2.3 ҮКІМНІҢ КҮШІН ЖОЮ НЕМЕСЕ ОНЫ ӨЗГЕРТУ НЕГІЗДЕРІ
Үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіздер мыналар:
1) 433 –бабы осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер болған кезде айыптау үкімінің күшін жоюға және ақтау үкімін шығаруға;
2) шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша ақтау үкімінің күшін жоюға және айыптау үкімін шығаруға;
3) айыптау үкімінің күшін жоюға және жаңа айыптау үкімін шығаруға;
4) ақтау үкімінің күшін жоюға және жаңа ақтау үкімін шығаруға құқылы.
Анықталған жағдайда істің дұрыс шешілуі үшін елеулі мәні болуы мүмкін мән-жайларды ашылмаған күйі қалдырған сот тергеуі біржақты немесе толық емес деп танылады.
Іс бойынша:
- айғақтарының іс үшін елеулі мәні бар адамдардан жауап алынбаған
немесе заң бойынша жүргізілуі міндетті болып табылатын сараптама жүргізілмеген, сол сияқты елеулі мәні бар құжаттар немесе заттай дәлелдемелер сұратып алынбаған;
істі соттың жаңадан қарауына берген сот қаулысында аталған дәлелдемелер зерттелмеген;
-сотталғанның жеке басы туралы апелляциялық саты анықтай алмайтын
деректер жеткілікті дәрежеде толық аныкталмаған барлық жағдайда сот
тергеуі толық емес деп танылады (ҚПК-нің 434 б.).
Егер:
- сот тұжырымдары сот отырысында қаралған дәлелдемелермен расталмаса;
- сот өз тұжырымдарына едәуір ықпал ете алатын мән-жайларды ескермесе;
- сот тұжырымдары үшін елеулі мәні бар қарама-қайшы дәлелдемелер болған жағдайда, үкімде (қаулыда) соттың бұл дәлелдемелердің біреулерін қабылдап, екіншілерін қабылдамай тастауына қандай негіздер болғаны көрсетілмесе;
- соттың үкімде (қаулыда) айтылған тұжырымдарында елеулі қайшылықтар болып, олар істің шешілуіне, соның ішінде сотталғанның, ақталғанның кінәлілігі
немесе кінәсіздігі туралы мәселені соттың шешуіне, қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығына немесе жазалау шараларын ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін болса үкім (қаулы) істің нақты мән жайына сәйкес келмейді деп танылады (ҚПК-нің 414 6.).
Істі сот қарауы кезінде ҚПК-нің принциптері мен өзге де жалпы ережелері бұзылып, олар іске қатысушы адамдарды занда кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым көрсету, сот ісін жүргізу рәсімін сақтамау жолымен немесе өзгедей жолмен істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге кедергі жасаса, соттың қаулысына әділ үкіміне немесе өзге де шешіміне ықпал етсе немесе ыкпал етуі мүмкін болса қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзушылы болып танылады. Сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі істі талқылаудан жол берілетін дәлелдемелерді қателесіп алып тастаудың немесе бір тараптың іс үшін маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерін зерттеуден негізсіз бас тартудың не міндетті түрде зерттелуге тиіс дәлелдемелерді зерттемеудің салдарынан болған кезде үкімнің күші жойылуға тиіс.
Егер:
• сот ҚПК-нің 35-бабында көзделген негіздер болғанда қылмыстық істі қысқартпаса;
-үкімді соттың заңсыз кұрамы шығарған болса;
-ҚПК-нің 335-бабының екінші бөлігінде көзделген реттерді қоспағанда іс сотталушы жоқта қаралса;
- заң бойынша қорғаушының қатысуы міндетті болғанда, қатысуынсыз қаралса немесе сотталушының қорғаушыға ие болу құқығы өзгедей жолмен бұзылса;
-сотта сотталушының ана тілін немесе өзі білетін тілді не аудармашының қызметін пайдалану құқығы бұзылса;
- сотталушыға сот жарыссөзіне қатысу құқығы берілмесе;
- сотталушыға соңғы сөз берілмесе;
- үкім шығарылған кезде судьялар кеңесінің құпиясы бұзылса;
-үкімге судьялардың бірі қол қоймаса;
- істе сот отырысының хаттамасы болмаса, кез келген жәғдайда үкімнің күші жойылуға тиіс (ҚПК-нің 436 б.)-
Қазакстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабының санкциясында көзделген шектен шықпағанымен, түрі мен мөлшері жағынан шектен тыс жұмсақ немесе шектен тыс қаталдығы салдарынан әділетсіз болып табылатын жаза қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейді деп танылады.
Апелляциялық саты тек прокурордың наразылығы бойынша не жәбірленушінің немесе оның өкілінің, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақталу негіздемелерімен келіспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімінің, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің күшін жоя алады.[24]
Егер ақталған адамның кінәсіздігіне немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің мәніне дау айтылмаса, қылмыстық іс жүргізу заңды елеулі бұзылды деген себеппен ақтау үкімінің, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің күшін жоюға болмайды.(440-бап )
Жаңа үкім шығара отырып, үкімнің күшін жою (441-бап)
1. Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 46-тарауының талаптарын сақтай отырып:
1) осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер болған кезде айыптау үкімінің күшін жоюға және ақтау үкімін шығаруға;
2) шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша ақтау үкімінің күшін жоюға және айыптау үкімін шығаруға;
3) айыптау үкімінің күшін жоюға және жаңа айыптау үкімін шығаруға;
4) ақтау үкімінің күшін жоюға және жаңа ақтау үкімін шығаруға құқылы.
2. Жаңа айыптау үкімін шығарған кезде апелляциялық сатыдағы сот тағылған айыптың шегінен, сондай-ақ басты сот талқылауы кезінде мемлекеттік немесе жекеше айыптаушы қолдаған айыптаудың және жаза мөлшерінің шегінен шығуға құқылы емес
402-бап. Үкiмдi жариялау
1. Төрағалық етуші үкімнің толық мәтініне қол қойғаннан кейін сот отырысы залына оралып, үкімді түрегеліп тұрып жариялайды. Сот отырысы залындағы қатысушылардың бәрі үкімді түрегеліп тұрып тыңдайды.
Егер үкім мәтінінің көлемі үлкен болса, төрағалық етуші оны жария ету кезінде қысқаша үзілістер жасап, содан соң үкімнің толық мәтінін жария етуді жалғастыруға не үкімнің кіріспе және қарар бөліктерін ғана жария етуге құқылы.
2. Егер үкім сотталушы (ақталушы) бiлмейтiн тiлде жазылса, онда аудармашы үкімнің жария етілу барысында оны сотталушының ана тiлiне немесе ол бiлетiн басқа тiлге iлеспе түрде дауыстап аударуға тиiс.
3. Төрағалық етушi сотталған (ақталған) адамға, процестiң басқа қатысушыларына үкiмге шағым жасау тәртібі мен мерзімін, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын, сондай-ақ iстiң апелляциялық қаралуына қатысу туралы өтiнiшхат беру құқығын түсiндiредi. Ақталған адамға хабарлама табыс етілуге және оның заңсыз ұсталу, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталу, бұлтартпау шараларын қолдану, сотқа заңсыз тартылу арқылы келтiрiлген зиянды өтеткізу құқығы, сондай-ақ оны жүзеге асыру тәртiбi түсiндiрілуге тиiс.
5. Егер сотталушыға пробациялық бақылау тағайындалып, оған үкім заңды күшіне енгеннен кейін он тәулік ішінде пробация қызметіне келу міндеті жүктелсе, сот оған осы міндетті орындамау салдарын түсіндіреді.
6. Егер сотталушы кепілгерлік белгіленуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, сот сотталушыға, сондай-ақ кепілгер болған адамға сотталушының кепілгерлік кезеңінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасауының салдарларын түсіндіреді.
401-бап. Үкiмнiң қарар бөлiгiнде шешуге жататын өзге де мәселелер
Айыптау үкімінің де, ақтау үкiмiнiң де қарар бөлiгiнде, осы Кодекстiң 398 және 400-баптарында санамаланған мәселелерден басқа, мыналар қамтылуға тиiс:
1) қойылған азаматтық талап қою жөніндегі шешiм;
2) заттай дәлелдемелер туралы мәселенiң шешімі;
3) процестік шығасыларды бөлу туралы шешiм;
4) үкiмге апелляциялық шағым жасау не оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртiбi мен мерзiмi туралы нұсқау;
5) қорғалатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларының күшін жою туралы не оларды жүзеге асыруды жалғастыру туралы мәселенің шешімі;
6) тәркiлеудi қамтамасыз ету шараларының, сондай-ақ азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың, егер мұндай шаралар қолданылған болса, күшін жою туралы, оларды сақтау туралы шешiм.
Айыптау үкімінің қарар бөлiгiнде Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу туралы шешім, олардың мөлшері және көрсетілген Қордан жәбірленушіге өтемақы ретінде төленген ақшаны қайтару туралы кінәлі адамға қойылатын регрестік талаптар жөніндегі шешім де қамтылуға тиіс.
Ақтау үкімін шығару кезінде сот қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартумен келтірілген зиянды өтеу тәртібін түсіндіретін хабарлама жасайды, бұл үкім жария етілген соң ақталған адамға табыс етіледі.
ЕКІНШІ БӨЛІМ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ
Азаматтардың сот процесінің қатысушылары болып, сот шешімімен келіспейтін немесе шығарылған шешімді әділ емес деп санайтын жағдайлар жиі болып тұрады.
Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы тараптарға, іске қатысатын басқа да тұлғаларға тиесілі. Апелляциялық өтінішхат келтіру құқығы істі қарауға қатысқан прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары өз құзыреті шегінде істі қарауға қатысу-қатыспауына қарамастан, шешімге апелляциялық өтінішхат келтіруге құқылы. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты шешім қабылдаған адамдар да апелляциялық шағым жасауға құқылы.[28] Апелляциялық шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты шешім шығарған сот арқылы беріледі. Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты іске қатысатын адамдардың санына қарай көшірмелерімен қоса сотқа беріледі. Қажет болған жағдайларда судья шағым берген немесе өтінішхат келтірген тұлғаны шағымға, прокурордың өтінішхатына қоса берілген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін іске қатысатын адамдардың санына қарай беруге міндеттей алады. Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты, осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, түпкілікті нысанда шешім шығарылған күннен бастап, ал сот талқылауына қатыспаған адамдар өздеріне шешімнің көшірмелері жіберілген күннен бастап бір ай ішінде беруі мүмкін. Мемлекеттік сатып алудың өткізілуін тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына дау айту туралы істер бойынша апелляциялық шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты шешім шығарылған күннен бастап он күн ішінде берілуі мүмкін.
Апелляциялық шағымда нені көрсету қажет?
Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында:
апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты жіберілетін соттың атауы;
апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын беретін тұлғаның атауы;
шағым жасалатын немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қаралатын шешім және осы шешімді шығарған соттың атауы;
әдетте қолданылуға жататын заңдарға және іс материалдарына сілтеме жасай отырып, сот шешімінің заңсыздығы немесе негізсіздігі неден көрінетіндігіне нұсқау;
шағым жасалып отырған немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қаралып отырған шешімнің заңдылығын қандай бөлігінде тексеру керек екендігіне және шағымды, прокурордың өтінішхатын беретін тұлғаның қандай өзгерістер енгізуді талап ететініне нұсқау;
шағымға, прокурордың өтінішхатына қоса берілетін құжаттардың тізбесі;
шағым, прокурордың өтінішхаты берілген күн және шағымды, прокурордың өтінішхатын беретін адамның қолтаңбасы қамтылуға тиіс. Өкіл қол қойған шағымға сенімхат немесе істе мұндай құжат болмаса, өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге де құжат қоса берілуге тиіс.
Электрондық құжаттар нысанында шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген кезде олар оны беретін адамның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық құжаттар нысанындағы шағымға, прокурордың өтінішхатына құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында бірінші сатыдағы сотта мәлімделмеген талаптар болмауға тиіс.
Бірінші сатыдағы сотқа ұсынылмаған жаңа дәлелдемелерге сілтеме жасауға, егер шағымда, прокурордың өтінішхатында оларды бірінші сатыдағы сотқа ұсынудың мүмкін еместігінің негіздемесі болса, оның ішінде, егер адам бірінші сатыдағы сотта іске қатысуға тартылмаса, сондай-ақ егер бірінші сатыдағы сотта оларды зерттеу және (немесе) талап етіп алдыру туралы өтінішхат мәлімделіп, бірақ ол қанағаттандырусыз қалдырылса, жол беріледі.
Апелляциялық шағым қандай жағдайда, оны берген адамға қайтарылуы мүмкін?
Апелляциялық шағымдар прокурордың анықтамасымен оны берген (әкелген) адамға мынадай жағдайларда қайтарылады:
шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыру туралы ұйғарымдағы судьяның нұсқаулары белгіленген мерзімде орындалмағанда;
шағым берген адам, өтінішхат келтірген прокурор өтінгенде;
егер қайта қарау мерзімі өтіп кетсе және шағымда, прокурордың өтінішхатында оны қалпына келтіру туралы арыз болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылған кезде;
егер шағымды, прокурордың өтінішхатын оларды беруге немесе оларға қол қоюға құқығы жоқ адам берсе, қайтарылады.
Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қайтару туралы ұйғарымды сот бес жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарады:
қалған жағдайларда – прокурордың шағымы, өтінішхаты келіп түскен күннен бастап.
Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қайтару туралы ұйғарымға жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхатты келтіруі мүмкін.
Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерiн оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық тәртiппен сот актілері қайта қарауы мүмкiн.
Мынадай:
осы Кодекстің 12 және 13-тарауларында көзделген оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған;
татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған;
талап қою сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде жеке тұлғалардың және талап қою сомасы отыз мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты;
талап қоюдан бас тартуға байланысты аяқталған істер бойынша;
берешекті қайта құрылымдау туралы істер, сондай-ақ оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімі шеңберінде туындайтын даулар жөніндегі, оның ішінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша сот актiлері кассациялық тәртiппен қайта қарауға жатпайды.[29]
Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерi оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген істер бойынша сот актілері келесі негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін:
қабылданған қаулының орындалуы адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соғуы мүмкін болатын жағдайларда;
қабылданған қаулы адамдардың әлдеқандай тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын жағдайларда;
қабылданған қаулы соттардың құқық нормаларын түсіндіруіндегі және қолдануындағы бірізділікті бұзатын жағдайларда.
КАССАЦИЯЛЫҚ САТЫДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ
434-бап. Кассациялық тәртiппен қайта қарауға жататын сот актiлерi
1. Жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілерін оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда, осы Кодекстің 28-1-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық тәртіппен қайта қарауы мүмкін.
2. Мынадай:
1) осы Кодекстің 12 және 21-1-тарауларында көзделген оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған;
2) татулау келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған;
3) талап қою сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде жеке тұлғалардың және талап қою сомасы отыз мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты;
4) талап қоюдан бас тартуға байланысты аяқталған істер бойынша;
5) берешекті қайта құрылымдау туралы істер, сондай-ақ оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімі шеңберінде туындайтын даулар жөніндегі, оның ішінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша сот актiлері кассациялық тәртiппен қайта қарауға жатпайды.
Осы бөліктің күші осы Кодекстің 28-1-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған сот актілеріне қолданылмайды.
3. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерi оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген істер бойынша сот актілері осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
4. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерi оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген істер бойынша сот актілерін қоспағанда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген бірінші және апелляциялық сатылардың сот актілері осы Кодекстің 427-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
5. Кассациялық сатының қаулылары осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер болған кезде қайта қаралуы мүмкін.
АПК-нің 434-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген істер бойынша сот актілерін қоспағанда, жергілікті және басқа соттардың оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ АПК-нің 434бабы екінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген бірінші және апелляциялық сатылардағы сот актілері АПК-нің 427-бабының негіздері бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокурордың наразылығы бойынша кассациялық тәртіпте қалалуы мүмкін.
Кассациялық сотының қаулысы АПК-нің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер болған кезде қайта қаралуы мүмкін.
Апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары, қаулылары заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде оларға өтiнiшхат, наразылық берілуі мүмкін.
Сот актілеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасау мерзімі өтіп кеткен жағдайда, өтінішхат шағым жасау мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішті бірінші сатыдағы сот қарағаннан кейін, ал бас тартылған жағдайда – апелляциялық сатыдағы сот жеке шағымды, наразылықты, апелляциялық шағымды қарағаннан кейін кассациялық сатыдағы сотқа берілуі мүмкін.
Кассациялық шағымда не көрсету қажет?
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілетін сот актiсiн кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына берілетін кассациялық наразылық келтіру туралы өтiнiшхатта:
өтiнiшхат жіберіліп отырған соттың немесе лауазымды адамның атауы;
өтiнiшхат беретін адамның және мүддесі үшін өтінішхат беріліп отырған адамның аты-жөні, оның тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi және iстегi процестік жағдай;
iске қатысатын адамдардың тұрғылықты жерлері немесе орналасқан жерлерi көрсетіліп, оларды санамалау;
iстi бiрiншi, апелляциялық сатыларда қараған соттарға нұсқау және олар қабылдаған шешiмдердiң мазмұны;
қайта қарауға, наразылық келтіруге жататын сот актісіне нұсқау;
материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуы неде екендігіне және өтінішхатты берген адамның өтініші неден тұратындығына нұсқау;
өтінішхат осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша берілген жағдайда, өтінішхатта сот актілерін қайта қарау үшін негіздердің айрықшалығы неде екені көрсетілуге тиiс.
Егер өтiнiшхат iске қатыспаған адамның мүддесі үшін берілсе, онда дау айтылып отырған сот актісінде сол адамның қандай құқықтарының бұзылғаны көрсетiлуге тиiс.
Егер өтiнiшхат бұрын кассациялық сатыдағы сотқа берiлсе және қайтарылса, өтінішхатта оны қайтару себептері туралы көрсетiлуге тиiс.Өтiнiшхатты берген адам оған қол қоюға тиiс. Өтінішхатты электрондық құжат нысанында берген кезде, ол оны берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық құжат нысанында берілетін өтінішхатқа осы бапта көрсетілген құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса беріледі.[30]
Сот актісіне дау айту туралы өтінішхатқа Салық кодексінде белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |