Құрал-жабдықтар: 25, 50, 100 мл стакандар, 10 мл өлшеуіш цилиндрлер, химиялық воронкалар, фильтр қағазы, мұз.
1. 25-50 мл стаканға 5-7 мл 20%-тік сахароза ерітіндісін құяды және тапшылатып араластырып тұрып ізбес сүтін қосады. Мыс (ІІ) гидроксиді сахароза ерітіндісінде ериді. Содан соң 3-4 мл ізбес сүтінің артық мөлшерін қосады. Реакциялық қоспаны шыны таяқшамен араластырады және 5-7 минут қалдырады. Содан соң ерітіндіні фильтрлейді. Фильтратты қыздыру кезінде кальций сахаратының ұсақ кристаллдық тұнбасы түседі. Мұзы бар стаканда реакциялық қоспаны салқындатқанда тұнба қайта ериді. Сахарозаны ерігіш кальций сахаратын түзу реакциясы өнеркәсіпте қант қызылшасынан қантты тазалау үшін қолданады.
2. Пробиркада 1,5 мл 1%-тік сахароза ерітіндісі және 1,5 мл 10%-тік натрий гидроксиді ерітіндісін араластырады. Басқа пробиркада осындай көлемде 1 % лактоза ерітіндісі (немесе мальтоза) және 10%-тік сілті ерітіндісін араластырады. Содан соң әр пробиркаға тамшылатып 5 % мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісін қосады. Бастапқыда пайда болған ақшыл көк түсті мыс (ІІ) сульфатының тұнбасы шайқағанда ериді. Ерітінділер көкшіл түске боялады. Бұл комплекс - мыс сахараты.
Сұрақ: 1) Реакция теңдеуін жаз.
2) Бұл тәжірибеден қандай қорытынды жазуға болады?
3. Тартқыш шкаф! Құрғақ пробиркада 1 г сусыз лактозаны 1 г сусыз натрий ацетатымен араластырады. Бұған 5 мл сірке ангидридті қосады. Қоспаны үздіксіз шайқап отырып 5 минут қыздырады. Пробирканы ауада салқындатады және реакциялық қоспаны араластырып тұрып мұзы бар стаканға құяды.
Сұрақ: Реакция теңдеуін жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |