№1 Зертханалық жұмыс Жұмыстың тақырыбы



бет25/30
Дата18.02.2018
өлшемі14,41 Mb.
#37990
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Өзіндік жұмыстар

1. Екі кестеден тұратын «Кітапхана» мәліметтер қорын құрыңыз. Кестелердің арасына байланыс орнатыңыз және оларды толтырыңыз.

2. Екі немесе үш кестеден тұратын «Ресторан» мәліметтер қорын құрыңыз. Кестелердің арасына байланыс орнатыңыз және оларды толтырыңыз.

3. Екі немесе одан да көп кестеден тұратын «Супермаркеет» мәліметтер қорын құрыңыз. Кестелердің арасына байланыс орнатыңыз және оларды толтырыңыз.

4. Екі немесе одан да көп кестеден тұратын «Сән салоны» мәліметтер қорын құрыңыз. Кестелердің арасына байланыс орнатыңыз және оларды толтырыңыз.

5. Екі немесе одан да көп кестеден тұратын «Автодүкен» мәліметтер қорын құрыңыз. Кестелердің арасына байланыс орнатыңыз және оларды толтырыңыз.

6. Екі немесе одан да көп кестеден тұратын «Кинотеатр» мәліметтер қорын құрыңыз. Кестелердің арасына байланыс орнатыңыз және оларды толтырыңыз.

7. Екі немесе одан да көп кестеден тұратын «Университет» мәліметтер қорын құрыңыз. Кестелердің арасына байланыс орнатыңыз және оларды толтырыңыз.

18 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Office Access-те екі кестеден тұратын МҚ-на сұраныс құру
Жұмыстың мақсаты:

Microsoft Office Access мәліметтер қорында күрделі МҚ-на конструктордың көмегімен сұраныс құруды үйрену.


Жұмыстың мазмұны:

Конструктордың көмегімен сұраныс құру үшін Құру=> =>Cұраныс конструкторы (Создание=>Конструктор запросов) батырмасына басамыз. Экранда Кесте қосу (Добавление таблицы) сұқбат терезесі пайда болады (18.1-сурет).

18.1-сурет. Конструктордың көмегімен сұраныс құру


Осы сұқбат терезедегі Балл және Студенттер кестелерін ерекшелеп, Қосу (Добавить), содан кейін Жабу (Закрыть) батырмаларына басамыз. Сұраныс1 (Запрос1) терезесінде байланыс орнатылған екі кесте пайда болады. 1 және 2 семестрдегі бағалары бар студенттер тізімін шығаратын сұраныс құрайық. Ол үшін керек өрістерді тышқанның сол жақ батырмасымен басып тұрып, терезенің төменгі жағындағы Өріс1 (Поле1) өрісіне тартып әкелеміз (18.2-сурет).

18.2-сурет.


Лентадағы Сұраныспен жұмыс=>Конструктор=>Орындау (Работа с запросами=>Конструктор=>Выполнить) батырмасына басамыз (18.3-сурет).

18.3-сурет. Сұраныспен жұмыс істеуге арналған құралдар


Экранда 18.4-суреттегі қарапайм сұраныс пайда болады.

18.4-сурет. Қарапайым сұраныс


Сұранысты Үлгерім атымен сақтаймыз.

Енді параметрлі сұраныс құруды қарастырайық. Параметрлі сұраныс дегеніміз белгілі бір шарт бойынша кестедегі мәліметтерді іріктеп алу. 1 семестрде 5 және 4-пен оқитын студенттердің тімізін шығаратын сұраныс құрайық. Ол үшін жоғарыда құрылған Үлгерім сұранысындағы қадамдарды қайталаймыз. 1 семестр бағанасындағы Іріктеу шарты (Условие отбора) өрісіне 4 or 5 шартын енгіземіз (18.5-сурет).


18.5-сурет. 4 пен 5-ке оқитын студенттердің тізімі


Лентадағы батырмасына басамыз. Нәтижеде 18.6-суреттегі терезе пайда болады. Сұранысты Бес_пен_төрт деп сақтаймыз.

18.6-сурет. Сұранысты кесте режимінде көру


Фамилиясы А әрпінен басталатын сұраныс құрайық. Конструктордың көмегімен Үлгерім сұраныс құрғандай қадамдарды орындаймыз. Фамилия бағанасының Іріктеу шарты (Условие отбора) өрісіне А* шартын енгіземіз (18.7-сурет).

18.7-сурет. Фамилиясы А әрпінен басталатын студенттердің тізімін құруға арналған сұраныс


Сұранысты А_фамилия атымен сақтаңыз. Сұранысты орындаңыз (18.8-сурет).

18.8-сурет. Фамилиясы А әрпінен басталатын студенттердің тізімі


Енді тобын енгізу бойынша параметрлі сұраныс құрайық. Сұранысты Үлгерім сұранысы сияқты Конструктор режимінде құрамыз. Керек өрістерді таңдап аламыз. Тобы бағанасының Іріктеу шарты (Условие отбора) өрісіне [Тобын енгізіңіз] шартын енгіземіз (18.9-сурет).

18.9-сурет. Параметрлі сұраныс


Сұранысты Тобы атымен сақтаймыз және орындаймыз. Экранда Параметрдің мәнін енгізіңіз (Введите значение параметра) сұқбат терезесі пайда болады. Тобын енгізіңіз өрісіне МОК-111 тобын енгізіңіз және ok батырмасына басыңыз (19.10-сурет).

18.10-сурет. Тобын енгізуді сұрайтын параметрлі сұраныс


Нәтижеде МОК-111 тобы студенттерінің тізімі бар терезе пайда болады (18.11-сурет).

18.11-сурет. МОК-111 тобы студенттерінің тізімі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет