Оқытудың жаңа технологияларын музыка сабақтарында қолданудың ерекшеліктері
Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары қоғам өмірінде күннен-күнге өріс алып, казіргі Қазақстаннын экономикалық, саяси және мәдениет салаларыньщ өркендеуіне елеулі үлесін косуда. Сондықтан қоғамды кеңінен ақпараттандыру ісі казіргі тандағы Қазақстанның біркелкі даму жолына ықпал етуші жағдайлардың бірі болып отыр. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өзінің жолдауында: “XXI ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет кұрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет. Бұл орайда, Қазақстандык жоғары оқу орындарынын міндеті – әлемдік стандартқа сай білім беру, ал олардан алынған дипломдар дүние жүзі мойындайтындай болу қажет. Біз әрбір қазақстандық азаматтардың дұрыс мүмкіндіктермен жоғары білім алуына кепілдік беруіміз қажет, – деген ой айтып өтті.
Білім беруді ақпараттандыру ісі мектептердегі қамтамасыз етілген материалдық-техникалық базаның тәжірибеде қолданылу дәрежесімен анықтальш, түрлі ақпараттық ресурстардың мемлекеттік саясаттан тыс, мемлекеттік білім стандартына сәйкес жасалынуымен, мамандарды соған лайықты адекватты даярлау ісімен анықталуы керек.
Түрлі жаңа технологияларды білім беру ісінде қолдану оқу үрдісін сапалы деңгейге көтеруге, оқушыларға білім көкжиегінде шексіз білім алуға, мұғалімдердің әдістемесін дамыта отырып, білім беру үрдісін қызық және күрделі құбылысқа айналдыруға жағдай жасайды. Қазіргі замандағы оқу үрдісі, оның құраушы субъектілерін шексіз оқу ақпаратының кеңістігіне иелік етуге және әлемдік ақпаратты-білім аймағын меңгеруге баулиды. Осы орайда бұларды жүзеге асыруға кері әсерін тигізетін бірнеше факторларды атап көрсетуге болады. Біріншіден, білім нарығындағы көптеген мұғалімдердің кәсіби деңгейінің қазіргі білім беру ісіне сай болмауы бағдарламалық құралдарды дәріс барысында қолдануға мүмкіндік бермейді. Ресми ақпараттардың мәліметі бойынша, бүгінгі күні мүғалімдер әр түрлі оқу пәндерін жүргізу үрдісінде оқу жоспарынын 1/3-де ғана бағдарламалық құралдарды тек жарым-жартылай ғана пайдаланатын больш отыр. Ал бұл көрсеткіш музыка пәні саласында керісінше, яғни музыкалық педагогика ғылымында жаңа бағдарламалық құралдар жасалып, олардың сабақ барысында қолданылуы біршама дұрыс жолға койылған. Аталған сала бойынша мұғалімдерге музыка пәнін терең меңгерту мақсатында электронды оқулықтармен қатар, мультимедиялық бағдарламалар, телевизиялық оқу телебағдарламаларын ұсынған Ю. П. Аравин, А. Райымбергенов, М. Х. Балтабаев, Ж. Еңсепов сынды белгілі зерттеуші-педагогтардың еңбегін ерекше атауға болады.
Айтылған мәселеге орай, музыка пәні мұғалімі қазіргі білім беруді ақпараттандыру және оқу үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу жағдайында жас ұрпақтың музыкалық-эстетикалық тәлім-тәрбиесінің айрықша міндеттерін шешуді мақсат етуі тиіс деген ой туындайды. Бұл жерде, сан алуан альтернативтік электрондық оқулықтардың пайда болуы, музыкалық тәрбие жөніндегі оқу фильмдері мен мектеп оқу телебағдарламаларының көптеп жарыққа шығуы музыка пәні мұғалімінің жоғары денгейдегі кәсібилігін кажет етеді. Әрине, кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалімдерді даярлау ісі – бұрыннан келе жаткан күрделі мәселелердін бірі. Педагогика ғылымының тарихын зерделесек, онда түрлі ғылыми-педагогикалық зерттеулердін, әр түрлі тарихи кезеңдерде жасалынған жұмыстардың молдығына көз жеткізуге болады.
Жаңа инновациялық технологияның даму тарихын қарастырғаңда мектеп пәндері бойынша мынадай көз саларлық жағдай анықталды. Ауылдық жалпы білім беру мектептеріне арналған мектеп техникалық орталығының экспериментальді үлгісі жасалған, сондай-ақ оның педагогикалық мүмкіндіктерін жүзеге асырудың әдістемесін Т. Қ. Нұрғалиев ұсынды.
Қазақстан Республикасында жаңа инновациялық технологиялардың негізінде білім беруді ақпараттандыру саласындағы зерттеу жұмыстары Б. Б. Баймұханов, Е. Ы. Бидайбеков, Д. М. Жүсібалиева, Ж. А. Қараев, Г. З. Қазиев, С. С. Құнанбаева, Г. Қ. Нұрғалиева және өзге де ғалымдардың ғылыми мектептерінде белсенді түрде жүргізіліп келеді. Алайда қазіргі танда білім беруді ақпараттандырудың бірінші жеделдетілген үрдісі ретінде педагогикалық кадрлар дайындығының барлық жүйесін дәстүрлі маман дайындау саласының бай арсеналын сақтай отырып, сондай-ақ оған интеградияланған ыңғаймен келе отырьш, жаңа инновациялық технологияларға көшіру міндеті көзделіп отыр.
Ғылыми әдебиеттерге жасалған шолу мен нақты жүргізілген тәжірибелер кадр дайындығының дәстүрлі қалыптасқан жүйесіне, оқыту үрдісіне қазіргі жаңа инновациялық технологияларды белсенді түрде енгізу әрекетінде байқалатын басым қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік берді; ал бұл мамандардың кәсіби дайындығының барлық жүйесін жаңартудын объективті жағдайын жасай алады. Бұл жердегі назар аударатын нақты мәселе, бір жағынан, инновациялық технологияның жаңа денгейде дамуы мен оның көбеюі болса, екінші жағынан, болашақ музыка пәні мұғалімдерін дайындаудағы ғылыми-негізделген әдістеменің болмауына келіп тіреледі.
Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені мәлім. Әлемнің бірнеше елінен сынықтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытты қамтиды. Олар мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: |