1 Зертханалық жұмыс кирхгоф және ом заңдары бойынша тұРАҚты тоқТЫҢ тармақталған сызықты электр тізбегін зерттеу



бет1/15
Дата25.05.2022
өлшемі0,82 Mb.
#144973
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Электротехниканың теориялық негіздері. Зертханалық жұмыс бойынша әдістемелік нұсқау


1 Зертханалық жұмыс
КИРХГОФ ЖӘНЕ ОМ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ТҰРАҚТЫ ТОҚТЫҢ ТАРМАҚТАЛҒАН СЫЗЫҚТЫ ЭЛЕКТР ТІЗБЕГІН ЗЕРТТЕУ


Жұмыстың мақсаты:

  1. тұрақты тоқтың тармақталған тізбектерінде кернеулермен тоқтардың таралу заңдылығын Кирхгоф және Ом заңдарымен зерттеу;

  2. тізбек элементтерінің электрлік шамаларын өлшеп, кедергілері мен қуаттарын есептеу;

  3. тұйықталған контурлардың потенциалдық диаграммасын сызып үйрену.




  1. Қысқаша мағлұматтар

Электр тізбегі электр қозғаушы күш (ЭҚК) көзінен, электр қабылдағыштан және басқару немесе тарату құрылғылардан тұрады. Егер ЭҚК көзінe электр қабылдағышты жалғаса тізбекпен ток жүреді. Токтың жүру бағыт ы жоғарғы потенциалды нүктеден төменгі потенциалды нүктеге қарай.
Ток пен кернеудің арасындағы байланысын Ом немесе Кирхгофтың заңдары арқылы анықтайды.
а) Пассивті тізбек құрған кезде (1.1-сурет)
Тізбектің пассивті элементіндегі кернеудің өзгерісіне байланысты токтың өзгерісі Ом заңы арқылы анықталады, мысалы пассивті тізбегіміз

1.1 сурет

онда  , яғни тогымыз тура пропорционал кернеуге;


б) Активті тізбек құрған кезде (1.2-сурет)
Тізбекте пассивті элементке бірізді активті элементті жалғастырсақ, онда тізбек активті тізбектеп есептелінеді: мысалы

1.2 сурет
мұнда  .
Жалпы алғанда тізбектің тогы электр қозғаушы күштің бағытына байланысты:

Егер кернеумен ЭҚК-тің бағыты токтың бағытымен бағыттас болса, онда олардың бағыттары (+) болады, токқа қарама-қарсы болса (-) болады.
в) тізбектің параметрлері белгілі болса (Е, r0, R), онда тұйықталған қарапайым электр тізбегіне қолданылатын толық Ом заңы:  .

1.3 сурет
Кирхгофтың I-заңы зарядтар сақталу заңы бойынша анықталады. Ережесі: «Кез келген түйіндегі токтардың алгебралық қосындысы нөлге тең». Түйінге кіретін және шыққан токтардың таңбалары әртүрлі болады.
Мысалы: тізбек тармақталынған болса (1.4 сурет).

1.4 сурет
“а” түйін үшін I1 =I2 +I3, ал алгебралық қосындысы I1- I2 –I3=0.
Заңның жалпы түрі:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет