Көп жағдайларда арқалыққа тегіс жүк келтірілгенін ескеру қажет болады. Жүктемелер таралуына байланысты: сызықтық, беттік, көлемдік болып келеді.
Егерде арқалық әсер етуші күштер толық жүктемелерден тұратын болса, онда бұл жағдайда есептеу қажет. Осыған мысал: судың плотинаға қысымы, транспортерде жатқан бидайдың қысымы және т.б.
Таралған күштердің ішінде ең оңайы бірқалыпты таралған (үлескен) q жүктемелер. Мұндай жүктемелер тік бұрышты төртбұрыш түрінде алынып, параллель стрелкалармен қайда бағытталғаны көрсетіледі (3.5а сурет).
Бір қалыпты таралған жүктемелер екі параметрлермен беріледі:күштін (Н немесе кН) бірлік санымен ұзындық бірлігіне (м) үлескенq – қарқындылығымен және (м) ұзындығымен.
Статикада арқалық абсолюттік қатты дене болғандықтан, бірқалыпты таралған жүктемені бір қадалған күшпен - Q= ql алмастыруға болады, ол q – бағытына бағыттас етіп алынады.
Кей бір жағдайларда, мысалы, 3.6 а суретінде көрсетілгендей арқалыққакүштерден басқа қос күштер әсер етеді. Бұл жағдайда қос күштер әсері онын моментімен өлшенеді және дөнгелек стрелка түрде көрсетіледі (3.6,б сурет).
|
|
3.6 сурет
|
3.7 сурет
|
Келесі жағдайды қарастырамыз. Арқалық үстінде салмағы жылжымалы кран, салмағы – жүкті көтеріп тұрсын. Краннын салмағы О нүктесіне келтірілген. Бұл жағдайда және күштердін әсерлері арқалыққа А және В катоктары арқылы берілгендіктен, есепті шешкенде, осы күштерді А және В катоктарының ортасындағы бір С нүктесіне келтіруге болады. Осылай келтіру нәтижесінде, краннын жүгімен қоса әсері күшінің әсеріне және күш моментіне эквивалентті (3.7б сурет).
ҚҰРЫЛҒЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПЫ
Достарыңызбен бөлісу: |