2.1 Масштабтардың шектік және графикалық дәлдігі
Жоспарға нүктелер салу дәлдігін бағалау кезінде адам көзінің физиологиялық мүмкіндіктерінен шыққан жөн. Адам көзі екі нүктені, егер олар бақылаушыға 60″ кем болмайтын бұрышпен орналасқан болса, айқын айыруға қабілетті. Аз бұрыш болса, көздің көруі екі нүктені бір нүктеге біріктіріп қабылдайды. 25см тең ең жақсы көру қашықтығы үшін 60″ бұрышқа 0,1 мм және жоғары кесінді сәйкес келеді.
Берілген масштабта жоспардағы 0,1 мм сәйкес келетін жергілікті жердегі горизонталь қашықтық масштабтың шектік дәлдігі tпр, деп аталады, яғни
.
Практикалық түрде, жоспарда немесе картада кесінді ұзындығын ±0,2мм дәлдікпен бағалауға болады деп қабылданады. Берілген масштабта жоспардағы 0,2 мм сәйкес келетін жердегі горизонталь қашықтық масштабтың графикалық дәлдігі tграф. деп аталады, яғни
Жоспарда немесе картада қашықтықты анықтаудың осындай дәлдігіне көлденең (трансверсальдық) масштабтың көмегімен қол жеткізуге болады.
Жоспарда берілген нүктелер арасындағы қашықтықты анықтау үшін осы қашықтықты өлшеуіш циркуль айырық ашасына алады, оны көлденең масштабта вертикальдардың біріне - оң таяғымен, ал сол таяғымен трансверсальдардың біріне орнатады. Осы кезде екі таяғы да масштаб табанына параллель бір сызықта болуы тиіс. Өлшенген қашықтық, циркуль айырық ашасымен қамтылған тұтас табанының, трансверсальда циркуль таяғының орны бойынша бағаланатын табанының ондық үлесі және оның жүздік үлесі санына сәйкес келетін қашықтық сомасына тең.
Мысалы, аb (3, б-суретті қараңыз) кесіндісінің ұзындығы 20 + 3+0,7=23,7 м. gh (3, в-суретті қараңыз) кесіндінің ұзындығы 80+8+1,0 = 89,0 м. Соңғы мысалдан, кесінді ұзындығын көлденең масштабтағы ең кіші бөлігінің жартысына тең қатемен бағалауға мүмкіндік береді (берілген жағдайда 0,2 м).
Жоспарда талап етілген ұзындықтағы кесіндіні салу үшін көлденең масштабта сәйкес трансверсальды таңдайды және циркульдің сол таяғын керекті горизонтальда орнатады. Оң таяғын салынатын ұзындыққа сәйкес келетін вертикальға қояды. Циркульдің алынған айырық ашасын жоспарға ауыстырады.
Көлденең масштабты, әдетте, металл тілімшелерде ойып істейді, оларды кейбір геодезиялық аспаптарға (геодезиялық транспортирлерде, масштабты сызғыштарда, кипрегельдерде) бекітеді. Көлденең масштабты цифрлау, сызықтықтағыдай – сандық масштабқа сәйкес жүргізеді. Көлденең масштабтың көмегімен сандық немесе сызықтық масштабтар бойынша кездесетіндей мәселелерді шешуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |