1. Құзыретілік және құзырет ұғымдарының арақатынасы
2. Құзыреттілік түрлері
“Құзірет” ұғымы
«Құзыр» (компетенция) - қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау.
Құзірет дегеніміз (латынша “competentia” - компетенция) – құқы бойынша қандай да бір мекеменің немесе адамның өкілет шеңбері, адамның танымы, тәжірибесі бар сұрақтар шеңбері.
Құзірет – адамның компетенттілігінен көрінетін ішкі, потенциалды, жасырын, психологиялық жаңадан пайда болған түр (білім, т үсінік, әрекет алгоритмі, құндылықтар мен қатынастар жүйесі).
«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында американдық ғалым Н.Хомский енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген түсінік берді.
7.12. 1928-2008 ж. Құзыреттілік - студенттердің іс-әрекетін меңгеруден көрінетін білім нәтижесі. Құзыреттілік жеке тұлғаның танымы мен тәжірибесіне қатысты нәрсе. Студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар,
психологтар еңбектерінде көрініс табуда.
Оқыту үрдісіндегі құзыреттіліктерге ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген.
Құзыреттілік мәселесі бойынша - А.Дорофеев, В.С.Кульневич, Г.Селевко, Л.А.Петровская, Т.Е.Исаева, А.В.Хуторской, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, В.Д.Шадриков, Г.Ж.Менлибекова,
Б.Т.Кенжебеков, Дж.Равен, С.И.Ферхо, Ю.Г.Татур, И.А.Зимняя, В.Байденко, С.Е.Шишов, Ш.Таубаева, М.Ж.Жадринаның, Д.П.Мучкиннің, А.Арғымбаеваның, К.Л.Кабдолова мен
Г.У.Кунакованың, Р.Дәулетованың, В.Е.Гаибова мен А.П.Чернявская, А.Б.Изделеуова еңбектерін талдау құзыреттілік ұғымының мәнін нақтылауға мүмкіндік береді.
Құзіреттілік ұғымы екі тұрғыдан сипатталады:
1) нақты білімдері мен дағдылары арқылы кейбір міндеттерді шешуге атсалыса алатын немесе мәселені өз бетінше шеше алатын жеке тұлға мүмкіншіліктері;
2) танымдық және тәжірбиелік іс-әрекеттердің теориялық тәсілдерін меңгеру дәрежесімен анықталған жеке тұлғаның білімділік деңгейі;
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, педагогикалық- психологиялық әдебиеттерде кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үрдісінде екі ұғым: құзыреттілік (компетенттілік) және
құзырет (компетенция) ұғымдары маңызды рөл атқарады.
«Қазақ Совет Энциклопедиясының» орысша - қазақша сөздігі: құзыреттілік ұғымына «хабардар, жетік, терең білетін» деп, ал құзырет «хабардарлық, міндет, қызмет бабы» деп анықтама берілген. Құзыреттілік түсінігі көп аспектілі жан-жақты ұғымды білдіреді.
Н.Кузьмина, А.Маркова, К.Махмурян бойынша: Құзыреттілік - білім, білік ұғымдары арқылы анықталатын тұлғаның жеке қасиеті.
Д.Ж.Равен, Р.Уайт, Х.Хершген бойынша: Құзыреттілік- тұлғаның ерекше қабілеті. Б.Тұрғынбаева: «…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын - құзырлылықтар деп атаймыз». Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық» дегеніміз педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі
мен абыройлылығы». Ш.Таубаева: «Құзыреттілік - ол тұлғаның оқыту мен әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен т әжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті».
К.Құдайбергенова: «Құзыреттілік» ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан-жақты
хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді.
Куюткин бойынша: құзыреттілік-тұлға мінездемесі. С.М.Вешниякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Құзыреттілік (латын сөзі) competenens-қабілетті, қатысты деген мағынада. Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама берілген. А.В.Баранниковтің айтуынша: «Құзыреттілік дегеніміз өз бетінше іске асырылатын қабілеттілік, ол оқушының алған білімдеріне, өмірдегі тәжірибелеріне, құндылықтарына негізделеді». Коджаспирова: құзыретті педагог болу үшін, белгілі бір
педагогикалық іскерлікті меңгеру керек. Дж. Равен: «құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама береді.
Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, «құзыреттілік» ұғымы - студенттердің жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама
береді. Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың төрт аспектісін ажыратады: түйінді құзыреттер; жалпыланған пәндік біліктіліктер; қолданбалы пәндік біліктіліктер; өмірлік дағдылар;
«Құзыреттілік» ұғымы төмендегі құзыреттерді қамтиды: шектеулер мен ұйғарымдарды ескере отырып әрекет етуге қабілеттілік; білім мен білікті тиімді пайдалану; құнды бағдарлар, дәлелдер, қарым-қатынас; қандай да бір сала бойынша білім мен тәжірибе; белгілі бір мәселелер шегінде хабардар болу; кәсіби шеберлік, креативтілік деңгейі; міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін қасиет.
“Құзырет”- ұғымы тұлғаның даму деңгейі немесе білім беру нәтижесі ретінде қаратырылады.
Ал құзыреттілік - құзырет ұғымының туындысы. Сондықтан құзыретті, құзыреттілікті білім сапасын бағалаудың негізгі критерийлерінің бірі деп қарастыруымызға болады.
А.В.Хуторской: құзыреттер - адамның өзара байланысты қасиеттер жиыны (білім, білі, іскерлік, дағды). Құзыреттілік - бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігін айтады. Сонымен, оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |