№1 Зертханалық жұмыс Жұмыстың тақырыбы



бет19/30
Дата18.02.2018
өлшемі14,41 Mb.
#37990
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30

8-тапсырма. x2+y2+r2=16 функциясына жартысфера құру қажет. Ол үшін B1:R1 ұяшықтарын -4 тен 4 ке дейін 0,5 қадаммен толтырыңыз. Осылай A2:A18 ұяшықтарын -4 тен 4 ке дейін 0,5 қадаммен толтырыңыз. B2 ұяшығына =КОРЕНЬ(16-B1*B1-A2*A2) формуласын енгізіңіз. =КОРЕНЬ(16-B$1*B$1-$A2*$A2) формуласы бойынша ұяшықтардың адресін абсолюттік адреске өзгертіп, B2:R18 диапазонын толтырыңыз. Көлемді диарграмма (Поверхность) диаграммасын құрыңыз.

13.21-сурет.


13.22-сурет.


14 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесінде мәліметтер қорын құру
Жұмыстың мақсаты: Microsoft Excel электрондық кестесі мәліметтер қорын құруды, оларды сұрыптауды, мәліметтерге сүзгі қолдануды және топтауды үйрену.
Жұмыстың мазмұны:

Адамдар немесе белгілі бір объектілер туралы мәліметтердің жиынтығын мәліметтер қоры деп айтамыз. Мәліметтер қорындағы бағаналар - өріс, ал қатарлар - жазу болып табылады. MS Excel электрондық кестесінде мәліметтер қорын құруға болады. Мәліметтермен жұмыс істеу үшін лентада Мәліметтер (Данные) бетіндегі батырмаларды пайдаланамыз (14.1-сурет).


14.1-сурет. Мәліметтер беті


Кестеге мәліметтерді енгізгеннен кейін оларды сұрыптауға, сүзгі пайдалануға болады. Сұрыптау үшін мәліметтерді ерекшелеп алып, батырмасына басамыз. Мәліметтерді сұрыптау сұқбат терезесі пайда болады (14.2-сурет). Бұл сұқбат терезеде Сұрыптау (Сортировать по) өрісінде сұрыпталатын бағананың атын, Қатар (Порядок) өрісінде таңдалған бағанадағы мәліметтердің өсу немесе кему қатарымен сұрыпталатынын таңдаймыз. Деңгей қосу (Добавить уровень) батырмасына бассақ екінші бағана бойынша екінші деңгеймен сұрыптауды жүргізуге болады.

14.2-сурет. Мәліметтерді сұрыптау сұқбат терезесі


Егер сұрыптауды немесе батырмаларымен орындасақ, онда мәліметтер бірінші ерекшеленген бағана бойынша өсу қатарымен немесе кему қатарымен сұрыпталады.

Мәліметтерді белгілі бір шарт бойынша таңдап алу үшін сүзгіні пайдалануға болады. Ол үшін курсорды бағана тақырыбына қойып, Мәліметтер=>Сұрыптау және сүзгі=>Сүзгі (Данные=>Сортировка и фильтр=>Фильтр) батырмасына басамыз. Сонда бағана тақырыптарына батырмасы пайда болады. Кеңейтілген сүзгі пайдалану үшін Қосымша (Допольнительно) батырмасына басамыз. Кеңейтілген сүзгі (Расширенный фильтр) сұқбат терезесі пайда болады (14.3-сурет).

14.3-сурет. Кеңейтілген сүзгі сұқбат терезесі


1- тапсырмадағы мәліметтерден тек қыз балаларды тізімін шығару үшін Жынысы бағанасындағы стрелкаға басамыз. Ұл жанындағы жалаушаны алып тастап, ok батырмасына басамыз (14.4-сурет).

14.4-сурет.


Нәтижеде жұмыс алаңына тек қыз балалардың тізімі ғана шығады.

Мәліметтерді бағана немесе қатар бойынша топтауға болады. Ол үшін мәліметтерді ерекшелеп алып, Мәліметтер=>Құрылым=>Топтау (Данные=>Структура=>Группировать) командаларын орындаймыз. Мысалы, 1-тапсырмадағы 5:19 қатарды ерекшелеп, Топтау батырмасына басамыз. Нәтижеде(14.5-сурет) (-) таңбасы бар сызық пайда болады. Сонымен қатар терезенің сол жақ бөлігінде 1 және 2 сандары бар батырмалар пайда болады. 1 немесе - батырмасына бассақ мәліметтерді жинайды (14.6-сурет), 2 немесе + батырмасына бассақ мәліметтерді толығымен көрсетеді (14.5-сурет).

14.5-сурет.


14.6-сурет.


Каталог: uploads -> doc -> 05e6
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05e6 -> Сабақтың тақырыбы: «Аққала» Сабақтың мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін түсіндіру
05e6 -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Кітапхана сөзіне топтастыру. Жаңа сабақ
05e6 -> Мемлекеттік рәміздер Мемлекеттiк Туы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет