Сұрақ: Тәжірибені қорытындыла
№3 зертханалық жұмыс
Моносахаридтерге түсті реакция
Реактивтер: сусыз глюкоза, фруктоза 1%-, 10%-тік глюкоза ерітіндісі, 1%-тік фруктоза ерітіндісі, сусыз натрий ацетаты, сірке ангидриді, мыс сульфаты ерітіндісі, ізбес сүті, бензойл қышқылы, 5%-тік CuSO4 ерітіндісі, 10%-тік NaOH ерітіндісі, фенол ерітіндісі, күміс нитратының ерітіндісі, 5%-тік глюкоза ерітіндісі.
1. 2 пробиркаға 2мл-ден Селиванов реактивін құяды, 1-пробиркаға 2 тамшы глюкоза ерітіндісін, 2-пробиркаға 2 тамшы фруктоза ерітіндісін құяды. Пробиркаларды 80оС температурада 8 мин бойы су моншасында қыздырады, бояу түсін салыстыр.
Осы тәжірибені бал ерітіндісін пайдаланып қайтала
2. 2 пробиркаға 0,5мл 1%-тік глюкоза ерітіндісін 2 не 0,5мл 1%-тік фруктоза ерітіндісін құяды 5мл концентірлі күкірт қышқылының этил спиртіндегі қоспасын қосады. Содан соң 2-3 тамшы α-нафтол ерітіндісін құяды. Сұйықтықты араластырып су моншасында 5-8 мин бойы қайнатады, қанық күлгін бояу пайда болады.
3. Пробиркаға 1мл 1%-тік глюкоза ерітіндісін құяды және оған 2 тамшы анилин фтолат ерітіндісін қосады қоспаны шайқап су моншасында қыздырады 3-5 мин соң ерітінді ашық қызыл түске өзгереді. Реакцияны 1%-тік арабиноза ерітіндісімен қайталайды.
4. Пробиркаға арабиноза кесегін салады және 1:1 қатынаста 2мл тұз қышқылы ерітіндісін қосады. Филтр қағазының жолағына 1,2 тамшы анилин 1,2 тамшы сірке қышқылын тамызады Содан соң қағазды қоспасы бар пробиркаға апарады реаксиялық қоспаны қыздырады 1-2 мин соң қағазда қығылт қызыл түс пайда болады. Пентозаларды тұз қышқылымен қыздырғанда дегидратация жүреді.
Сұрақ: Арабинозаның реакция теңдеуін жаз? Рекция теңдеуін жаз
№4 Зертханалық жұмыс
Дисахаридтердегі гидроксил топшаға реакция
Реактивтер: 1%-тік сахароза ерітіндісі, 1-тік% лактоза ерітіндісі, 20-тік% сахароза ерітіндісі, ізбес сүті, 10%-тік натрий гидроксиді ерітіндісі, 5%-тік мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісі, лактоза, натрий ацетаты, сірке ангидриді.
Достарыңызбен бөлісу: |