Кирхгофтың II заңы энергия сақтандыру заңы бойынша анықталады. Бұл заң тұйықталған контурларға арналған. Ережесі: “Кез келген контурда (өнбайда) кернеулердің түсуінің алгебралық қосындысы ЭҚК-тердің алгебралық қосындысына тең”.
Мысалы: Күрделі тізбек (1.5 сурет).
1.5 сурет
Тізбекте: Nт=2, Nтарм=3, K=2.
Токтардың және контурлардың айналыс бағытын белгілеп алу керек.
Контурлардың теңдеулері Кирхгофтың II заңы бойынша:
I контурдікі I1R1 +I3R3=E1;
II контурдікі I2R2+I3R3=E2.
Қорытынды: токтардың және ЭҚК-дің бағыттары айналыс бағыттарына бағыттас болса (+) алынады, қарама-қарсы болса (-) алынады.
Тұйықталған контурда потенциалдардың өзгерісі сол контурдағы кедергілердің өзгерісіне байланысты. Осылардың функциялық байланысын потенциалдық диаграмма деп атайды.
Тізбектің нүктелерінің потенциалы кедергіге және ЭҚК-ке байланысты өзгеріп отырады. Жалпы алғанда, тізбек нүктесінің потенциалы деп электр өрісінің бірлік зарядты осы нүктеден потенциалы ең төмен нүктеге тасымалдағанда істейтін жұмысына тең шаманы айтады.
Сондықтан потенциалдық диаграмма тізбек элементіндегі ток пен кернеудің бағытын және тізбектің кез келген кедергінің және екі нүктесінің арасындағы кернеудің сандық мәнін анықтауға мүмкіндік береді.
Потенциалдық диаграмманы тұрғызу тәртібі:
потенциалы белгілі деп алынған нүктеден бастап айналыс бойымен келесі нүктелердің потенциалдарын есептейді;
өнбойды еркінше алынған бағытта айналып жүріп отырып, потенциалы белгілі («базалық түйін») нүктеге қайтып келеді (нүктелердің потенциалдарын есептеп отыру керек).
Кедергілер абсцисса осі бойынша белгіленеді, ал потенциалдар –ордината осі бойынша.
Кедергілердің және потенциалдардың масштабтарын белгілеп алған қолайлы.