Смарт құрылғылардың қажеттілігі :
Сабақты қызықты етіп, оқушылардың қызығушылығын арттырады;
Жеке және әлеуметтік қабілеттерін арттыра отырып, топпен жұмыс жасауға көмектеседі;
Сақтау және баспаға басу мүмкіндіктері арқасында жазудан құтқарады;
Материалды түсінікті, көрнекі әрі эффектілі етіп беру арқасында оқушылардың қиын материалдарды да түсінуін жеңілдетеді;
Оқушылардың өздеріне деген сенімі артып, шығармашылық жұмыс жасаулары артады;
Оқушылардың сабақтан тыс та көп қызықты жұмыстар жасауына да көмектеседі;
Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді. Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді де музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару - ұстаздардың басты мақсаты.
Осы бағытарда сабақты түрлендіруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін. Мысалы: интерактивті тақтамен жұмыс, мультимедиалық көрніспен, жаңаша тапсырмалар арқылы сабақты түрлендіре отырып өткізуді дәстүрге айналдырдым.
Музыка сабақтарында да электронды оқулықтарды тиімді пайдалануға мүмкіндік бар. Бұл мұғалімнің магнитофон, күйтабақпен жұмысын жеңілдетеді, тақтаға ән мәтінін жазу уақытын үнемдейді. Оқушыларға әр түрлі өлеңдердің әнін тыңдауға, оған өзгертулер енгізуге, өздері орындаған өлеңдерді компьютер арқылы тыңдауға мүмкіндік береді.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын тақырыптарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
Компьютердің кең мүмкіндіктері музыка пәнінен фонотека, мәліметтер қорын жасақтап, толықтырып отыруға мүмкіндік береді, оларға қол жеткізуді оңтайландырып, сұрыптау мен іріктеу мүмкіндіктерін жетілдіреді.
Осылайша, ақпараттық технологиялар педагогтарға өздерінің жұмысын сапалы тұрғыдан жақсартып, әдістері мен формаларын өзгертіп, оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін толық сақтау мен дамытуға, оқытудағы пәнаралық байланыстарды нығайтуға, оқу үдерісін ұйымдастыруды үнемі динамикалы жаңғыртуға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Ал басты артықшылығы – дәстүрлі оқу үдерісін түрлендіріп, оған жаңаша көзқарастарды тиімді енгізуге мүмкіндік беріп, оқушылардың білім алуын қызғылықты әрі жеңіл ету. Оқушылардың қызығушылығы, белсенділігі артса, сабақта білім сапасының артатыны сөзсіз.
Қызығушылық – бұл тұлғаның белгілі бір саламен байланысты бағыталуының басты компонентерінің бірі. Адам өзін қоршаған ортадан өзіне маңызды мен құндыны таңдауға құқылы, бұл оның жалпы мәдениеттік деңгеінің көрсеткіштерін анықтайды. Адамға зерттелетін нақты пән ғана емес, оны тану жолы да қызықты болуы үшін оқу қызығушылыққа айналатындай жағдай жасап, оқу-танымдық үдерістің тартымды әсерін молайту қажет.
Қарапайым тақта мен борға қарағанда, әрине заманауи технологиялар білім алушыға көбірек әсер етеді.Себебі заман ағымы, бағыты солай болып келе жатыр.Тәжирбемнен байқағаным, тақтаға ілінген суретке, кестеге қарағанда флипчарттағы немесе слайдтағы аудиожазбасымен берілген материалдарға оқушы көбірек қызығады.Себебі, оқушыға қатып тұрған суреттен немесе кестеден гөрі өз қолымен орындайтын жаттығулар ұнайды. Міне, осыдан-ақ оқушы үшін де, ұстаз үшін де электронды көрнекіліктердің маңызы аса жоғары екеніні байқалады.
Ұлы неміс педагогы А. Дейстербергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» - дегенді. Содықтан да оқушы белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол жаңа инновациялық әдіс- тәсілдері болып табылады.
Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.
Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.
Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық, нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, кластың білім сапасы көтерілді. Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын.
Smart education оқытушыға сабақты әзірлеуде техникалық талаптарға уақыт кетірмей, арнайы дайындалған модуль түрінде жүзеге асырылған контентті қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай модульдер технологиясының көмегімен білім контентін кез келген ретте автоматты түрде жинақтауға болады. Ақылды білім беру – белсенді емес контенттен онлайн, интерактивті, белсенді оқыту контенттеріне ауысу болып табылады. Smart education білімнің синхронды жеткізілу шарттарын жасауға мүмкіндік береді: кеше сайтта болса, бүгін оқу материалында қолдануға болады. Ал, дәстүрлі білім бүгінгі таңда интернет ресурстары мен мультимедиа каналдарында орналасқан
ақпараттармен салыстырғанда тар көлемде білім береді. Ал, жаһандану мен жаһанданудың жылдамдығын арттырушы күштердің бірі ретінде ақпараттық және коммуникациялық технология саласындағы ілгерілеу күнделікті өмірімізге үлкен өзгерістер әкелуде және ақпарат ағынының көптігі үлкен алаңдаушылық туғызуда.
Сондықтан да, білім беру саласында жүргізіліп отырған ауқымды реформалар ұстаздарға еліміздің әрбір азаматы кәсіби біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті болатындай, ой-өрісі жаңашыл тұлғаны даярлауды міндеттейді. Мұғалімнің білімі мен біліктілігі жоғары деңгейде болғанда ғана баланың білім сапасының жоғары болатыны анық.
Достарыңызбен бөлісу: |