10 апта: Мерекелер


-сабақ. Шетелде білім алу: академиялық ұтқырлық



бет6/13
Дата10.05.2020
өлшемі312,1 Kb.
#66911
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
А2 деңгейі сабақ жоспары



2-сабақ. Шетелде білім алу: академиялық ұтқырлық.



Эразмус+ бағдарламасы аясындағы академиялық ұтқырлық бағдарламалары


Эразмус+ бағдарламасы аясында студенттер қысқа мерзімді ұтқырлық бағдарламасына да қатыса алады. Бұл бағдарлама әртүрлі елдердің университеттері арасында жасалған екі жақты келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. Осы бағдарламалар бойынша студенттер шетелдік жоғары оқу орындарында 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өте алады. Бағдарлама бойынша оқуға түскен студенттер барлық шығындарын өтеу үшін жұмсалатын шәкіртақы алып тұрады.

Эразмус+ бойынша қысқа мерзімді ұтқырлық бағдарламасының негізгі мақсаты – Европада жоғары білім беру сапасын арттыру, Евроодаққа қарасты мемлекеттер мен Европа елдері студенттерінің арасында мәдени байланыс пен ұтқырлықты нығайту. Эразмус+ университеттерге өзара ынтымақтастық байланыс жасауға мүмкіндік береді және осы бағдарлама бойынша шетелде білім алушылардың оқу мерзімі (бағдарламаның барлық шарттарын мүлтіксіз орындаған жағдайда) олар елге оралғанда толығымен есепке алынатынына кепілдік береді.

Европалық комиссия бағдарламаға төмендегідей мақсаттар қояды:  


  • Европа елдерінде студенттердің лингвистикалық және мәдени түрде сауатты білім алуын дамыту;

  • Институттар арасындағы ынтымақтастық байланысты нығайту және қабылдаушы мекемелердің білім беру деңгейін арттыру.

  • Жастардың кәсіби білікті және келешекте бәсекеге қарсы тұра алатын, халықаралық еңбек нарығында тәжірибелі маман ретінде қалыптасуына ықпал ету.

Үміткер бағдарламаның мүмкіндігін тек бір рет оқу үшін және бір рет өндірістік тәжірибеден өту үшін ғана пайдалана алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет