Иондық байланыс. Химиялық қасиеттерінің арасында үлкен айырмашылықтары бар элементтер бір бірімен әрекеттесіп ионды қосылыстар түзеді. Екі атомның арасындағы қос электронның сол атомдардың біреуіне толықтай көшуінің нәтижесінде түзілген иондар арасындағы химиялық байланысты иондық байланыс деп атайды. Иондық байланыстың негізгі теориясын 1916 жылы Коссель ұсынды.
Коссель теориясының негізгі қағидалары мынадай:
1. Сыртқы қабатында 2 немесе 8 электроны бар инертті газдар химиялық жағынан өте инертті, олардың сыртқы электрон қабаты өте тұрақты .
2.Атомдар молекулаға біріккенде, электрон беру немесе қосып алу арқылы сыртқы қабаттарын инертті газдардың сыртқы қабаттарына ұқсатқысы келеді.
3.Әрекеттесуші атомдардың электронын беріп жібергені оң зарядты ион- катионға айналады, ал электрон қосып алғаны - теріс зарядты ион - анионға айналады.
4. Иондық байланыс түзілгенде, бір атомның электрон бұлты екінші атомға толық ауысады. Иондық байланыс негізінде І және VІІ топтың элементтері арасында түзіледі.
-e Na Cl
Na (1S22S22P63S1)
Cl (1S22S22P63S23P5)
Na+ 2S22P6 - инертті газдың қабатына ұқсас
Cl- 3S23P6 - бұл да инертті газдың қабатына ұқсас
5. Иондық байланыс түзілу үшін 1-ші атомның иондану энергиясы 2-ші атомның электрон тартқыштығынан аз болу керек.
Ионды қосылыстарды негізінен металдар мен метал еместер түзеді. Металл атомы мен металл емес атомының арасында түзілген қос электрон электртерістігі басым металл емеске толықтай ауысып кетеді. Осының нәтижесінде электрондарынан айрылып қалған металл оң зарядталады. Пайда болған оң зарядты металл ионы мен теріс зарядты металл емес ионы бірін-бірі элетростатикалық күшпен тартып қосылыс түзеді.
Мысалы,
К 0 – е К +, Ғ 0 + е Ғ - . . . . К . +. Ғ: К+ :Ғ:- К Ғ
. . . . Иондық байланыс арқылы түзілген қосылыстарды иондық қосылыстар дейді. Мысалы: NaCl, CaS, CuO, Mg3N2 т.б.