Жылу алмасудың нейро-гуморальды реттелуі: жылу өндірісі мен жылу алмасуды реттеуде жүйке жүйесіне (ең алдымен вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі) және эндокриндік жүйеге (негізінен адреналин, норадреналин, жыныстық гормондар, глюкокортикоидтар) маңызды рөл жатады. және т.б.).
11. Сенсорлық жүйелердің қасиеттері және дененің қоршаған ортаға бейімделуі.
Сенсорлық жүйе (лат. organum sensuum, лат. organon — мүше, ағза; лат. sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.
Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты: экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.
Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Интерорецепторлар — ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді. Интерорецепторлардың жеке арнайы түрі — проприорецепторлар. Олар тірек-қимыл аппараты мүелеріне (қаңқа сүйектері, бұлшықеттер, буындар) әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды.
Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін талдағыштар немесе анализаторлар дейді. Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.
Көру талдағышының есзгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне көру жүйкесі жатады. ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзбен шыққан нерв сол жақ ми қыртысынң желке тұсындағы көру аймағына, ал сол көзден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру талдағышының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.
Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүние тануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор. Құрылысы бойынша көру талдағышының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша құрылымдары, жарық өткізгіш және жарық сындырғыш құрылымдары, жарық қабылдағыш құрылымдар. Қосымша құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады.
Көздің сыртын тығыз ақ қабық қоршаған. Ол көз алмасының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қасаң қабыққа айналады. Ақ қабықтан соң көз алмасын қанмен қамтамасыз етіп тұратын тамырлы қабат бар. Тамырлы қабаттың ішкі бетінде жұқа бояу зат пигмент болады. Көз алмасының алдыңғы жағында тамырлы қабат нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың алдыңғы дәл ортасында тесік болады. Оны көздің қарашығы деп атайды.
Ішкі торлы қабығының құрылысы өте күрделі. Негізінен алғанда, ол жарық сәулелеріне сезімтал фоторецепторлар деп аталатын таяқша және сауытша тәрізді клеткалардан тұрады. Фоторецепторлар торлы қабықтың бойында орналасқан. Саны 137 млн., оның 130 млн. таяқша, ал 7 млн. сауытша клеткалар. Торлы қабықтың дәл ортасында сары дақ бар. Онда тек сауытша тәрізді фоторецепторлар болады. Сары дақ пен оның дәл ортасында терең орналасқан сауытша клеткалары түсті жарық сәулелеріне сезімтал келеді. Торлы қабықтың шетінде таяқша тәрізді рецепторлар болады. Сауытша клеткалар күндіз мол жарықта түсті сәулелерді сезеді де, таяқша клеткалар ымыртта жарық аз кезінде түссіз жырақ толықнадырн қабылдайды. Осыған байланысты сауытша тәрізді клеткаларды күндіз көру, таяқша тәрізді клеткаларды түнгі рецепторлары деп санайды. Жарық сәулелерінің әсерінен фоторецепторларда түрлі физикалық және химиялық өзгерістер туады. Көз алмасы шар тәрізді болып, бассүйектің бет бөлігіндегі көз шарасында орналасады. Көзалмасының алдыңғы дөңес бөлігін-алдыңғы полюсі, артқы ортадағы бөлігін-артқы полюс дейді. Аталған екі полюс арасын-көз білігі, ал бүйір шеңбер сызығын-экватор, эксаторға перпендикуляр болып жүргізілген сызық-меридиан деп аталады. Көз алмасы мөлдір заттардан түзіледі. Оның құрамына қасаң қабық көз бұршағы, мөлдір дене және қоймалжың зат жатады. Бұл заттар көздің сәулені сындыратын ортасы болып есептеледі. Көзалмасының мөлдір заттары жан-жағынан үш қабықшамен қоршалған. Олар: сыртқы-талшықты ақ қабықша, ортаңғы –тамырлы қабықша және ішкі-торлы қабықшадан тұрады.
Талшықты аққабық басқа қабықшаларға қарағанда өте тығыз, берік болып келеді. Сондықтан да ол көзалмасының белгілі пішінін сақтап тұрады. Аққабықша алдыңғы және артқы бөлімге бөлінеді.Қабақ пен кірпіктер қорғаныс қызметін атқарады. Көзге қауіп төнгенде рефлекторлы түрде көз жұмылып, қабақ пен кірпік нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды. Көз жұмылғанда көз жасы көз алмасын суландырады да оны құрғап, кеуіп қалудан сақтайды. Көз жасы өте мөлдір арнайы сұйық. Ол көз жасы безінде түзіледі. Оның 97,8 пайызы су, 4,4 пайызы органикалық заттар, 0,8 пайызы түрлі заттар. Бұл сұйық көздің қасаң қабығын ылғалдандырып, оның мөлдірлігін сақтайды, зақымдайтын заттарды шайып тастап отырады. Көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны тәрізді денесі-негзгі жарық сындырушы оптикалық жүйе. Олар жарық сәулелерін жинақтап, жарық толқындарын сындыру қызметтерін атқарады. Жарық сындыру қабілеті диоптрия деп аталатын сәулелердің ауытқу мөлшерін анықтайтын өлшеммен есептеледі. әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациялық қызмет атқарады. Аккомодация деп көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдау қабілетін айтады. Алыста немесе жақында орналасқан заттарды қарағанда көз бұршағының әлпеті өгеріп, жарық сәулелерін торлы қабыққа фокустық нүктеде жинап, заттың бейнесін дұрыс көрсетеді. Жақындағы затты қарағанда көз бұршағы дөңестеледі, ал алыста орналасқан затты қарағанда-жалпақтанады. Бұл көз бұршағының Цинн тарамыстарының аккомодациялық еттерін босатып немесе тартуы арқылы жүзеге асады. Таяқша клеткалардағы родопсиннің түсі қошқыл, ал сауытша клеткалардағы иодопсиннің түсі күлгін. Жарық сәулелерінің әсерінен родопсин ретинен мен опсинге ыдырап, пайда болған заттар жарық толықнадырынң ұзындығына лайық көру нервінің ұштарында қозу тудырады.
Дыбыс талдағышының шеткі бөліміне-ішкі құлақта орналасқан. Корти мүшесі, өткізгіш бөліміне –дыбыс нерві, қыртыс бөліміне-самай .Есту мүшесі құлақ қызметтеріне қарай үш бөлімге: сыртқы құлақ-дыбысты ұстайтын, ортаңғы құлақ-дыбысты өткізетін бөлім және ішкі құлақ дыбысты қабылдайтын бөлімдерге бөлінеді. Ішкі құлақта есту мүшесінен басқа жердің тартылу күші мен дененің кеңістікте дұрыс орналасуын реттейтін тепе-теңдік мүшүесі де болады. Бұл екі мүшелер самай сүйегінің дабыл бөлігінің ішінде орналасады.
Сыртқы құлақ, бұған құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы жатады. Құлақ қалқаны дыбысты ұстау қызметін атқарады. Адамдардың құлақ қалқаны жануарлардың құлағына қарағанда өте нашар қимылдайды. Жануарлар дыбыс қайдан шықса, сол жаққа қарай құлақ қалқанын бұрып, дыбысты қабылдайды. Құлақ қалқанының тірегі серпінді шеміршектен түзіледі. Оның құрылысы өте күрделі, төменгі жағы салбыраған, май ұлпаға толы қалың жұмсақ теріден түзіледі. Ол сырғалық деп аталады. Құлақ қалқанының сыртқы-жоғарғы жиегі ішіне қарай оралған шиыршықтан оған қарама-қарсы іштен сыртқа бағытталған қарсы шиыршықтан түзілген. Сыртқы дыбыс жолы немесе құлақтың тесігі құлақ қалқан қуысынан басталады. Содан қуыс артқа және жоғары бұрылып, одан кейін алға бұрылып және төмен кетіп, дабыл жарғағына келіп тұйықталады. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан ажыратып тұрады. Оның ішкі, яғни ортаңғы құлақ жағы дөңес имек болады. Осы дөңес беті сілемейлі қабықшамен, ал сырт жағы ойыс болып, тері эпидермиімен қапталады. Дабыл жарғағы өте жұқа. Сондықтан да оның дөңес жағында жарғақтың кіндік тұсынан құлақтың балғашық сүйекшесінің жабысқаны көрініп тұрады. Ортаңғы құлақ дабыл қуысынан, дыбыс сүйекшелерінен және дыбыс түтігінен құралады. Дабыл қуысы самай сүйектің дабыл бөлігінде орналасқан, саңылау тәрізді болып келеді. Оның айналасын ішкі құлақ, ішкі моындырық венасы, ішкі ұйқы артериясы, емізік тәрізді өсіндінің үңгірі және ми сауытының қуысы қоршап жатады. Осыған орай дабыл қуысының алты: сыртқы, ішкі, жоғарғы, төменгі, алдыңғы және артқы қабырғалары болады. Сыртқы қабырғасына-дабыл жарғағы жатады. Осы қабырғаның сүйекті жағындағы күмбез тәрізді қалтасында екі есту сүйектерінің төс пен балғашықтың бастары орналасады. Ішкі қабырғасында ішкі құлақ шекарасы-шытырман жатады.онда екі түрлі тесік бар. Оның дөңгелек төсігі-құрыштық, ал сопақ тесігі- кіреберістік деп аталады. Кіреберіс тесігі екінші реттік дабыл жарғағымен жабылған, ал кіреберіс тесігіне үзіңгі сүйекшесі бекіген. Жабын қабырғасы пирамидалы томпақтың алдыңғы бетіне тура келеді. Бұл қабырғаның пішіні күмбезденіп ми сауыты қуысының ортаңғы шұңқырынан бөлініп тұрады. Мойындырық қабырғасы пирамидалы томпақтың мойындырық ойығы деген жерді қамтиды. Ұйқы қабырғасы ішкі ұйқы артериясы миға өтетін түтіктің және қабырғаның жоғарғы бөлігіндегі есту жолы тесігінің маңында жатады. Балғашық дабыл жарғағының кіндік бөлігіне сабы арқылы орнығады. Балғашықтың басы, мойыны, сабы алдыңғы және бүйір өсіндісі болады.
Дәм сезу мүшесі дәм білу талдамасының алшақ жатқан рецепторлық мүшесі болып есептеледі. Тіл ауыз қуысында орналасады. Дәмді қабылдайтын бүртіктеріндегі рецепторлардың саны 2000-нан асады. Олар тілдің сілекейлі қабықшасында жұмсақ таңдайдың алдыңғы қабатында және жұтқыншақтың артқы қабатының сілекейлі бөлігінде орналасады. Дәмді қабылдайтын бүртіктердің саны жас балаларда көп ал кәрілерде азайып кетеді. Бүртіктенген рецепторлардың айналасы белдеуленіп тұрады. Белдеулерге бет, тілжұтқыншақ, кезбе үйкенің талшықтары жалғасады. Дәм сезу бүртіктерінде эпителиийлі жасушадан түзілген хеморецепторлар орналасады. Хеморецептора дегеніміз-суда еріген заттардың тітіркендіруін қабылдайтын жасушалар. Бұл бірінші қатардағы нейрондарға жатады. Осы нейрондардың нейриті сопақша мидың ядроларына жалғасады. Ядролардың талшықтары арқылы қозу көру төмпешігінің бүйір ядроларына барады. Бұл жерде екінші аралық нейронға алмасып, одан үлкен ми сыңарының ми қыртысына, оның артқы орталық иірім аймағына жетеді. Бұл аймақ дәм сезу талдаманың орталығы болып есептеледі.
Иіс сезу мүшесі немесе мұрын иіс сезу талдамасынан қиян рецепторлық мүшесі болып есептеледі. Рецепторлық мүше мұрын қуысының жоғарғы және кеңсіріктің артқы жоғарғы бөліктеріне орналасқан. Ол жер мұрынның иіс сезетін сілекейлі аймағы деп аталады. Бұл бөлік қалыңдау және сары-қоңыр түсті болып келеді. Иіс сезу талдамасынын рецепторларында иіс білу жасушасы орналасады. Иіс білу жасушасы ұршық тәрізді болып, сілемейлі қабатта орналасады. Бұл шасушалардың бір ұшы көпіршік және мұрын кірпікшесінен, ал қарама-қарсы ұшы иіс сезу жүйкесінің талшықтарымен жалғасады. Ондай талшықтар бір жерге топталып, иіс сезу жүйкелерін түзеді.
Тері және сипап сезу талдамасының қиян бөлімдеріне тері жатады. Ол дененің жалпы сыртын қаптайды. Теріде сезімтал жүйкелерінің ұштары, тер және май бездері, бұлшықет, шаш, түк және тырнақ орналасады. Тері осы жағдайға байланысты және сыртқы ортамен тікелей зжалғасып тұрғандықтан өте маңызды бірнеше қызмет атқарады. Тері қорғанышқытқ, дене жылылығын реттеу, зат алмасу, зәр шығару, тыныс алу қызметтеріне қатысады. Сондай-ақ, сипап сезу мүшесі болып саналады. Сипап сезу дегенде теріге тиген нәрсені қатты, жұмсақ, жылылық, суықтық, ауырғанды сезуді айтамыз. Терідегі сипап сезу мүшесін тері рецепторлары деп атайды. Тері рецепторлары терінің барлық қабаттарында орналасады. Адам сезу мүшелері-рецепторлар арқылы денеге тигенді, қысымды, ыстық-суықты, ауырсынуды қабылдайды. Тері рецепторлары деп отырғанымыз тері қабатында орналасқан жүйке талшықтары мен оның ерекше шумақталып түзілген ұштары болып есептеледі. Тері рецепторларының пішіні әр түрлі болып келеді. Терідегі барлық рецепторлар тері талдамасының шеткі бөлігі болып есептеледі. Бұлшықеттерде, сіңірлерден байламаларда және буын беттерінде рецепторлар болады.
Сезім жүйесі, яғни талдағыштар адамды қоршаған орта туралы дәл мәлімет ( t0- ң өзгеруі, жарық, қараңғы т.б.) және ішкі ортаның өзгерістерін (химиялық құрамын, осмостық қысымын, т.б.) сезетін күрделі құрылым.
Талдағыштардегеніміз арнайы қабылдағыш- рецепторлардан басталып, ми жарты шар қыртысында аяқталатын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі.
Талдағыштар деген ұғымды физиология ғылымына И.П.Павлов енгізген. И.П.Паавлов кез келген талдағыштың үш бөліктен тұратынын бірінші болып ашты. Олар: 1) қабылдағыш (рецептор) – шеткі бөлімі; 2) афференттік нейрондар және өткізгіш жолдар (сезу, қимыл жүйке талшықтары) – аралық бөлім; 3) үлкен ми сыңарлары қыртысындағы (сигналды) мәліметті қабылдайтын аймақ- орталық бөлімі. Бұлардың біреуі зақымданса тітіркендіргішті ажырату қабілеті жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |