35. Мақсатты мінез-құлық түрлері (азық-түлік, қорғаныс, жыныстық және т.б.).
Мінез-құлық - организмнің сыртқы ортадағы кез келген іс - әрекеті. Мінез - құлық - организмнің өз мұқтаждығы мен қоршаған орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ететін күрделі әрекеті.
Мінез – құлық актісі Мінез – құлықтың негізін П.К. Анохиннің функционалдық жүйесі (ФЖ) құрайды
1. Афференттік синтез
2. Шешім қабылдау
3. Әрекет нәтижесі акцепторы ( ӘНА) және әрекет бағдарламасы (ӘБ)
4. Эфференттік синтез (әрекет, әрекет нәтижесі, нәтиже параметрлері - кері афферентация).
Мінез құлықтың жүйелік қалыптасуының негізінде организмнің биологиялық және әлеуметтік қажеттілігі жатыр.
Қажеттіліктен мотивация туындайды. Мотивация – іс әрекетке итеретін фактор.
Тіс сауытының, тіс қатарының кетіктерін , аномалиялар мен деформацияларды ортопедиялық емдеуде металл қорытпаларынан жасалынатын алынбалы протездер көп қолданылады. Бұл протездер тек қызметтік ғана емес, сонымен қатар эстетикалық рөл атқарады. Бірақ қазіргі заманғы ортопедиялық стоматологияда металл қорытпаларының ауыз қуысымен биосәйкестілік туралы сұрақтар пайда болды.
ЭТИОЛОГИЯ
Chase және Miller айтуы бойынша , металлдың ауыз қуысы сілекейімен байланысқан кезде гальваникалық батарея пайда болады. Ол бөлетін тоқ пломбалар мен протездердің бүлінуіне, ауыз қуысындағы жағымсыз дәмнің пайда болуына әкеледі. Бұл мағлұматтар электрогальванизм концепциясының пайда болуында бірінші қадам болып табылады.
Ауыз қуысы тіндерімен металл қорытпалармен байланысу қарқындылығы келесі факторларға байланысты
Металл табиғатына
Жан асу жағдайы
Құрамына
Заманауи конструкциялық материалдардың көбісі организмге индифферентті емес.
Тістерді түйістіру кезінде антагонист тістерде жұлқылап тұратын ауру сезімі – тоқ соғу сезімі пайда болады. Көбінесе ауру сезімі таңертен болады Ащы және тұздалған тағам ауру сезімін күшейтеді. Қосымша: бастың айналуы, әлсіздік, бас ауруы, тез шаршағыштық, құсу, лоқсу, ұйқын ың бұзылу болады.