Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, құттықтаулар жазыңыз.
Зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат, таусылмас талап, ұзақ өмір, беделді де сыйлы, еңбекте табыс, шаңырақтарың биік болсын, керегілерің кең болсын, сәбидің күлкісі естілсін, мөлдір махаббат, ұзақ өмір, қадамы құтты болсын, өмірлі болсын, сүрінбесін, әкім болсын, есен-аман болсын.
Басшыңызды мерейтойымен құттықтаңыз.
Көршіңіздің баласының тұсау кесер тойымен құттықтаңыз.
2-сабақ. Наурыз мейрамы.
Наурыз- парсы сөзі, қазақшасы «Жаңа жыл», «күн» дген ұғымды білдіреді. 22наурыз – бүкіл Шығыс халықтарының мерекесі. Бұл – күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Наурыз күнін адамдар жаңа жылдың басы–ұлыстың ұлы күні деп атап, зор қуанышпен қарсы алған. Наурыз күні халық таза киініп, бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарқанын барынша мол жаяды.
Наурыз – діни мейрам емес, жалпы халықтық,мереке. Наурыз – табиғат мейрамы, аса зор салтанат, ұлы жиын. Бұл күні қандай күнә болса да кешірілуі тиіс, жеке адамдар арасындағы бас араздықтар да кешірілуі тиіс.
Бұл күні адамдар бірін-бірі мынадай сөздермен құттықтаған: «Ұлыс құтты болсын», «Ақ мол болсын», «Төрт түлік ақты болсын», «Ұлыс береке берсін», «Бәле жала жерге енсін»! Сөйтіп адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның аяғы ойын-сауық, ән-күйге жалғасады.
Наурыз көже азықтың жеті түрінен жасалады. Қазақстанның әр жерінде көженің құрамына салынатын азық-түлік әр түрлі болғанымен, жетіден аспауы керек. Наурыз көженің құрамына негізінен бидай, тары, күріш, ет, тұз, сүт, су, т.б. қосылу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |