Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы, оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады. Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі. Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады», – айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалықтары, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.
Музыка – педагогикалық инновация білім берудің негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталуы қажет. Мектептегі музыкалық инновациялық үрдісті басқару моделі жалпыға бірдей міндетті білім беру мақсаты, мазмұны және оқу-тәрбие үрдісіне ендірілетін жаңалықтар сипаттары арасындағы қисынды байланыстар есепке алынып құрылуы қажет.
Білім беру стандарттарын жүзеге асыру инновациялық үрдістің қажеттілігін келесі себептерден байқатады:
Сапа менеджмент жүйесі терең, тиянақты білім беруді талап етуіне қатысты озық технологияларды пайдаланып, оқытуда зерттеушілік, шығармашылық, музыка – педагогикалық қызмет сипатын қажет етеді.
Білім беру мақсатына қатысты жеке бағдарлы қазіргі заманғы музыка – педагогикалық қызметті ұйымдастыру, гуманистік тәсілдеме жасау білім беру үрдісіне қатысушылардың барлығының жалпы дамуын жүзеге асыруға инновациялық үрдістер себепкер болып, сапалы жаңа білімді калыптастыруға ықпал жасайды.
Музыка – педагогикалық шығармашылықтың, құрамды бөлігі есебінде жеке инновациялық қызмет музыкант-педагогтың кәсіби өсуі, тұрақты өзін-өзі жетілдіруі, озық тәжірибелерді зерделеп, игеруі бойынша шығармашылықпен өзінің жауапкершілік сезімін арттырады.
Білім берудің сапалануы, бәсекелестікке лайықты болуы, педагогикалық әлемде жаңа кұндылықтарды қалыптастыру, қарым-қатынастың жаңа, жетілдірілген музыкалық мәдениетін көтеріп, қоғамдағы рөлін дамуын арттырады.
Инновациялық үрдістер білім беруді сапаландырудың тасымалдаушы инструкциясы есебінде музыка – педагогикалық саналылық пен белсенділікті қалыптастырып, кәсіби шеберлігін шығармашылықпен үйлестіру арқылы талаптар деңгейінде еңбек етуге жеткізеді.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа талаптарға лайықты музыкалық білім беру жүйесі жүзеге асып келеді. Бұл үрдіс оқу-тәрбие үрдісінің музыка – педагогикалық теориясы мен іс-тәжірибесін мәнді өзгерістермен халықаралық білім беру деңгейіне жетуді көздейді, сапа менеджменті жүйесімен байқалады. Музыкалық білім беру жаңа тәсілдеме, педагогикадағы озық, жаңа технологияларды, жаңалықтарды зерделеп, жетілдіріп, түрлендіріп, дамытып жүзеге асырылуын, жауапкершілігін алға қояды. Музыкалық білім беру мазмұны өмірдің барлық салаларының дамуымен жаңа халықаралық деңгейге сай болу талаптарымен білім мазмұны сапасының артуы заңдылық, салыстырмалы түрде озық ойларды, технологияны зерделеп шығармашылықпен, тәжірибе негізінде музыка – педагогикалық инновациялық технологияның жетілуі жаңа белеске көтеріледі.