1. Зертханалық жұмыс №1. Компьютерлік жүйенің өнімділігін есептеу: жылдамдығын, тиімділігін, қуат шығындарын, Амдаль заңы, cpu уақыты



бет1/2
Дата24.09.2024
өлшемі1,65 Mb.
#204994
түріНұсқаулар
  1   2
Байланысты:
Laboratory work №1 (3)


1. Зертханалық жұмыс №1. Компьютерлік жүйенің өнімділігін есептеу: жылдамдығын, тиімділігін, қуат шығындарын, Амдаль заңы, CPU уақыты


Жұмыстың мақсаты: компьютер жайлы толық ақпаратты көрудің мүмкіндіктерімен танысу, Амдаль заңы, CPU уақытын меңгеру және Дж. ФонНейман принципі бойынша ЭЕМ-ді ұйымдастыру принциптерін талдау, ДК құрылымдық сұлбасын тұрғызу.



    1. Әдістемелік нұсқаулар

Компьютер (яғни, компьютер типі, онда орнатылған операциялық жүйе, аналық тақша, орталық процессор, жады, драйверлер, дыбыстық карта т.с.с. өзге де құрылғылар) жайында мәліметтерді толық көруге болатын бірнеше мүмкіндік бар:



  • Пуск мәзірінен «Все программы» бөлімін тандаңыз. Тізімнен «Стандартные» жолағын таңдап, «Служебные» бөлігіне өтіңіз. Одан «Сведения о системе»-ге шертіңіз. 1 суретте көрсетілгендей компьютер, оның құрамдас бөліктері: Windows нұсқасы, өнімділік индексі, микропроцессор параметрлері, ОЗУ көлемі, лицензиялар мен драйверлер туралы ақпарат жазылған терезе ашылады.




1– сурет. Жүйе туралы мәлімет терезесі



  • Пайдаланушыларға жүйенің ерекшеліктерін көруге мүмкіндік беретін басқа да бағдарламалар бар. Осы бағдарламалардың тізімі және олардың мүмкіндіктеріне тоқталсақ:

  1. Speccy — пайдаланушыларға жабдықтың әрбір элементі, соның ішінде процессор, аналық тақша, жады, операциялық жүйе, оптикалық және қатты дискілер, желілер, дыбыстық және басқа да көптеген құрылғылар жайлы ақпарат береді. Speccy бағдарламасының негізгі терезесі 2 – суретте көрсетілген.




2 – сурет. Speccy бағдарламасының терезесі



  1. HWInfo - Жүйе платасының, процессордың және басқа элементтердің температурасын анықтау үшін қолданылатын датчиктердің ақпаратын көрсетеді, сондай-ақ желдеткіштің кернеуі мен айналу жылдамдығын көрсетеді. Бағдарламаны компьютерді басқа компьютермен салыстыру үшін пайдалануға болады.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет