№1 зертханалық жұмыс Жер рельефін горизонтальдармен



бет45/51
Дата08.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#121100
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51
Байланысты:
геодезический практикум каз. (1)

Бойлық кескінді анықтау

Бойлық кескін техникалық нивелирлеудің маңызды қорытынды құжаты болып табылады. Ол құрылыс осьтерін вертикаль жоспарлау кезінде және жер үсті жұмыстарын өндіру үшін қажет.


Бойлық кескін нивелирлік журнал деректері мен пикеттік кітапша бойынша құрастырылады және миллиметрлік қағазда сызылады. Горизонталь масштаб 1:1000, 1:2000, 1:5000; вертикаль 10 есе ірілеу.
Кескінді сызу келесі реттілікпен жүргізіледі (5-сурет)
1. Шартты горизонтты, кескін сызығы шартты горизонт сызығын қиып өтпейтіндей және одан 5-10 см-ге жоғары болатындай етіп таңдайды. Шартты горизонт белгісі 10 м еселі болуы керек.
2. Кескін торын салады (41-сурет).
3. Шартты горизонт сызығында пикеттер мен плюстік нүктелерді салады. Алынған нүктелердің әрқайсысында перпендикулярларды қалпына келтіреді және оларға қабылданған вертикаль масштабта см-ге дейін дөңгелектелген кескінді (шартты) белгілер Нпроф.абс. - УГ салады.
4. Беттің жобалық (қызыл) кескінін салады. Жобалау (қызыл) сызығын топырақты қазып алу және себу бойынша жер үсті жұмыстарының минимумын ескере отырып таңдайды (41-суретті қара). Осыған орай таңдап алынған жобалық еңіс жобаланатын құрылысқа қойылатын техникалық талаптарға байланысты еңістің берілген шамасынан аспауы керек.
Трассаның жобалық еңісі формула бойынша есептеледі


і = tg δ = h/d = (Hк.кр. – Hн.кр.)/d (78)
мұнда h = Hк.кр. – Hн.кр. – график бойынша анықталатын қызыл сызық шеттерінің биікайырымы;
d - осы сызықтың горизонталь ұзындығы.

41-сурет– Трассаның бойлық профилі

  1. Трасса нүктелерінің анықталатын қызыл белгілері. ПКО қызыл белгісі графикалық түрде кескіннен алынады; келесі нүктелердің қызыл белгілері формула бойынша анықталады



Нn кр. = H0кр. ± i dn , (79)

мұнда Н0кр. – нольдік пикеттің қызыл белгісі;


Нn кр.n – дік нүктенің қызыл белгісі;
i – сызықтың жобалық еңісі;
dn- ПКО-дан бастап n-ші нүктеге дейін горизонталь қашықтық.
Мысалы: Н1 = H0 + i d1 = 415,46 +(- 0,0055)*100 = 414,91 м,
Н2 = H0 + i d2 = 415,46 + ( -0,0055)*200 = 414,36 м.
42-суреттен (4) бағандағы жобалау сызығы, жобалау белгілері, сондай-ақ (5) бағандағы сызықтар мен жазулар қызыл тушьпен орындалады.
6. Қызыл белгіден осы нүктенің қара белгісін шығарып тастап жұмыс белгілерін есептейді. Жұмыс белгілері берілген нүктеде топырақты себу (+ белгісі) немесе қазып алу (- белгісі) биіктігін көрсетеді және жер үсті жұмыстарын өндіру үшін негізгі көрсеткіш болып табылады. Жұмыс белгілері, егер топырақты алу қажет болса, кескін сызығының астына қызыл тушьпен жазылады, немесе егер топырақты себу қажет болса - сызықтың астына.
7. Көк белгілерді, яғни нольдік жұмыс белгілерін табады. Осы нүктелерде жер үсті жұмыстарын жүргізу қажет емес, себебі жұмыс белгілері оларда 0-ге тең. Трассадағы осы нүктелердің орнын 0,1 м-ге дейін дәлдікпен білу қажет, себебі олардан жер үсті жұмыстары жүргізіледі. Нольдік жұмыс нүктелеріне дейін қашықтықты анықтауды 43-суретте түсіндіреміз. АВ – қара сызық, СД – жобалау (қызыл) сызығы, мұнда а және bжұмыс белгілері, X – жақын пикеттен немесе плюстік нүктеден нольдік жұмыстар нүктесіне дейінгі қашықтық:
х = a d / (a+b). (80)

43-сурет – Нольдік жұмыс нүктелеріне дейін анықтау


Мысалы, қарастырылатын мысалдың нольдік жұмысының бірінші нүктесі үшін:


Х = 0,75*100/(0,75+0,77) = 49,3 м.
Осы нүктенің көк белгісі:
Н1с = Н0кр. + I x =415.46 +0.0055*49.3= 415.19 м.
Көк белгілер (4) бағанға көк тушьпен енгізіледі (42-сурет).
Көлденең кескінінің бойлық кескіннен айырмасы (44-сурет) бірдей горизонталь және вертикаль масштабта сызылады. Сондықтан кескін бұрмаланған болып шықпайды және онда қарапайым геометриялық формулалар бойынша жер үсті жұмыстарын есептеуге қажетті түрлі элементтердің ауданын есептеп шығаруға болады. Көлденең масштабы біршама ірі етіп таңдалады: 1:50, 1:100, 1:200.

Қызыл белгілер
Еңістер
Қара белгілер
Қашық-тықтар



44-сурет – Трассаның көлденең кескіні


9 зертханалық жұмыс – Басты нүктелерде айналманы бөлу. Айналманы бөлшектеп бөлу






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет