау институты соңғы уақыттарда ғана пайда болғандыктан, Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ құқықнамасынан бұл тақырыпты дөп басып тауып алудың қиын екені де рас.
Дәстүрлі кұқық туралы сөз қозғау үшін, біріншіден, оның құрамы жағынан біркелкі болмағанын атап өткеніміз жөн. Ол сипаты жағынан әр гүрлі нормалар мен институттардың басын біріктірді. Әйтсе де, бұлар өмірде бір-бірінен тым алшақ емес, қайта іштей өзара астасып, біте кайнасып жатқандай еді. Түп тамыры сонау тереңде жатқан кейбір нормалар мен институттардың күні кешегі- XIX ғасырға дейін сақталып келгеніне тарих куә. Бәлкім, сондықтан да болар, казақтың дәстүрлі құқығындағы қайсы бір нормалардың қашан пайда болғанын тап басып айту оңай емес.
Қазан төңкерісіне дейін қазақтардың дәстүрлі қүқығында қылмыстық және азаматтык құқық бұзушылық ұғымдарының арасындағы шектеулер білінер-білінбес кана болды. Қазақтардың құқықтық пікірінің дамуы жөнінде XIX ғасырдағы әйгілі казақ ғалымы, Шығыстың ғаламат зерттеушісі Ш.Уәлиханов былай дейді; «Қылмыс пен тәртіпсіздік жөнінде жан дүниесі бөлек, тұрмыс-салты басқаша дамыған қырғыздардан (қазақтардан) орыстармен немесе басқа еуропалықтармен бірдей көзқарасты талап ету дұрыс емес».
Қазактың белгілі ғалымы, заңгер Т.Культелеев те өз кезегінде: «Қазақ құқығында арнайы «қылмыс» деген термин болмаған, оның орнына «жаман іс» немесе «жаман қылық» деген сөздер қолданылған» деп ой түйеді. Шын мәнінде. «қылмыс» ұғымы жаман іс-әрекет пен астасып, ол қоғамға келтірілген шығын ретінде емес, жәбірленушінің немесе онын туыстарының наразылығы ретінде бағаланды, Ал, мұндай жағдай, әрине, жәбірленушінің немесе оның туыстарының қарсы жақтан сыйақы төлеуді талап етуімен аяқталатын. Сондықтан, тіпті адам өліміне байланысты іс те екі жақтың келісімімен, құн төлеу арқылы шешімін табатын. Бұл кісі қазасының орнына жатыстырылатын материалдық өтем деп қабылданды. Осы жөнінде А.Крохалев былай дейді: «Қырғыздарда «кұн» деп өлген адамның қаны үшін немесе руластың мезгілсіз киылған өмірі үшін төленетін өтемді айтады. Сондай-ак, дәстүр бойынша құн мүліктік сыйақы ретінде дене жарақаты жәбірленушінің туған-туыстарына да төленеді». Мұны сөз жоқ, қоғамның даму ерекшелігімен, әсіресе, алғашқы қауымдастық пен феодалдық құрылым элементтерінің қатар өрілуімен түсіндіруге болар еді. Феодализм тұсында қоғамдық қатынас жеке меншікке негізделгендіктен, құқық та көбіне осыған ыңғайланды. Сол үшін де, жауаптылық жасалынған іс-әрекеттің ауыр, жеңілдігімен емес, ашығын айтқанда, жәбірленуші мен кінәлінің қай қоғамдық топқа жататындықтарымен өлшенді. Ол (уақыттарда қазақ қоғамында қылмыс пен азаматтық тәртіп бұзушылық ұғымдарының арасында нақтылы шектеулер болған жоқ. «Жәбірленуші – талапкер, ал қылмыскер - жауапкер деп аталды. Қылмыстық іс-әрекеттің де, азаматтық құқық бұзушылықтың да нәтижесі келтірілген зиян деп бағаланды».[3]
Академик С.Зиманов атап өткендей, қазақтың дәстүрлі қүқығы бірнеше жүздеген жылдар бойына кешеуілдеп қалған, тұйық шаруашылық негізінде дамып келді. Бұл әрине, дәстүрлі қүқықтың қайсыбір жекелеген қүқықтық нормаларына өзіндік салқынын тигізді. Мәселен, XIX ғасырдың ортасына дейін дәстүрлі құқық жөніндегі жазбалардан тауар-ақша қатынастарын реттейтін нормаларды кездестіре алмайсыз; сот өндірісін жүргізу ешқандай жазбаша дәлелдемелерді талап етпеді. Кінәлі адамнан кек алу, тергеусіз сот жүргізу сияқты көне әдет-ғұрыптар көп уақытқа дейін бұзылған қүқықты қалпына келтіру тәсілі ретінде колданылып келді. Қазақ құқығының тарихында Тәуке хан мен «Жеті жарғы» заңының орны бөлек. Бұл жөнінде ХІХ ғасырдың басында аса кұнды еңбектері үшін көзінің тірісінде мойындалған орыстың шығыстанушы ғалымы А.Левшин былай деп жазды: “Кіші Орданың зерделі қырғыздары, біздің халық тыныштықта өмір сүрген кезде болған, бізде тәртіп те орнықты болған, бізде заң мен әділ сот та болған дегенді айтады».
Тәуке ханның заңдар жинағында көптеген қылмыстық және азаматтық-құқықтық нормалар және дәстүрлі құқық нормалары болды. Қазақтың дәстүрлі құқық жүйесін зерделей отырып, онда мынадай элементтердің бар екендігін байқаймыз: а) әдет-ғұрып; ә)билер сотының іс-тәжірибесі; б) билер құрылтайының ережесі. Бұл үш белгі өзара тығыз байланысты. Билер сотының іс-тәжірибесі немесе сот өнегесі, сондай-ақ, билер құрылтайының ережесі қолданыстағы қүқықтық дәстүрлерді тұрақты түрде толықтырып, өзгертіп отырды.
Заңдық күші бар әдет-ғұрыптар негізінен арнайы еш жерде жазылмаған, олар қысқа қайырылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер ретінде ұрпақтан-ұрпаққа ауыз екі жолмен жеткізіліп келген. Міне, хан Тәуке осылардың бәрін жинап, бір зандар жинағының — «Жеті жарғының» аясына жүйелеп топтастырған.
Билер сотының іс-тәжірибесі қазақтың дәстүрлі кұқығын дамытуда маңызды рөл атқарды. Атақты билердің жекелеген нақыл сөздері немесе үкімдері сондай ұқсас істерді қараған кезде үлгі ретінде қолданылды. Сөйтіп, келе-келе олар заңдық күшке ие болды.
XIX ғасырдың екінші жартысына дейін билердің шешімдері еш жерде қағазға түсірілмеген. Олар калайда ауыздан-ауызға таратылып отырған. Тек XIX ғасырдың екінші жартысынан кейін ғана билер кітабы енгізілді. Онда билер шығарған үкімдердің немесе шешімдердің қысқаша мазмұны жазылды. Кейбір жағдайларда билер сотының үкімдері жазба кұжат ретінде жеке рәсімделді.
Қазақтардың қылмыстық дәстүрлі құқығы тарихын зерттеу барысында Қазақстанның Қазан төңкерісіне дейінгі саяси жағдайына назар аударудың мәні зор. Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін мұндағы ең жоғары мемлекеттік билік ханның қолында болды. Ханның билігін қорғау тек сұлтанға тапсырылды. Сот және заң шығару міндеттерін хан билер кеңесімен бірлесе отырып, қазақтардың дәстүрлі құқығы негізінде жүзеге асырды. Егер дәстүрлі құқықта қайсыбір құқықтық жағдайды реттейтін норма жоқ болса, хан сол кемшіліктің орнын өзінің заң шығарушылық қызметімен ыңғайластырды. Мұндай кезде ханның соттық шешімі дәстүрлі құқыққа енгізілген маңызды толықтырылу деп есептеліп, соның негізінде жаңа құқықтық норма жасалынды. Хан жүргізген соттық талқылау ең соңғы сот инстанциясы деп саналды. Хандар мен сұлтандар ықпалды билерді қатыстыра отырып, аса маңызды істерді қарады.
Қылмыстық және азаматтық істерді талқылайтын арнайы орган-билер соты болды. Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін билер сот билігінен басқа жергілікті әкімшілік органдардың міндетін атқарды. Академик С.Зиманов билердің әлеуметтік рөлі мен қызметін үш бағытта сипаттайды: біріншіден, олар ірі феодалдық ақ сүйек өкілдері; екіншіден, билер көшпелі халыққа басшылық жасап, олардың іс-әрекеттерінен хабардар болып отырды; үшіншіден, олар судья еді (Зиманов С. Общественный строй казахов первой половины XIX века. Алма-Ата, 1958. 194-195-беттер).
Ежелгі дәстүрлі құқық нормалары бойынша билерді ақсақалдар сайлаған. Олар би болуға дәулетті және халықтың заңдық әдет-ғұрпын жақсы білетін тәжірибелі, білімдар адамдарды таңдады. Бұл жөнінде 1864 жылы жазылған “Сібір ведомствасына қарасты қырғыздардағы сот реформасы туралы жазбалар” деген еңбегінде (Уәлиханов Ш. Көрсетілген шығарма. 151-бет) Ш.Уәлиханов былай дейді: “Тек сот әдет-ғұрпы жөніндегі терең білімін шешендік өнермен ұштастыра білген қазақтарға ғана би деген құрметті атақ берілді.
Билер сотында қаралатын істердің бір ерекшелігі сол, мұнда, әдетте, қылмыстық істер тараптардың бастамашылығымен козғалады. Ал, дауды қарау процесі қарапайым және жұрттың бәріне түсінікті жүргізілді. Істі қарау барысында билер негізінен екі жақты татуластыруға тырысты. Шығарған шешімдерінің түпкілікті, әрі талапкерді де, жауапкерді де қанағаттандыруын көздеді.
Билер соты процестің бәсекелестігіне негізделді. Екі жақ дауды шешу үшін өздерінің қалаулары бойынша сөздерін бір биге немесе бірнеше биге арнады. Талапкерге шағымға қатысты дәлелдемелерді тапсыру міндетғелді. Жауапкерге өзін ақтайтын барлық дәлелдемелерін ұсынуға мүмкіндік берілді. Бұдан басқа, егер тараптар арасында келісім орнаса, қылмыстық процесті кез келген сатыда токтатуға рүқсат етілді. Соттық тергеу ісі басынан аяғына дейін ешқандай жазбасыз, ауызша жүргізілді.
Қазактардың дәстүрлі қүқығы билер соты шығарған шешімдерге тарптардың шағымдану мүмкіндігін қарастырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл институттың өзіне тән ерекшеліктері де болды.
Шағымдану қүқығына ешқандай шек койылмады. Билер сотының шешімі жөнінде басқа бір биге немесе хан сотына шағымдануға ерік берілді. Шешім жарияланғаннан кейінгі шағымдану мерзіміне де шек белгіленбеді. Шағымданушы өзінің қалауы бойынша, өзі сенім білдІрген кез келген биге өтініш білдіруге құқылы болды. Би талапкердің, сондай-ақ, екі жақтың тілегіне сүйеніп, істІ өндірісіне қабылдады. Істі қараған хан (би) шығарылған шешімнің әділдігіне көзін жеткізсе, бұл жөнінде арызданушыны хабардар етті. Егер хан (би) алдыңғы шешімді костап бекітсе, шағымданушы судьяға жабушы ретінде айыпталып, тиісінше жазаланды. Ал, егер шағым орынды деп табылса, хан (би) шешіміне шағым түскен биге келіп, екеуі кінәлаушымен жәбірленушінің көз алдында істі қайтадан қарады. Шешімнің әділетсіздігі дәлелденген жағдайда, хан (би) жаңадан шешу үшін істі әлгі биге кері тапсырды. Сол жерде, егер шешім қабылдаған бидің біржақгылығы әшкереленсе. онда хан (би) істі басқа биге өткізді
2. Кеңестік дәуірде Қазақстан соттарының шешімдерін қайта қарау институттары.
1917 жылдың 25 қазанында Ресейде жаңа өкімет - Кеңестер өкіметі
жарияланды. Осы кезеңде сот жүйесіндегі институттар, сондай-ақ сот
шешімдерін қайта карау мәселелері шешімін қалай тапты дегенге келер
болсақ, Кенес өкіметі өзінің сот құрылысы және сот өндірісі саласындағы
жұмысын, ең алдымен ескі сот аппаратын жойып, жаңа өкіметтің талабы мен
мұратына сай келетін жаңа сот жүйесін кұруға бағыттағанын атап өткеніміз жөн. Осы бағытга жасалған алғашқы қадам 1917 жылы «Сот туралы» №1
декреттің кабылдануымен басталды. Міне, осы декрет арқылы революцияға
дейінгі қолданыста болған ескі сот жүйесін таратудың негізі қаланған еді.
Сондай-ақ, осы және кейін қабылданған сот туралы №2 және №3 декреттер арқылы сот шешімдерін қайта қараудың жалғыз нысаны — кассация белгіленді.
«Сот туралы» № 1 декрет революцияға дейінгі сот институттарын, соның ішінде апелляцияны да жоюмен қатар жаңа сот жүйесІн бекітті. Ол жергілікті соттар және революциялық трибуналдардан қүралды.
1918 жылдың 7 наурызында жарияланған «Сот туралы» №2 декретте
аппеляциялық өндіріске рұксат етілмейтіндігі және сот шешімдерін қайта
қараудың жалғыз нысаны кассация екендігі нақтылана түсіп, бірінші рет
үкімнің күшін жоюға негіз болатын жайт-таратып көрсетілді.
1918 жылдың 20 шілдесінде қабылданған «Сот туралы» №3 декрет негізінен «Сот туралы» № 1 және №2 декреттердің ережелерін толықтырып, кассациялық өндіріске қатысты нормаларды нактылап берді. Осы декретке сәйкес сот шешімінде 500 рубльге дейін ақшалай өтем алуға және 7 күнге дейін бостандығынан айыруға жаза тағайындалған істер бойынша кассацияға рұқсат етілмеді.
1922 жылы сот реформасын жүргізудің нәтижесінде «РСФСР-дың сот құрылысы туралы ереже» қабылданды. Осы ережеге байланысты РСФСР аумағындағы екі тармақты сот жүйесі (халық соттары және революциялық трибуналдар) қолданылуын тоқтатты. Кассациялық инстанция ретіндегі алты халық судьясы қатыстырылатын халык соттары, губерниялық революциялық трибуналдар. Халық судьяларының кеңесі таратылып, олардың уәкілеттігі губерниялық сотқа берілді. Ол бірінші инстанциядағы сот ретінде аса маңызды кылмыстык және азаматгык істерді қарады және халық соттары қарайтын істер үшін кассациялық соттың міндетін атқарды. [4]
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық алқа Қазақстанның губерниялық (облыстық) соттары үшін қылмыстық істер бойынша кассациялық инстанция болып танылды. Кассациялық алқаның сот мәжілісі құрамына төрағалық етуші және екі мүшесі енгізілді.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы сот ретінде мемлекеттік маңызы бар істерді карады. Оның кұрамына да төрағалық етуші және екі мүшесі енгізілді.
РСФСР Жоғарғы сотының қазақ бөлімін ашу нәтижесінде Қазақстанда үш тармақты сот жүйесін (халық соты, губерниялық /облыстық/ сот, РСФСР Жоғарғы сотының қазақ бөлімі) құру аяқталған еді. Осы уақыттарда сот шешімдерін қайта қарау институтын әрмен қарай дамыту ушін 1922 жылдың 28 мамырында РСФСР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің қабылдануы, сосын 1923 жылдың 15 ақпанында БОАҚ-тың қаулысымен РСФСР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің жаңа редакциядағы нұсқасының бекітілуі үлкен рөл атқарды. Осы ҚПК бойынша сот шешімдерін қайта қарау институтының жалғыз нысаны ретінде кассация алынды. Бұл жөнінде 1923 жылғы ҚПК-нің 349-бабында былай деп жазылды: «Халық сотының үкімдеріне шағымдану мүдделі жақтардың кез келгені тарапынан тек іс өңдірісінде немесе істі сотта қарау барысында жіберілген тиісті тараптың құқығы мен мүдделерінің формальдық бүзылуы жөнінде жасалуы мүмкін. Бұл кассациялық шағым деп аталады және ол үкімнің мәніне ешқандай қатысты болмауы тиіс».
Кассациялық шағым, наразылық жасау құқығын процесс барысында айыптаушының міндетін атқаратын прокурор, азаматтық талапкер және оның мүддесін қолдаушы өкілдері, айыптаушы, оның заңды өкілдері және қорғаушылары иеленеді.
ҚПК-нің 344-бабына сәйкес сотгың үкімдеріне, яки. ұйғарымдарына жасалатын шағымдар соларды қабылдаған халык соты орналасқан аймақтағы губерниялық соттың кассациялық бөліміне ұсынылды.
Қазақ КСР-нің сот кұрылысы туралы жаңа заңы, Қылмыстык және қылмыстық іс жүргізу кодекстері 1958 жылдын 25 желтоқсанында КСРО Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «КСРО, одақтас және автономиялық республикалардың сот құрылысы туралы заңнамаларының негіздеріне», жоне одактас республикалардың қылмыстық заннамаларының сріне». «КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық сот өндірістерінің негіздеріне» сәйкестендіріліп жасалынған еді.
Сонымен, 1959 жылғы сот қүрылысы туралы заң бойынша Қазақ КСР-інде сот әділдігі республиканың Жогареы соты, облыстық соттары, аудандық (қалалық) халық соттары арқылы жүзсге асырылды.
Осы Қылмыстық іс жүргізу кодексі (1959 жыл) Қазақ КСР аумағында еліміз тәуелсіздік алып, Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі қабылданғанға дейін (І997 жылдың 13 желтоксаны) қолданыста болды.
Міне. сол уақыттан бастап, біздің мемлекетіміздің қылмыстық іс жүргіэуінде сот шешімдерін қайта қарау институтының мүлдем жаңа тарихы басталды.
3. Кассациялық өндірістен апелляциялық өндіріске өту'
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің ең тиімді құрылысы билікті үш тармаққа бөлу қағидасын бекітті. Олар - заң шығарушылық атқарушылық және сот билігі. Осылардың ішіндегі сот билігін жүргізу тек бірыңғай сотгарға жүктелген.
Апелляция институты Қазақстанның құқықтық жүйесі үшін бейтаныс болғандықтан, апелляциялық өндіріс туралы ережелердің іс жүзінде қолданылу проблемалары кім-кімді де қызықтырары анық. Бұл мәселені зерттеуді ең алдымен апелляциялық өндіріс туралы заңнамаларды талдаудан бастағанымыз жөн сияқты.
Сонымен, қазіргі уакытта ҚПК-нің 426-бабы мынадай редакцияда жұмыс істейді;
1. Істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот үкімнің, қаулының заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек шағымға немесе прокурордың өтінішхатына қатысты бөлігінде және шағымға немесе прокурордың өтінішхатына қатысы бар сотталғандарға қатысты ғана тексереді.
2. Егер істі қараған кезде басқа сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны, бұл заңсыз үкімнің, қаулының шығарылуына әкеп соққаны анықталса, сот осы Кодексте көзделген қағидаларды сақтай отырып, оның шағым жасалмаған, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралмаған бөліктерінде де және өздері туралы шағым, прокурордың өтінішхаты берілмеген адамдарға қатысты да күшін жоюға немесе оны өзгертуге құқылы.
Үкімді өздері туралы шағым, прокурордың өтінішхаты берілмеген адамдарға қатысты өзгертуге немесе оның күшін жоюға шағым, прокурордың өтінішхаты өзіне қатысты болатын адамға қатысты үкімнің күші жойылған немесе ол өзгертілген жағдайда ғана және қылмыстық құқық бұзушылықты бірлесіп жасаған басқа да сотталғандардың әрекеттерін саралауды сәйкес келтіру үшін ғана жол беріледі.[5]
3. Сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша істі қарай отырып, жекеше шағымдар, прокурордың өтінішхаттары болмаған кезде де, егер соттың жекеше және өзге де қаулылары апелляциялық сатының шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша қабылдаған шешіміне қарама-қайшы келсе немесе істің материалдарына және заңға сәйкес келмесе, олардың күшін жоюға немесе оларды өзгертуге құқылы.
4. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын, оларға қарсылықтарды және тараптардың дәлелдерін қарау бойынша шығарылған қаулымен (үкіммен) осы сот сатысында іс бойынша іс жүргізу аяқталады.
ҚПК-нің 421-бабының екінші тармағын үкімге (каулыға) шағымдану, наразылық білдіру үшІн белгіленген мерзім өткеннен кейін бір күннен кешікпей аталмыш Кодекстің 420-бабының талаптарын орындауды бірінші инстанциядағы сотқа міндеттейтін нақты нормалармен толықтырды, сондай-ақ, апелляциялық инстанциядағы соттар қарайтын объектілердің қатарынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты үкімдерінің алынуына байланысты ҚПК 416-бабының үшінші бөлігін тізімнен шығарып тастады.
Сонымен, кассациялық өндірісті қозғау тәртібін және кассациялық шағым жасауға, наразылық білдіруге байланысты тараптар мен сот арасында туындайтын құқықтық катынастарды реттеп келген ҚПК-нің 48-тарауы толығымен апелляциялық инстанцияның іс-әрекетіне қалдырылды (жоғарыда аталған өзгертулер мен толықтырулардан басқасы). ҚПК-нің 419,421,422,423-баптарына қосылған бұл өзгертулер мен толықтырулар 2014 жылдың 4 шілдеде қабылданған заң арқылы енгізілген болатын.
2014 жылдың 4 шілдесіндегі заң ҚПК-де калдырылған 49-тарауға мынадай өзгерістер мен толыктырулар енгізді:
-Апелляциялық караудың нысаны (424-бал). Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істе бар және қосымша ұсынылған, апелляциялық сатының отырысында зерттелген материалдар бойынша iстiң нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстық-процестік заң нормаларының сақталуын, бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң немесе қаулысының әділдігін, заңдылығын және негiздiлiгiн осы Кодекстің 426-бабының бірінші бөлігінде белгіленген шектерде тексередi.
Істі қарау мерзімдері туралы 425-бап Iс келiп түскен күнінен бастап бір айдан кешiктiрiлмей апелляциялық тәртiппен қаралуға тиiс. Егер сот жаңа материалдар мен дәлелдемелерді зерттеу және жаңа үкім шығару қажеттігіне негіз бар деп тапса, іс келіп түскен күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей апелляциялық тәртіппен қаралуға тиіс. Дәлелдi себептер болған кезде, көрсетілген мерзiмдер iс жүргiзуінде іс жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрi ұзарту тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың алқа төрағасының қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл ретте істі қарау мерзімінің әрбір ұзартылуы бір айдан аспауға тиіс.
Сонымен қатар, заңда қарастырылған істі қарау мерзімін ұзарту тәртібі де біршама киындатылып жіберген сияқты. Заң шығарушылар мерзімді дәлелді себептер негізінде іс өндірісінде жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы арқылы ұзартуды ұсынады. Ал, мерзімді әрмен қарай қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысы бойынша ұзартқанды жөн көреді. Біздіңше, істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін ұзартуды тиісті сот алқасының төрағасына тапсырған дұрыс болар еді. Өйткені, оған Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңы бойынша алқа судьяларының арасында істі карауды ұйымдастыру және алқа мәжілістерінде төрағалық ету міндеті жүктелген. Яғни, істі қарау мерзімін ұзарту мәселесін, ен алдымен сол істі зерттеген адам алқа төрағасының алдына кояды да, кейінгісі мән-жайды сатптай отырып, істің қарау мерзімін ауыстыру жөнінде тиісті шешім қабылдайды. Ал, заң шығарушылар ұсынғандай, үшінші судьяны іске араластыру, алқа төрағасының қабылдаған шешімі бойынша сот мәжілісін өткізу, біздіңше, тек соттың жұмысын қиындатып жібермек. Оның үстіне,мерзімді әрмен қарай ұзартуды қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы немесе тиісті сот төрағасы жүзеге асырады ғой. [6]
Бұл өзғерту ҚПК-нің 65-бабының екінші бөлігінде көрсетілген өзіне қатысты сот талқылауы тағайындалған, ал жекеше айыптау істері бойынша өзіне қатысты шағымды сот өзінің іс жүргізуіне қабылдаған айыпталушы сотталушы деп аталады.
3. Өзіне қатысты айыптау үкiмi шығарылған сотталушы сотталған адам деп аталады.
4. Өзіне қатысты ақтау үкiмi шығарылған айыпталушы ақталған адам деп аталады.
5. Айыпталушы осы Кодекстің 64-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген құқықтарды пайдалануға, сондай-ақ:
1) өзінің не үшін айыпталып отырғанын білуге;
2) прокурор жасаған айыптау актісінің, прокурор бекіткен қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманың, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының, айыптау хаттамасының көшірмелерін алуға;
Апелляциялық сатыда істі карау тәртібі.Төрағалық етуші отырысқа қатысатын адамдарға олардың істі апелляциялық сатыда қараған кездегі процестік құқықтарын, оның ішінде процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу құқықтарын түсіндіреді және тараптардан қарсылық білдірулері мен өтінішхаттарының бар-жоғын сұрайды және егер олар мәлімделсе, олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін анықтайды, содан кейін сот осы Кодекстің 344-бабында көзделген тәртіпті сақтай отырып, оларды қарау нәтижелері бойынша қаулы шығарады.
Егер процеске қатысушы бірінші сатыдағы соттың үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасаудың, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қараудың өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы қаулысының заңдылығын тексеру туралы өтінішхатты мәлімдесе, онда бұл өтінішхат қарсылық білдірулерді шешкен бойда тікелей қаралуға жатады. Апелляциялық саты өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы қаулыны заңсыз деп таныса, оның күшін жою және мерзімі өткізіп алынып берілген шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарады. Егер өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру дұрыс деп танылса, апелляциялық саты шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын осы бапта көзделген тәртіппен қарауды жалғастырады.
Жоғарыда айтылған талдаулардан байқағанымыздай, апелляциялық өндіріс туралы ұлттық заңнамамыз республикамызда қолданыста болған кассациялық өндіріс негізінде кұрылған. Апелляциялық сот өндірісі туралы заңнама кассациялық өндірістің барлық негізгі ережелерін қабылдай отырып, жоғарыда аталған өзгертулер мен толықтыруларды енгізді.
Іс жүргізу әрекеттеріне, сот шешіміне, сот өндірісіне шағымдану еркіндігінің конституциялық ұстанымын орындау мақсатында заң тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде айыптауға және қорғауға шағымдану, наразылық білдіру үшін бірдей құкық береді. Тараптар жасалынған шағымдарға, наразылыктарға қатысты өз ойларын айтуға, өздерінің қарсылыктарын білдіруге, іс кұжатгарын бірінші сатыдағы сотта қаралмаған қосымша материалдармен толықтыруға мүмкіңдік алды. Егер шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері дәлелді себептермен өтіп кетсе, оларды қалпына келтіруге кепілдік берілді.
Жаңа заңнаманың жағымды жетістігі ретінде істі қайта қараудағы тексеру тәртібінІң сақталып қалғандығын айтуға болар едІ. Қылмыстык істер бойынша кандай да бір даулы мәселелер туындай қалған жағдайда, соттарға өз бастамасымен бұл жөнінде баяндама жасауды міндеттейтІн осынау көне римдік тәртіп кезінде Еуропа елдерінің заңнамаларынан еркін орын алса, кейін КСРО мемлекеттерінің кодекстеріне еніп, Қазақстанның аумағында да кеңінен қолданылды.
Істерді кассациялық қайта караудың көп жылдық тәжірибесі шағым мен наразылық, әдетте, сот шешімінің тек қайсыбір бөлігін ғана қозғайтындығы жөнінде сот өндірісіне қатысушылардың көздерін әбден жеткізді. Айталык, сотталушылардың барлығы бірдей үкімге шағымдана бермейтіндігі туралы қаншама мысалдар бар немесе сотталушылардың тек кейбіреулеріне ғана байланысты наразылықтар жасалады, яки шағымдар мен наразылықтар көбіне үкімнің тек белгілі бір бөлігіне ғана қатысты болады. Міне, осындай шағымдар мен наразылыктарды қараған соттың кейбір шешімдері басқа сотталушылардың мүддесіне кері әсерін тигізуі мүмкін ғой. Сондыктан да, үкімнің шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігіне де және шағым бермеген, наразылык білдірмеген адамдарға қатысты да төрелік айтуды соттьң құзырына қалдыра отырып, мынадай норманы бекітті: «Егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болса, сот осы кодексте көзделген ережелерді сақтай отырып, үкімді, сондай-ақ шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылык білдірмеген адамдарға катысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы. Яғни, үкімнің шағым және наразылық жасалмаған бөлігіне қатысты шешім қабылдау мәселесі белгіленді.
Апелляциялық сатыдағы сот жоғары соттардың — облыстык және соған теңестірілген соттардың, республикалык Жоғарғы соттың кұрамында қалдырылды. Мұнда қаралатын істі үш судья алқалы түрде жүргізеді.
Заңның апелляциялық инстанцияны жоғары тұрған соттың алқа құрамында қалдыруы да өмірлік тәжірибеге негізделген еді. Шын мәнінде, апелляциялық сатыдағы сот қабылдаған алқалы шешім, бүкіл республикадағы сот саласының бай тәжірибесіне сүйенген тәжірибелі заңгерлердің еңбектерінің жемісі іспетті. Сондықтан да, істің нактылы жағдайына және құқықтық бағалануына байланысты жоғары тұрған соттың пікірі төменгі сатыдағы соттар үшін заңдық ережелерді қолдануда және оларды түсіндіруде үлгі болып саналады. Сондай-ак, оның психологиялық мәні де өте зор: процеске қатысушылар және жалпы қоғам тарапынан ең жетік соттың шешімі ретінде қабылданады.ретінде қабылданады.[7]
2003 жылдың 11 шілдесіндегі заңның ережелері сот шешімдерін қайта қараудың республикада қалыптасқан жүйесіне сәйкес келеді. Атап айтқанда:
- заңдық күшіне енбеген үкімдер мөн қаулыларды кайта қарау
(апелляциялық);
- күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қайта қарау (қадағалау);
- жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндіріс-
ті қайта бастау.
Бұл сот инстанциялары, сот қаулыларын қайта қараудың тәртібі ретінде де біздің құқықтық жүйемізге әбден «сіңісіп» алды, заңгерлер де өте жақсы меңгерген. Олардың іс жүргізу ережелерінде пәлендей қиындықтар жоқ, азаматтарға да қолайлы. Шешімдерді қайта қараудың бір сатыдан келесі бір сатыға, яғни аудандық соттан облыстық сотқа, облыстық соттан Жоғарғы сотқа өтуін қарастыратын апелляциялық инстанциямен қатар, қадағалау өндірісінің екі деңгейінің ойластырылуы, көп жылғы іс-тәжірибеміз көрсетіп жүргендей, сот қателіктерін фактілік жағынан да, құқықтық жағынан да дер кезінде жойып отыруға үлкен септігін тигізуде.
Апелляциялық инстанция — тараптар үкім туралы, оның негізіне алынған дәлелдемелер туралы өзінің ой-пікірін жеткізетін сот. Әрі бұл жөнінде сот өз шешімін шығаруға міндетті. Қабылданған шешімнің жариялануы тараптардың іске байланысты дауларын, өзіндік пікірлерін токтатып, олардың шығарылған шешімге бағынуын міндеттейді. Сөйтіп, сот та өзінің өкілеттігін тоқтатады. Ал, тараптардың шешімге қатысты бұдан кейінгі дауласуы баска «жазыктыкқа» ауысады; тараптардың шағымдарын келесі сатыдағы соттың судьялары мен лауазымды тұлғалары қарайды, әрі мәселенің каншалықты шешілетіндігі солардың еркіне байланысты. Тек, прокурордың наразылығы ғана ешбір бұлтарыссыз келесі сатыдағы соттың есігін аша алады.
Істі шешу, яғни, айыптау үкімін шығару барысында қылмыстылықты және кылмыстық жауаптылыққа тартылған адамнын кінәлілігін немесе ақтау барысында оның кінәсіздігін анықтау тек бірінші сатыдағы соттың міндетіне жүктелген. Сот істі қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Бұл жерде, ең бастысы іс-жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың, сондай-ақ сотталушы жасаған іс-әрекеттің қылмыстылығын және жаза қолдану дәрежесін аныктайтын заңдардың еш бұрмаланбай, қатаң сақталғаны жөн. Осы талаптарға ақтау үкімін шығару, сол сияқты істі кысқарту жағдайлары да бағынады.
Айыптау немесе ақтау үкімі, яки істі қысқарту жөніндегі қаулы — бұл соттың қаралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау құқық бұзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, қылмыстық іс жүргізудегі әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялық сот өндірісіне жүктеліп отыр.
Біз Л.Берсугурованың апелляциялық сатыдағы соттың соңғы шешімді қабылдауы бірінші инстанциядағы соттың беделін түсіреді-міс деген пікірімен келісе алмаймыз.
«Апелляциялық сот, — дейді ол, — істі мәні бойынша қарайды және іс бойынша жаңа шешім қабылдауға құқылы. Ал, бұл бірінші сатыдағы сот беделінің түскендігін көрсетсе керек».
Істі тексеру барысында апелляциялық сатыдағы сот тиІсІнше мынадай шешімдерді (соның ішінде түбегейлі шешімдерді) қабылдауға құқылы: бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жою; іс бойынша сот өндірісін тоқтату; бұрынғы шешімді сотталушының жағдайын жақсарту немесе нашарлату жағына қарай өзгерту. Әрине, заңда көрсетілген жағдайлар орын алған жағдайда, осынау шешімдерді қабылдау құқығы бірінші сатыдағы сот беделінің төмендеуімен немесе жоғарылауымен өлшенбесе керекті. Мұндай құқык негізінен сот әділдігі мүддесінен туындайды. Оны іс жүзінде апелляциялық сатыдағы сот қорғайды. Апелляциялық сот істі адамның негізсіз сотталғанын анықтаған жағдайда, бірінші сатыдағы соттың беделі қаншалық түсетіндігіне қарамастан, істі міндетті түрде тоқтатуы тиіс. Бұл жерде апелляциялы сатыдағы сот, айыптау үкімі сотта жан-жакты зерттеліп, сарапталған дәлелдемелердІң негізінде ғана шығарылады деген қағиданы басшылықкқа алады. Ал, осы талаптарды орындамау, шын мәнінде, заңға қайшы келетін, негізсіз үкімнің қабылдануына әкеліп соғады. Міне, бұл расында да, сол үкімді шығарған соттың беделіне нұқсан келтіріп, абыройын, түсірмек және түсіруі тиіс. Сондықтан, әрбір сот қандай деңгейде тұрғанына қарамастан, өз беделінің кіршік шалмау жағын өзі ойластырғаны абзал.[8]

1.2. Занды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудыц түсінігі, мәні және маңызы.


Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заң шығарушы, аткарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін кұрайды.


Қазакстандық сот жүйесінің негізін, мәнін анықтайтын құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы және "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заң болып табылады. Бүл құқықтық актілерге сәйкес, соттар инстанцияларға бөлінеді. Бірінші инстанциялы сот - істі мәні бойынша қарайтын сот. Екінші инстанциядағы сот - заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық және шағым негізінде істерді аппеляциялық тәртіпте қайта қарайтын сот. Үшінші инстанция - занды күшіне енген сот шешімдері мен үкімдерін қадағалау тәртібінде кайта қарайтын сот.
Жоғарыда аталған соңғы екі инстанциядағы соттар өздеріне заң жүктеген тәртіпте I инстанциялы және одан кейінгі соттардың үкімдерінін, шешімдерінің, қаулыларының негізділігін және заңдылығын тексереді. Тексеру сатысының ең басында аппеляциялык тұрады.
Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ қателесуден корғау міндеттерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін қайта карау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі соттық тексеруге жатқызылады.
Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады. Оның шығу тарихы сонау көне римдік құқықтан бастау алады. Ол заңды күшіне енбеген сот шешімдерін айта қарау сатысы ретінде жақсы таныс. С.И. Ожегов орыс тілді сөздігінде бұл терминге мынадай анықтама береді: Аппеляция - істі қайта қарау максатымен жоғары сатыдағы сотқа сот шешімі жөнінде шағымдану" деп түсіндіріледі. И.Фойницкий өзінің “Қылмыстық сот өндірісінің курсы" деген енбегінде аппеляцияны толық күшіне енбеген төменгі сатыдағы соттың шағым түскен үкімін нақты және заңдық негізде (арызда көрсетілген көлемде) жоғары инстанцияның қайта қарауы деп түсіндіреді (Фойницкий И.Я. Курс уголовного судопроизводства. Аппеляция сот өндірісінің басқа да нысандары сиякты әр уақытга дұрыс көзқараспен қабылданып, түрлі жолдармен дамытылып отырған. [9]
Қылмыстық істің мәні бойынша қабылданған сот шешімі әрқашанда қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаға, іс жүргізуге қатысқан азаматтарға, қоғамға және мемлекетке өте маңызды болып табылады. Сот шешімдері көбінесе сол іспен байланысты адамдардың тағдырын, құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін түбегейлІ түрде өзгертеді. Мемлекет сот төрелігін жүргізу өкілеттігін өзіне ала отырып, бүкіл халык атынан әрекет етеді және қоғам алдында қылмыстық істердің әділ, ізгілікті, жылдам және уакытылы шешілуіне жауапты болады. Үкім шығаруда заңды және фактілік қателерге бой алдыруға, заң бекіткен тәртіптен ауытқуға болмайды.
Алайда, сот қателерін және іс жүргізушілік нысан нормаларының бұзылуын толық жою өкінішіке орай мүмкін болмай отыр. Мұның себептері әр түрлі болуы мүмкін: субъективизм, біліктілігінің төмен болуы немесе судьялардың шатасуы. коррупция, қылмыстық қудалау органдарының заңсыз әрекеттері және т.б. Мұндай кереғар жағдайларды жою үшін заң истанциялы сот шешімдерінің және үкіметінің түпкілікті емес екендігін және оларды қайта қарау үшін шағымдану және наразылық келтіру тәртібін көрсетеді.
ҚР ҚПК-сі аппеляциялық өндірісті заңды күшіне енбеген сот шешмдері мен үкімдерін қайта қарау деп түсінеді. ҮкімнІң заңды күшіне енуі сот шешімінің атқарылуға жіберілгендігін білдіреді. Баскаша айтқанда, осы уақыттан бастап сот мемлекеттің еркі, Қазақстан Республикасының территориясындағы барлық азаматтарға, заңды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға міндетті болып саналады және өзінің құқықтық күшіне байланысты заң актісіне тең болып табылады.
Заң шығарушы сот қателерін анықтау және оны жою мақсатында ҚР ҚПК-нің кез-келген уәкілетті субъектілері шағымдануға және наразылық білдіруге құқықты он тәуліктік мерзім белгілейді. Осыған сәйкес, сот үкімдері мен шешімдеріне аппеляциялық наразылық келтіру және шағымдану институты сот шешімдерін тексерудің тиімді тәсілі болып табылады, елдегі сот билігін жүзеге асырудың заңдылығын және әділдігін қам тамасыз етеді.
Сонымен, заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау дегеніміз - басты мақсаты азамат пен қоғамды сот қателерінен қорғау, қылмыстық-құқықтық қатынастардың барлық қатысушылардың заң нормаларын сақтауды камтамасыз ету, сот төрелігін әділ, ізгіліктІ және демократиялы жүргізілуіне кепілдІк туғызу болып табылатын кылмыстық процестің ерекше сатысы.
Іс жүргізу әрекеттеріне, сот шешіміне, сот өндірісіне шағымдану еркіндігінің конституциялық ұстанымын орындау мақсатында заң тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде айыптауға және қорғауға шағымдану, наразылық білдіру үшін бірдей қүқық береді. Тараптар жасалынған шағымдарға, наразылықтарға қатысты өз ойларын айтуға, өздерінің қарсылықтарын білдіруге, іс кұжаттарын бірінші сатыдағы сотта қаралмаған қосымша материалдармен толықтыруға мүмкіндік алды. Егер шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері дәлелді себептермен өтіп кетсе, оларды қалпына келтіруге кепілдік берілді.[10]
Апелляциялық инстанция — тараптар үкім туралы, оның негізіне алынған дәлелдемелер туралы өзінің ой-пікірін жеткізетін сот.
БІРІНШІ БӨЛІМ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ

Еліміздің ұлттық заңы аппеляциялық өндірісті қозғауды тараптардың еркіне жүктейді. ҚР ҚПК-нің 414-бабына сәйкес, заңды күшіне енбеген сот үкімдеріне Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының үкімдерін қоспағанда. тараптар аппеляциялық тәртіппен шағымдануы және наразылық білдіруі мүмкін. Үкімге шағымдану құқығы сотталушыға. ақталушыға, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдеріне, жәбірленушіге және онын өкіліне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері үкімге, оның азаматтық талапқа қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.


Наразылық білдіру құқығы істі қарауға мемлекетгік айыптаушы ретінде қатысушы прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, обылыс прокурорлары мен оның орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары істі қарауға қатысуына қарамастан өз құзыреті шегінде наразылық білдіруге құқылы.
Аппеляциялық шағымның немесе наразылықтың болмауы, заңды күшіне енбеген сот каулыларың, үкімдерін қарайтын алпелядиялық өндірістің жоқ болуына әкеп соғады. [11]
Шағымдау және наразылық келтіру - аппеляциялық қайта қарау сатысының бастамасының жалғыз ғана шарты болып табылады.
Аппеляциялық өндіріс соттың бастамасымен басталуына заңмен тыйым салынған. Тараптардың аппеляциялық өндірісті қозғау құқығын түсіндіру үкім шығарған сотқа жүктелген. Заңшығарушы I инстанциялы соттағы төрағалық етушіге сотталушыға және басқа да қатысушыларға мынаны түсіндіруді міндеттейді:
- төрағалық етуші сотталушыға (ақталушыға), процестің басқа да .
қатысушыларына үкімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімІн, сот отыры
сының хаттмасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын,
сондай-ақ істі аппеляциялық қарауға қатысу туралы өтініш беру кұкығын түсіндіреді;
- ақталушыға оның заңсыз ұсталумен, айыпкер ретінде тартумен,
бұлтратпау шараларын қолданумен, сотқа заңсыз тартумен келтірілген
зиянның орнын толтыруға деген қүқығы, сондай-ақ осы кұкықты жүзеге
асыру тәртібі түсіндірілуге тиіс;
- егер сотталушы ерекше жаза турі - өлім жазасына кесілген болса
төрағалық етуші оған кешірім жасау туралы өтініш беру куқығьн түсіндіреді.
Заң аппеляциялық шағымға, наразылыққа ерекше талаптар қояды. ҚР ҚПК-нің 424-бабын қараудың нысаны:
1. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істе бар және қосымша ұсынылған, апелляциялық сатының отырысында зерттелген материалдар бойынша iстiң нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстық-процестік заң нормаларының сақталуын, бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң немесе қаулысының әділдігін, заңдылығын және негiздiлiгiн осы Кодекстің 426-бабының бірінші бөлігінде белгіленген шектерде тексередi.
2. Алқабилер қатысқан соттың үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қарау тәртібі осы Кодекстің 69-тарауының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
3. Кассациялық саты үкімнің және барлық кейінгі қаулылардың күшін жойып, істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жіберген жағдайда істі апелляциялық сатыда қарау осы Кодекстің 41 – 46-тарауларының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
Жасалған шағым, келтірілген наразылық осы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, олар берілген деп есептеледі, бірақ аяғына дейін рәсімдеу үшІн мерзімі көрсетіліп қайтарылады. Егер қайта жасалғаннан кейін аппеляциялық шағым, наразылық аталған мерзім ішінде сотқа табыс
етілмесе олар берілмеген болып есептеледі.
Аппеляциялық шағымды, оның нысаны мен мазмұны ерекше құқыктық табиғатына байланысты қисындалған арнайы шағым ретінде түсінуге болады. Аппеляциялык шағым мазмұнының құрылымы бұлай регламенттелуі, бұл құжатта ең маңызды кұжаттардың бірі - мемлекет атынан шығарылған
сот үкімінің күмандандырылуымен түсіндіріледі. Шағым арқылы заң негізінде қабылданған сот төрелігінің актісі дауланады және сотталушыға, жәбірленушіге, қоғамға тиісті салдар әкеледі. Сот шешімінің күшін жоюға немесе өзгертуге бағытталған әрекеттер тек заңда бекітілген жағдайда және тәртіпте, тиісті құқықтары мен шағымдануға жеткілікті заңдық және фактілік негіздері бар субъектілермен берілуі тиіс.
Сот үкімдерін және шешімдерін қайта қарау тек қана моральдық және құкықтық жағынан ғана емес, материалдық жағынан да шығынды болып табылады. Істі аппеляциялық қайта қарау істің материалдарын жаңадан (толық немесе ішінара) зерттеумен, куәларды шақырумен, дәлелдемелерді қайта зерттеумен және басқа да күрделі әрекеттерді орындаумен байланысты болады. Осыған байланысты, заңшығарушы аппеляциялық шағым мәнінің талаптарын нақтылай отырып, сот қателерін және онын салдарын тиімді, рационалды және толық жоюға мүмкіндіктер беретін кажетті кепілдіктер туғызады. Шағымданушыны өзінің позициясын нақты және аргументті түрде көрсетуге, оның берген қорытындыларының дұрыстығын дәлелдейтін материалдар беруге міндеттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет